Тақырыбы: Вакцинация және ревакцинацияның маңыздылығы Орындаған: Асқарова Нағима Тобы: Қб -107 тобы Түркістан 2023 жоспар


Вакцинация және ревакцинацияның маңыздылығы, оларды ұйымдастыру және жүргізу шаралары



бет6/8
Дата13.10.2023
өлшемі0,81 Mb.
#185314
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Курстық жұмыс Асқарова Н
Ospanova i dr, Ospanova i dr, Джакомо Маттеотти, Джакомо Маттеотти, Лекция Физика 1-каз, 2 5213416116327550609, 2 5213416116327550609, 2 5213416116327550609, A3DXls0yyooJ2ODo8Xs9MVRUyD1jL7sefH6wTgiK-1, A3DXls0yyooJ2ODo8Xs9MVRUyD1jL7sefH6wTgiK-1, 4-то сан бойынша жиынты ба алау а арнал ан тапсырмалар Б лім «Ж, 7-с ТЖБ 4-т әдебиет, Frakcionnyj.sostav.nefti, Презентация Microsoft Office PowerPoint (3) (копия), группавой кооператив
2.3 Вакцинация және ревакцинацияның маңыздылығы, оларды ұйымдастыру және жүргізу шаралары
«Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының бас санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 05-05/12 қаулысынаа сәйкес, КВИ-ге қарсы бірқатар профилактикалық шаралар, оның ішінде вакцинация мен ревакцинация да қарастырылған :
1. Комирнати вакцинасын (Pfizer, АҚШ) алуға жүкті әйелдер мен бала 2 жасқа толғанға дейін лактация кезінде босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейінгі (42 күннен соң) әйелдер жатады.
Жүкті әйел жүктілікке дейін немесе жүктіліктің алғашқы 12 аптасында вакцинаның бірінші дозасын алған жағдайларда, екінші компонентті алу жүктіліктің 16-дан 37 аптасына дейін ұсынылады..
Екі екпе арасындағы ұсынылатын аралық 12 аптаны құрайды .
2. Жүктілікке дейін КВИ-ге қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған әйелдер вакцинацияның бастапқы курсы жүктіліктің 16-дан 37 аптасына дейінгі кезеңде Комирнати вакцинасының (Pfizer, АҚШ) бір дозасымен аяқталады.
3. КВИ-ге қарсы вакцинацияға жатпайтындар:
- тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар;
- КВИ-дің жіті және симптомсыз түрі бар адамдар.
4. Жіті жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бар адамдарды вакцинациялау сауыққаннан немесе ремиссиядан соң 2-4 аптадан кейін жүргізіледі. Жіті ішек ауруларында вакцинация денсаулық жағдайын қалыпқа келтіргеннен кейін жүргізіледі.
5. Жұқпалы ауруы, оның ішінде КВИ бар науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар карантиндік кезең аяқталғаннан кейін егіледі.
6. Вакцинация алдында КВИ-ге қарсы антиденелердің бар-жоғына скрининг (ИФА және ПТР зерттеу) жүргізілмейді.
7. КВИ кез келген түрімен ауырған адамдар сауығып кеткеннен кейін 6 айдан соң және вакцинация алдында жағдайы бағалауды ескере отырып, толық егіледі. Сонымен қатар, сауығып кеткеннен кейін 3 айдан соң вакцина алуға рұқсат етіледі.
8. КВИ-ге қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғаннан кейін ауырған адамдарды екінші дозамен вакцинациялау сауығудан кейін 90 күннен соң жүргізіледі.
9. Екінші доза уақтылы салынбаған жағдайда вакцинация курсын қайта бастау ұсынылмайды, жетіспейтін доза егіледі.
10. КВИ-ге қарсы вакцинация қатаң түрде жеке куәлікпен жүргізіледі. Вакцинацияға келген адамдар медициналық маскада болуы керек .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет