2.3 Вакцинация мен ревакцинацияның Қазақстан Республикасындағы статистикасы
Сурет 1- ҚР профилактикалық екпе егу ұлттық күнтізбесі
2022 жылғы 8 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер үшін COVID-19-ға қарсы вакцинаның немесе ревакцинацияның құжаттық растауын (COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы), ал олар болмаған кезде ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде ПТР әдісімен COVID-19-ға зерттеудің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну туралы міндетті талапты алып тастау туралы шешім қабылдады.
Бұған дейін ҰКП бұл талапты алып тастау туралы мәселені бірнеше рет көтерген.
Қазақстанда вакцинация ерікті болып табылады. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцинация егілетін адамның тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі.
Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген, кез келген қысым көрсету заңсыз болып табылады .
Ресейлік «Спутник V» вакцинасының сапасы жеткілікті деңгейде тексеруден өтті ме?
Аталған вакцина Ресей Федерациясында мемлекеттік тіркеуден өтті және бірнеше ай бойы халықтың осал топтарын иммундау үшін қолданылып келеді. Ресей Федерациясының Тікелей инвестициялар қорының мәліметтері бойынша бұл вакцинаны сатып алуға 50-ге жуық мемлекет өтініш берген, ал кейбір елдер (Беларуссия, Аргентина, Сербия) қазірдің өзінде оны сәтті қолдануда.
Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына тіркелмеген дәрілік заттарды әкелу кезінде дәрілік заттың сапасын растайтын өндірушінің қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы бар құжатының электрондық көшірмесі болуы қажет (талдау сертификаттары немесе сынақ есебі немесе сапаны бағалау көрсеткіштері бар сапа паспорты). Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №850 қаулысымен Қазақстан Республикасында өндірілген COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу ережелері бекітілді.
2021 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР-да Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасын пайдалана отырып, КВИ-ға қарсы вакцинация басталады. Одан әрі 15 ақпаннан бастап вакцинациялау процесіне Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қосылатын болады .
2021 жылдың 2 тоқсанынан бастап вакцинациялау процесіне отандық өндіріс - QazCovid-In препаратын қосу жоспарланып отыр, бұл вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың 3-кезеңінен өтуде.
Вакцинацияның электрондық паспорты дегеніміз – бұл вакцинаның медициналық тарихы. Бұл вакцина қабылдайтын халықты бақылау және мониторинг жүргізу және үздіксіз жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі модуль (функционалдылық). Қазіргі уақытта Вакцинацияның электрондық паспортын әзірлеу аяқталып келеді. Паспорттың жұмыс қабілеттілігі медицина қызметкерлері үшін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық ресурстары арқылы, ал пациенттер үшін - eGov Mobile мобильдік қосымшасын пайдалану арқылы іске асырылатын болады.
Вакцинацияның электрондық паспорты вакцинация ем-шарасынан өткеннен кейін тікелей eGov Mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді болады. Вакцинацияның электрондық паспорты азамат туралы, ол алған вакцинаның түрі, вакцинация ем-шарасының кезеңділігі, сондай-ақ вакцинациядан кейінгі кезеңдегі бақылау туралы ақпарат қамтылады.
Ревакцинация - бұл вакцинациядан кейін алынған иммунитетті сақтауға бағытталған қайта егу және вакцинация коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмаудың жалғыз әдісі .
Халықты ревакцинациялаудың арқасында коронавирусқа қатысты жағдай біршама реттелетін болады. Вакцинация ағзаның иммунитетін әлсіретеді деп алаңдаудың қажеті жоқ, бұл жаңсақ пікір | Пайдалану шарттары: Барлық құқықтары қорғалған. Ресми тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары сайттағы материалдардағы мәтіннің негізгі мағынасын сақтай отырып тек үштен бір бөлігін ғана көшіріп, қайта басып, ретрансляциялауға рұқсат және ақпарат көзі - ustinka.kz парақшасына гиперсілтеме болуы міндетті. ustinka.kz материалына гиперсілтеме қолданылған материалдың бірінші немесе екінші сөйлемінде көрсетілуі керек. Материалды Instagram, Facebook, Одноклассники немесе ВКонтакте интернет-қоғамдастықтарында қолдануға ақылы немесе ортақ пайдалану бойынша келісімшарт негізіндегі редакцияның жазбаша келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Авторлық және сабақтастық құқықтарды бұзу бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес заңгерлік жауапкершілік қарастырылған.