1. Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»
Мақсаты: қыс мезгілі туралы білімдерін толықтыру және бекіту.
Барысы: балаға доп лақтырыла отырып, сұрақ қойылады. Бала допты кері лақтыра отырып, сұраққа жауап беруі керек.
- Қазір қай мезгіл? - Қайдан білдіңдер?
- Қыста күн қандай? - Қар туралы не айтасыңдар?
- Мұз қандай болады? - Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
2. Коррекциялық ойын: «Боранды даладағы қар»
Мақсаты: Тыныс алуды дамыту.
Барысы:- Біз сенімен қыс мезгілі туралы әңгімелеп отырғанда далада қар жауып, бізге нағыз қарлар ұшып кіріпті. Қараңдаршы, олар қандай?( тақтаға жіпке байланған қарларды ілу).
-Кәнеки, қарларымызды ауада қозғалтайықшы. Мұрынмен дем алып қырауымызға үрлейік. (жаттығу барысында балалар иықтарын көтермей орындауын бақылау керек. Жаттығуды 3-5 рет қайталау)
Сергіту сәті «Біз аулада ойнаймыз»
Бір, екі, үш, төрт, бес.
Біз аулаға шығамыз тез.
Аққала жасаймыз.
Құстарға нан шашамыз.
Таудан сырғанаймыз.
Қарға аунаймыз.
Енді үстімізді қағамыз.
Үйге қарай қайтамыз.
3. Дидактикалық ойын: «Қыста не болады?»
- Біздің қар ұшқындары ұшып бізге тапсырмалар тастап кетті. - Қыста не болады, табиғатта қандай өзгерістер болатынын айтып беріңдер? ( әр бала бір суреттен алып қыс туралы әңгімелеп береді).
4. Дидактикалық ойын: «Сөз тап»
Боран ( не істейді? – борайды, гуілдейді, соғады........)
Қар ( не істейді? – жауады, ұшады, түседі, айналады.........)
Балалар ( не істейді?- қыдырады, сырғанайды, ойнайды, көңіл көтереді.......)
Саусақ жаттығуы «Аққала жасаймыз»
Қарды ұстап қолменен,
Біз аққала тұрғыздық.
Үш дөңгелек жасадық:
Біріншісін кіші,
Екіншісін орташа,
Үшіншісін үлкен қылып.
Неткен болды тамаша,
Көз тоймайды қарасақ.
5. Коррекциялық ойын: «Біздің аққала»
Барысы: Аққаланың суретін бастырып, бояу.
|