Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет148/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   565
Байланысты:
2

 
Annotation: 
The article analyzes the features of the Kazakh alphabet based on Latin graphics. It also 
compares the features of the Kazakh, Uzbek, Karakalpak alphabet based on Latin graphics. 
Keywords: 
sound, letter, vowels, consonants, spelling, graphics. 
Елбасымыз «
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
атты жолдауында: «2017 жылдың аяғына дейін 
ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы 
бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды 
және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет» – деп көрсете отырып, жазу 
реформасының кезең-кезеңімен жүргізілетіндігін айтады. 2018 жылдың ақпан айында Елбасымыздың 
жарлығымен акутқа негізделген жаңа қазақ әліпбиі бектілді. Бекітілген әліпбиде алты әріп акутқа 
негізделген (Áá, 
Ǵǵ
, Ńń, Óó, Úú, Ýý) графемамен таңбаланса, ал екі әріп (ш, ч) диграфпен (sh, ch) 
таңбаланды. Ендігі кезекте үлкен мәселелердің бірі – қабылданған жаңа қазақ әліпбиінің емле-ережесін 
жасау, шет тілінен енген кірме сөздер мен терминдерді игеру болып табылады. Ал осындай емле-ережені 
жасау мен шет тілінен енген кірме сөздер мен терминдерді игеру сияқты лингвистикалық мәселелерді 
латын графикасына көшкен түркі тілдері қалай шешті? Қазіргі түркі мемлекеттерінің ішінде латын графи-
касына негізделген әліпбиді түрік (1928 ж.), әзербайжан (1991 ж.), өзбек (1993 ж.), қарақалпақ (1993 ж.), 
түркімен (1993 ж.) тілдері қолданады. Аталған тілдердің ішінде қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері қыпшақ 
ноғай тобына жатады. Қазақ тіліне жақын болып есептелетін қарақалпақ тілі 1993 жылы латын графика-
сына көшкен болатын. Қарақалпақ тілінің қазіргі қолданып жүрген латын әліпбиі акутқа негізделген және 
екі әрпі (sh, ch) диграфпен таңбаланады. Осымен байланысты қарақалпақ тілінің әліпбиі мен кейбір емле 
ережесін қарастырған едік. Сонымен қатар латын графикасына көшкеннен кейін кірме сөздер өзбек 
тілінде қалай берілгенін де айтып өтеміз.
Бізге белгілі 1926 жылы Бакудегі I түркологиялық съезден кейін барлық түркі халқы латын графика-
сына көше бастады. Осымен байланысты 1927 жылдың шілде айынан бастап, қарақалпақ облыстық 
комитетінде жаңа әліпби жасақтайтын бөлім құрылды. 1928 жылдың шілдесінде К.Авезов, С.Маджитов-
тың құрастыруымен жаңа әліпби жобасы ұсынылды. Ұсыныстар мен талқылаулардан кейін кейін 1928 
жылдың аяғында 32 әріптен тұратын мына әліпби жобасы қабылданады: а, b, c, ç, d, e, f, g, h, x, i, ь, j, k, l, 
m, n, 
ƞ
, o, ө, p, q, 
ƣ
, r, s, t, u, v, y, z, ş. Бас әріп болмады
[1].
1930 жылы «Mijnetkeş Qaraqalpaq» газетіндегі пікір алмасудан кейін әліпбиден с әрпі шығарылып
орнына ş таңбасын қолдану шешілді. 1932 жылдың қыргүйек айындағы қарақалпақ I орфографиялық 
конференциясында бас ірп таңбасы қабылданып, әліпби тәртібі былай өзгерді: Aа, Bb, Vv, Gg, Dd, Ee, Çç, 
Zz, Ii, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Rr, Ss, Tt, Uu, Ff, 
Xx, Şş, Hh, Әә, Qq,
Ƣƣ
, Өө, Үу, Ьь [1].
Ал 1935 жылы Төрткілде II лингвистикалық конференция өтеді. Конференцияда орфография мәсе-
лесімен қатар әліпби реформасы да сөз болады. Әліпбиден 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет