86
концептісі «өз жерін жырту, егін егу, өз жерінің шөбін шабу, өз жерінің ағашын кесу, өз жеріне малын
жаю» тәрізді сценарилік құрылым арқылы бейнеленген.
Ойсурет
–
концепт қалыптастырудың ең күрделі формасы. Концепт құрайтын элементтерді санада
метафоралау, яғни суреттеу тәсілі. Осы жерде Л.Н. Толстойдың шығармасынан алынған мына бір
үзіндіге назар салайық.
«–
Беу, мәртебелі тақсыр – ием әкетай-ау, о не дегеніңіз, қалай салыстыруға болады! – деп безек
қақты, – бұл жер ел іші, көңілді жер, үйреншікті мекен; жүрем десең жолы бар, қатын-қалаш кір
шайқайтын, мал суғаратын тоспасы бар; өзіміз мұжық болғалы бері жиған-терген азғантай шаруа –
жайымыз да осында: қора-қопсы деймісің, огород па, анау ата-бабам тігіп кеткен тал-терек; үлкен
әкем де, өз әкем де осы жерде дүние салған, өзім де осы арада тыныштық тапсам деймін, мәртебелі
тақсыр, басқа ештеңе де сұрамаймын. Рақымың түсіп, мынау үйшігімізді жөндеп алуға жәрдемдессең,
өзіңе көптен-көп қарыздар боламыз; оның реті келмесе, қалған ғұмырымызды о ғып бұ ғып осы
лашықта-ақ өткіземіз ғой. Өмір бойы құдайға құлшылық еткізіп, сиындырып қойсаң да, - деп ол басын
жерге жеткізе иіп, тәжім жасай бастады, - туған ұямыздан қуа көрмеші, әкетай!..
Бұл мысалда туған жер – ел іші, көңілді жер, үйреншікті мекен - фрейм, яғни қарапайым нобай;
қатын-қалаш кір шайқайтын, мал суғаратын тоспасы бар жер, ата-баба тал – терек тігіп кеткен жер –
сценарий, яғни оқиғалар мен жағдаяттар жүйесі; шаруа – жайы бар жер, қора-қопсы, огород - схема, яғни
көзбен көріп, қолмен ұстауға болатындай формада түсіндіріліп тұр.
Тағы бір мысал келтірелік: «Чурис пен оның әйелі үшін мынау құлағалы тұрған лашықтың, айна-
ласына шалшық су жайылған тозынды құдықтың, шіріген мал қораның, шағын қоймалар мен терезе
алдында тырбия өскен тал – шіліктің қаншалық мәні бар екенін жас помещик енді ғана ұққандай болып,
өз-өзінен әлденеге ыңғайсызданып, мұңайып қиналып қалды» [4, 114 б.]. Ал мұнда туған жер - кішкентай
лашық, туған ұя - фрейм, шалшық су жайылған тозынды құдық - схема, шіріген мал қора - схема болып тұр.
А.Ислам: «Концепт дегеніміз – ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы дүниетаным
құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан күрделі бірлік. Әр ұлттың концептілер жүйесін
дүниетаным құндылықтары құрайды. Концептілер бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірінен
туындап отырады. Әр қоғамның даму кезеңдерге сәйкес тіл мен мәдениет иелерінің абстрактілі концеп-
тілерді танып түсінуінде өзгерістер болғанымен, негізгі мәдени, дүниетанымдық мәні өзгеріссіз ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп отырады» [5].
Олай болса, «Туған жер» концептісінің семантикалық өрісін анықтауда, ең алдымен, олардың өзегін
анықтайтын сөзге, яғни базалық концептілерге назар аударылды. Сол базалық концептілер арқылы, яғни
өзексема (ядро) арқылы бірте-бірте концептілер тізбегін түздік.
Қорыта айтқанда, «туған жер» концептісінің қазақ пен орыс халықтары танымында қандай ұғым
беретінін Мұхтар Әуезов пен
Достарыңызбен бөлісу: