Клиникалық көрінісі. Ауру екі кезеңде өтеді: ұстама аралық және ұстама кезеңі (бүйрек шаншуы). Аурудың дамуы және көрінісі тастың мөлшерінен, бүйректегі қабыну өзгерістерден тәуелді болады
Клиникалық көрінісі. Ауру екі кезеңде өтеді: ұстама аралық және ұстама кезеңі (бүйрек шаншуы). Аурудың дамуы және көрінісі тастың мөлшерінен, бүйректегі қабыну өзгерістерден тәуелді болады.
Клиникалық көрінісі. Ауру екі кезеңде өтеді: ұстама аралық және ұстама кезеңі (бүйрек шаншуы). Аурудың дамуы және көрінісі тастың мөлшерінен, бүйректегі қабыну өзгерістерден тәуелді болады.
Ұсақ тастар, тұздар ауырсыну бермеуі мүмкін. Тұз оқтын соқтын зәрмен шығарылып тұрады, кейде несеп ағардың шырышты қабатының тітіркенуінен ауырсыну болуы мүмкін. Егерде тостағаншада құм ғана болса ауру созылмалы болсада ауырсыну бермеуі мүмкін.
Түбекте жатқан үлкен тастар ұзақ уақытқа дейін қозғалмай науқасты мазаламайды. Бұл тастар көбіне шырышты қабатын тітіркендіріп бел аймағында сыздаған ауырсыну береді. Өз бетімен сыртқа шығалмайтын тастарда ауру созылмалы түрге айналып, оған инфекция қосылып үнемі ауырсынудан науқастың жағдайы нашарлай бастайды, пиелит және пиелонефрит қосылады.