Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Keywords:  concept, semantics, field, consonant, national color



Pdf көрінісі
бет143/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   565
Байланысты:
2

Keywords: 
concept, semantics, field, consonant, national color.
 
Тіл – адамның дүние туралы білімін қалыптастырудың және сол білімнің өмір сүруінің аса маңызды 
тәсілі. Адам өз танымын, нәтижесін сөз арқылы «тіркеп» отырады. Тілдік формаға түскен осы дәстүрлі 
білімдердің жиынтығы бірде «аралық тіл», «дүниенің тілдік репрезентациясы», «дүниенің тілдік моделі», 
«дүниенің тілдік бейнесі» деп аталады.
Әлемнің тілдік бейнесін түсінуге, зерделеуге жетелейтін, оның бір бөлшегі танылатын концепт 
ұғымы тілдің танымдық мазмұнын, күй-қалпын айқындаушы ғылыми лингвистикалық категория ретінде 
қалыптасуда. Әлемнің тілдік бейнесінің бір бөлшегі болатын концептілердің адам танымында алатын 
орны зор. Негізінен осы күнге дейін концептілер ретінде адамзат өмірінде үлкен рөл атқаратын ұғымдар 
алынады. Яғни, шындық өмірдегі белгілі бір мәдениет үшін құнды әрі көкейкесті мәні бар мәдени атаулар 
ғана концепт дәрежесінде танылады. «Тіл арқылы танылатын концептілер, жалпы алғанда, тілді тұтыну-
шы халықтың дүниетаным көрсеткіші» [1, 5 б.]. 
Когнитивтік бірліктер әлемнің тілдік бейнесін суреттейтін ерекшелігіне орай мағыналық және 
тақырыптық жағынан өз ішінен бірнеше топқа бірігеді. Ұлттық сипатқа ие концептінің бірі – «туған жер» 
концептісі.
«Туған жер» – Отан; кіндік кесіп, кір жуған мекен; ата қоныс; ата-мекен; бабаларымыздың аманаты; 
тарих; сағыныштың символы, балалық пен жастық шақтың мекені; алтын бесік; торғын бесік; алтын ұя; 
алтын қазық; тұғыр; ана; ұстаз; ұлы сезім, толғаныс, шабыт берер, намысыңды қайрайтын қуатты сезім; 
қасиетті мекен, т.б.
«Туған жер» концептісінің семантикалық өрісін анықтауда, ең алдымен, олардың өзегін анықтайтын 
сөзге, яғни базалық концептілерге назар аударылды. Сол базалық концептілер арқылы, яғни өзексема 
(ядро) арқылы бірте-бірте концептілер тізбегін түздік. 
«Туған жер» концептісінің өзексемасы – «адам». «Туған жер» концептісінің тақырыптық топтарына 
өзек болған нысан “адам”, адамның өмір сүрген, мекен еткен ортасы. Туған жерге қатысты бірнеше тақы-
рыптық топтағы концептілердің мән-мағынасынан адаммен оның айнала қоршаған әлеммен байланысын 
көруге болады. 
«Туған жер» концептісін зерделеу арқылы адамның ой мен түсінігін тұжырымдап тілдің этно-
лингвистикалық сипатын айқындай аламыз. Осы ретте біз М.Әуезов шығармаларында «туған жер» 
концептісі қаншалықты орын алатынын қарастыруды мақсат еттік.
«Туған жер» концептісі қай халыққа да қатысты. Ал қазақ халқы үшін ерекше құнды дүние болып 
табылады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын мәдени мұра. Қазақ ақын-жазушыларының 
ішінде туған жер тақырыбына қалам тартпаған қаламгер болмаған шығар. Сондай жазушылардың біре-
гейі – Мұхтар Әуезов шығармаларында «туған жер» концептілері жазушы қаламынан туындаған шығар-
малардың қай-қайсысында да болмасын көптеп кездеседі.
Жазушының шығармашылығындағы «туған жер» концептісінің негізін өскен ауылы, үйі мен 
жанұясы құрайды. Бұлар жазушының жан-дүниесіне үлкен тебіреніске бөледі.
Қазақ халқының алтын қорына қосылған аса бай мұрасы «Абай жолы» романындағы «
туған жер»
концептісі дегенде, ол «ауыл» ұғымымен сипатталады. Мысалы: Арттағылар-Байтас пен жорға Жұмабай: 
Мына баланың ауылға асығуын-ай! – Сорлы бала қыстай іш құста болып қалған-ау, - деседі. Бала шәкірт 
ұзап кеткенде бұлар да еріксіз желе шоқырақтап шауып отырып қуып жетеді [2, 4б.].
«Абай жолы» романындағы «туған жер» макро концептісінің тағы бір концептілік құрылымы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет