Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет444/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   565
Байланысты:
2

Keywords: 
national consciousness, Kazakhstan patriotism, humanism, tradition. 
Тіл адамның дүние танымдық әлемін бейнелейтін айна іспеттес. Тіл екі әлемді: адамнан тыс, яғни 
оны қоршаған әлемді және адамның ішкі әлемін танытады. Тіл тұлғаны қалыптастырушы қару әрі құрал 
болып саналады. Біз ата-бабамыздан жеткен тіл арқылы, әрі сол тілде жинақталған мәдениет арқылы өсіп 
өркендеп келеміз. Қазақ тілін білмеген қазақтан Қазақстанға пайда келмейді. Осы орайда newsasia.kz 
ақпарат агенттігіне сұхбат берген Әбдіуақап Қара мырза келесі бір керемет ойды айтады: 
Мен өзім 
зерттеуші болғандықтан бұл мәселені зерттедім, ойландым, толғандым. Мынадай бір пікірге келдім. 
Адамның санасы да тәуелді болады екен. Тек қана мемлекет тәуелді болмайды екен. Адамның санасы 
өзінің ұлтына емес, басқа бір ұлтқа тәуелді болады екен. Басқа бір ұлтты ұлы көріп, өзінің шыққан тегін 
төмен санап, менсінбеушілік болады екен. Соны сананың тәуелділігі дейміз. Саяси тәуелсіздікті бір 
күнде, бір секунтта алуға болады. Айталық Қазақстан 1991 жылы, 16-желтоқсанда бір күнде тәуелсіз 
болып шыға келді. Ал сананың тәуелсіздігі дәл солай бір күнде келе салмайды. Оған ұзақ уақыт керек. 
Өйткені сіз жетпіс жыл бір идеялогияның жетегінде жүрсеңіз, одан шығуыңыз оңай емес. Әсіресе, жасы 
егде тартқан адамдар сонымен өзгермей бейітке дейін барады. Кеңестік идеологиядан арылу үшін ұрпақ 
ауысу керек. Санасы тәуелді адам өз халқына сенбейді. Онда өзінің келешегін көрмейді. Сондықтан 
санасы тәуелді адам баласын қазақ балабақшасына бермейді. Қазақ қоғамының болашағы жоқ, қазақша 
оқыса ертең жақсы жұмысқа орналаса алмайды деп түсінеді [
1
]. Және осы жерде айтып кететін жағдай 
санасы тәуелді адамның өзінің санасының тәуелді болып жатқанын білмеуі. Саясаттың тілі, шаруашы-
лықтың тілі, тұрмыстың тілі қазақ тілі болмай барлық жұмыс бекер болып қала береді.
Қай заманда да әр адамның санасындағы аса мазмұнды және құрметті мәртебеге ие ұстаным – ол 
отансүйгіштік сезім болып келгені ақиқат. Бұл туралы әлемдік және төл тарихымыздың әр бетінен негізгі 
дерек табылады. Туған елінің құндылықтарын, әсіресе тілі мен мәдениетін әрдайым құрметпен жоғары 
ұстап, ол құндылықтарды басқа ұлттар мен ұлыстарға, мемлекеттерге тарату да - отансүйгіштіктің белгісі. 
Қазақстандық патриоттық ұстанымның негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, 
тәсілі, заңдылықтары, қағидаттары, құралдары бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбие арнасында солардың 
бірінің негіздері болмаса, ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Кез-келген мемлекеттің білім беру жүйесі сол 
қоғамда ұстанған саясатымен анықталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының азаматтарына 
патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында осы мәселелер 
анық көрсетілген болатын. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулыққа тәрбиелеудің жолдары 
мен құралдары – ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің мазмұны. Қазақ баласы-
ның ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу – білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары 
оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХI ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық 
қана тұтастығын сақтап қалады. 
Жаһанданған заманда қазақ халқын жаманшылықтан құтқаратын нәрсе ол – ұлттық құндылықтар. Біз 
қаншалықты керемет білім алсақ та, теңдессіз технологияны меңгерсек те, елді ел қылатын ұлттық 
құндылықтар. Қазақты сақтайтын да солар. Одан айрылсақ, айдалаға адасамыз. Қорғансыз, тірексіз 
қаламыз. Қандай заман орнаса да, біздің тірегіміз – әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз. Адами болмыстың 
жоғары қасиеттеріне парасаттылық, білімділік, Отанын сүю, имандылық пен ғылымды меңгеруін, туған 
тілін құрметтеуін жатқызамыз. Тәуелсіз мемлекетіміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілінің тарихына үңіле 


315 
отырып, қазіргі жағдайын сараласақ, ұлттық тіліміздің болашағына көз жіберсек бабалар еңбегінің 
құндылығына бас иеміз. «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген жазушыларымыз бен ғалым-
дарымыздың пікірлері ойымыз бен санамызды толғандырады. Тілімізді гүлдендіретін де, болашағын 
көркейтетін де ұлтын сүйетін ұлтжанды ұрпақ болмақ. Осы орайда елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың тіл 
туралы айтқан бірқатар толғамдарына тоқталып өтсек: «Өз баласын қазақша сөйлетпеген қазақтың «қазақ 
тілі» деп сарнауының ешбір реті жоқ., Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл., Қазақ тілі – ғажап тіл. Оның 
болашағы да ғажап. Тек оны насихаттай білуіміз керек. Ғажап тілді азап тіл сияқты етіп көрсететін 
оқулықтардан құтылуымыз керек., Қиын кезеңдерде ұлтты қожыратпаудың қуатты қаруы болған қазақ 
тілі бүгінгі өмірімізде де ұлтты тұтастандырудың тегеурінді тетігі болуға тиіс., Тарих пен тіл тамырлас., 
Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, өзін қамшылауы тиіс., Қазақстанды, қазақты 
достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспетті». Елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаевтың латын әліппесіне көшу жөнінде бастама көтеруі, тіліміздің өркендеуіне негіз болып 
отыр. Бұл бастама рухани жаңғыруымыздың негізгі белгісі ретінде біздің ата –бабаларымыздың 
қалдырып кеткен мұраларын қайта жандандыру болып саналады [2]. 
Қазақ зиялыларының ішінде ұлт руханиятының қай саласында болмасын халқымыз үшін берекелі 
еңбек еткендердің бірі – Мұхтар Әуезов. Ұлы жазушы мәдениет пен тілді тұтас алып қарастыра отырып: 
«Өз тілін білмеген адамдарды мәдениетті адамдардың қасына қосуға болмайды» - деп тілін білмеген, оның 
қыр-сырын жетік меңгермеген адамдарды мәдениетті адамдардың қатарына қоспаған. Туған тілін білген 
және оны құрметтеген адамды ғана, бойында тұлғалық қасиеті қалыптасқан адам деп есептеген [3]. 
Патриотизмді қалыптастыру – бұл қоғамның әлеуметтік тапсырысынан нәр алатын мемлекеттік 
міндет.Отаншылдық сезімді қалыптастырудың тағы бір алғы шарты – халық пен мемлекет арасындағы 
өзара сенімді нығайту. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру осы мемлекет пен халық арасындағы 
кәміл сенімді орнықтыруға тікелей байланысты. Адамдар мен мемлекет мүдделерінің ортақтығын, 
өзектестігін бұқаралық сана толық түсінген жағдайда қоғамның патриоттық сезімі арта түсетін болады. 
Тұтас елдің мүддесі мен жеке адам мүддесі әрдайым өзектес, сабақтас екенін әрбір азаматтың жете 
түсінуі олардың отаншылдық сезімін тәрбиелеуге тікелей қатысты екендігі сөзсіз. Адамдардың айқын 
азаматтық тұғырын қалыптастырмайынша, ұлттық рух туралы сөз етудің өзі артық. Елінің, жерінің 
өткенін сезінбей, оның ерлікке, адамгершілікке толы тарихын, дәстүрін білмей мәдениетін, әдебиетін, 
өнерін жете ұғынбай, отаншылдық сезімді оятудың өзі мүмкін емес. Өткен тарихты объективтік тұрғыдан 
саралап зерделеуге ұмтылу – заман талабы. Патриотизм ұғымы дерексіз, психологиялық сезім күйінен 
нақтылы іс-қимыл әрекетіне ауысқанда ол әр адамға түсінікті әрі әсерлі болады. Отан деген ұғымнан 
тарайтын бұл құбылыс қайткенде нақтылы сипат алады. Отан деген дерексіз дүние емес. Ол халықтан, 
жерден, судан елдің дәстүрі мен мәдениетінен, өнері мен әдебиетінен, тарихы мен бүгінгі тыныс – тірші-
лігінен құралады. Онда патриотизм осылардың бәріне деген шексіз сүйіспеншілік сезімнен туындайды. 
Қазақ халқының рухани көсемі, қазақ тіл білімінің атасы, мемлекет және қоғам қайраткері , білім 
беру жүйесінің ұлы реформатыры А. Байтұрсынов: «Атадан балаға мирас болып екі-ақ нәрсе қалады: Ең 
біріншісі бай тіл, екіншісі байтақ жер» - деген екен. Біз – бүгінгі ұрпақ, осы екі нәрсені көзіміздің 
қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа табыстауымыз керек. Ол үшін бізге отансүйгіштік, патриоттық, 
ұлттық сана-сезім қажет. Патриотизм проблемасын зерттеу отандық тарихымыздың барысымен, бүгінгі 
өміріміздің тыныс-тіршілігімен, тіпті қарама – қайшылығымен де байланысты екенін аңғартады. Демек, 
патриотизм феноменін түсініп-түйсіну үшін оның тек өзінің ғана емес, жанама ұғымдарының да мән-
жайын саралап алу керек. Тегінде, патриотизмнің мәні өте күрделі. Бір жағынан, ол – ізгілікті саяси үрдіс, 
яки жеке тұлғалық һәм қоғамдық сана элементтерінен тұрса, екінші жағынан отанды қорғауға, сақтауға, 
нығайтуға бағытталған сезім болып табылады [4]. 
Қазақ халқы жастарды патриотизмге тәрбиелеуде ұлттық мәдениеттің рөлін өте жоғары бағалаған. 
Ұлттық мәдениеттің рухани бағытын да, материалдық бағытын да назардан тыс қалдырмаған. Қазақ 
халқының ауызекі шығармашылығын гуманизм мектебі десе болады. Өйткені ондағы кішіпейілділік, 
мейірімділік, қонақжайлылық, обал-сауап, борыш пен парыз, имандылық, намыс сияқты гуманистік 
түсініктер жеке адамдардың күнделікті тыныс-тіршілігінде моральдық норма ретінде шешуші қызмет 
атқару дәрежесіне көтерілді. Олар адамның рухани дүниесін реттейтін гуманистік күштерге қағидаларға 
айналды. Егер «гуманизм» деген ұғымның мағынасына тоқталсақ, гуманизм – латынның «иманды» деген 
сөзінен алынған. Философиялық мағынада қарастырғанда адам болмысының тұжырымдамасы дегенді 
білдіреді. Нақтырақ айтсақ, гуманизм – адамның адами қадір – қасиетін, бітім-келбетін, оның жеке 
тұлғалық рухани көзқарасын, мінез-құлқын, сонымен қатар, адамның игілігіне, оның жан-жақты дамуына 
жасалатын қолайлы қоғамдық қамқорлықты білдіретін көзқарастар жүйесі. Гуманизм – бүгінгі таңда 
әрбір елдің өмір салты мен қоғамдық санасынан, психологиясынан белгілі деңгейде орын алып отыр. 
Гуманизмді патриотизмнен бөліп қарастыруға болмайды. Өйткені олар бір-бірімен етене қабысып, 
сабақтасып жатқан егіз ұғым, бірінсіз-бірі дәрменсіз болып қалады, оларды жеке-жеке жүзеге асыру 
мүмкін емес. Гуманизмнің мол үлгілері қазақ халық ауызекі шығармаларында көрініс алған. Оларда 


316 
қазақтардың гуманистік дүниетанымы, адамдық сипаты мен сапасы, ұлттық қасиеті мен менталитет 
белгілері терең бейнеленеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев көпұлтты Қазақстанда идеялық топтасу мен 
қазақстандық отаншылдықты қалыптастырудың бір ғана жолы бар екенін көрсетеді. Қазақстан Респуб-
ликасының тәуелсіздігі мен егеменділігі жағдайында патриоттық тәрбие беру мәселесін адамдарға ұлттық 
дәстүрлердің ықпалын, оның әсер ету механизмін қолдану арқылы шешіледі. Дәстүр дегеніміз – біздің 
таным-түсінігіміз, белгілі бір ұлтты құрайтын халықтың ата-бабаларының халық болып қалыптасу 
жолындағы бүкіл тіршілік тәжірибесінен сан ғасырлар бойы тірнектеп жинап, сұрыптау тезінен өткізіп, 
бір жүйеге келтіріп, қалыпқа түсірген өмір сүру заңы, яғни бүгінгі түсінікпен айтсақ, қатал тірліктің 
қағидаларынан қорытып, уақыттың өзі бекітіп берген конституциясы. Оған басқа ұлттың ортақтығы жоқ. 
Белгілі бір ұлттың адамзат өркениетінің ортақ өрісіне шығып, дамып жетілуі де, құлдырап төмен кетуі де 
осы ұлт дәстүрінің сақталуы мен бұзылуына байланысты. Дәстүр бұзылған жерде халықтың халықтығы 
бұзылады: қазақ – қазақ болудан, орыс – орыс болудан, шүршіт – шүршіт болудан, т.б. қалады. Ал бұған 
керісінше, қалыптасқан дәстүрі бұзылмаған елдер халықтық қалпына селкеу түсірмей, өзіндік өмір сүру 
заңдылықтарын сақтай отырып, ел көшін замана талабына сай жетілдіре дамытып, алға ілгерілей береді. 
Мұндай елдің іргесі берік, мәртебесі биік [5]. 
Жеке адамның ұлттық-патриоттық қасиетін қалыптастыруда алдыңғы ұрпақтардың сан ғасырлық 
тәжірибесі, яғни ұлттық дәстүрлері белгілі рөл атқарады. Дәстүрлер адамдардың ақыл-ойы мен 
сезімдеріне иелік ете отырып, адамдардың белгілі бір тобын біріктіріп, жұмылдыратын нақтылы күшке 
айналады: олар белгілі бір әдет, талғам, әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық, спорттық және т.б. идеал-
дарды меңгеруге ықпал етеді. Дәстүрлер адамдардың бір-біріне, өз халқына деген қарым-қатынасының 
тұрақты нормаларын, мәселен, ұлттық мақтаныш сезімін, патриотизмді білдіреді. Нақты дәстүрлер 
адамдардың белгілі бір қажеттіліктеріне байланысты туындайды. Ұлттық дәстүрлер, мәселен, бесікке 
салу, тұсау кесу, құда түсу, т.б. халық дәстүрлері тарихи тұрғыда туындаған қажеттіліктерге байланысты 
пайда болады. Сонымен қатар бұл қажеттіліктердің керектігін адамдар ұғынып-түсіне білулері тиіс және 
бұл түсінік ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруы қажет. 
Патриотизмді қалыптастыру мен дамытудың бір жолы тұлға бойында ұлттық сезім тәрізді құбылыс-
ты орнықтыру болып табылады. Қоғамнан тыс өмір сүретін адам болмайды. Әрбір адам нақты ұлттың 
немесе ұлыстың өкілі ретінде бой көрсетеді. Туған халқының тағдырына, мақсат-мүддесіне, оның рухани 
құндылықтарына деген қарым-қатынас, тұлғаның ұлттық сана-сезімі – мұның барлығы ұлттық сезімге 
жатады. Ұлттық сезім – бұл рухани құбылыс. 
Патриотизмнің қалыптасу жолын былайша айқындауға болады. Адамдар ортақ аймақта мекен ететін, 
өмір сүру салты ұқсас, қарым-қатынас тілі ортақ, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, мәдениеті мен тұрмыс-
тіршілігі ортақ белгілі бір этникалық қауымдастықтың құрамына кіреді. Дәстүрлер ұлттық патриотизмді 
қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Қазақ патриотизмі ең алдымен қазақ халқына, оның ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани құндылықтарына деген құрмет пен сүйіспеншілік, бұл 
құндылықтарды игеруге талпыныс болып табылады [6]. Сонымен қатар бұл – өткен кезеңде ұлттарды 
біріктіріп, бір-біріне қосып жіберу мақсатымен жүргізілген саясаттың салдарынан ішінара ұмыт болған 
халықтың тарихи жадын, материалдық және рухани мәдениетінің белгілерін, өткеннің озық дәстүлерін 
қайта жаңғыртып, қалпына келтіруге саяды . 
Бүгінгі таңдағы әлемдегі тарихи, әлеуметтік-саяси оқиғаларға үңілсек саны көп ұлттың саны аз ұлтқа 
үстемдік ете отырып жойып жіберуді, өзіне сіңіріп алуды мақсат ететіні, ал аз ұлттардың қалайда құрып 
кетпеу үшін жанталасқа түсіп келе жатқаны байқалады. Саны көп ұлтпен аралас-құралас тірлік кешкен 
саны аз ұлттың жойылып кетпеуге қарсы ең негізгі, ең басты қаруы – ұлттық дәстүрі мен тілі. Талай-талай 
қырғын соғыстар мен індеттерді бастан өткерген халқымыздың құрып кетпей, өніп-өсіп, ұлан-ғайыр 
жерді иеленіп отыруының басты себебі көптеген дәстүрлерді сақтап қалуында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет