Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет193/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   565
Байланысты:
2

, кәсіби құзыреттілік.
Б.Т. Кенжебеков жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін зерттеу 
барысында кәсіби құзіреттілік ұғымына мынадай анықтама береді: «кәсіби құзіреттілік – бұл кіріктірілген 
іргелі білімдер, адамның қабілеттері мен жинақталған біліктіліктерінің, оның кәсіби маңызды сапалары-
ның, технологияны жоғары деңгейде меңгеруінің, мәдениеті мен шеберлігінің, ұйымдастырудағы шығар-
машылық әрекетінің, өзін-өзі дамытуға дайындығының бірігуі». Әдіскер кәсіби құзіреттілікті арнайы 
құзіреттілік, әлеуметтік құзіреттілік, жеке тұлға құзіреттілігі, дара құзіреттілік деп төртке жіктейді.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – мұғалімнің теориялық білімі және оны нақты педагогикалық 
жағдаяттарда қолдану шеберлігі, сөйлеу, ортада өзін-өзі ұстау мәдениетінің аралас көрсеткіштері (сөйлеу, 
қарым-қатынас стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас білім салаларына және т.б. қарым-қатынасын) деген 
анықтама беруге болады.
Морфологиялық бірліктерді «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен оқытуда студенттердің 
білім алу нәтижесінде қалыптасатын құзыреттіліктердің бірі – 
қатысымдық құзыреттілік.
Қатысымдық 
құзіреттілік дегеніміз – білім алушының нақты қатысымдық жағдайларда адекватты түрде қарым-қатынас 
жасауға қабілеттілігі және оның қарым-қатынаста әлеуметтік-мәдени нормаларды сақтай отырып, 
ұйымдастыру біліктілігі. Кейбір ғалымдар «комуникативтік» және «құзіреттілік» ұғымдарын өзара байла-
ныстырады. Тұлғаның коммуникативтік құзіреттілігі адамдармен байланысқа түскен кезде толық ашыла-
ды. Әсіресе адамдармен тіл табысуда өз көзқарасын дәлелдеуі керек.
Оқытушы студент бойына қатысымдық білім мен дағдыларды қалыптастыру үшін оларды кез келген 
ортада өзіне қойылған және бөгде біреуге қойылған сұрақтарға сауатты жауап беруге даярлауы; қарым-
қатынаста сөз байлығын кеңінен қолдана алуға үйретуі; айтылған ойды ары қарай жалғастырып айта 
білуге дағдыландыруды; кез келген тұлғааралық қарым-қатынасты сынай білу және бағалай білуді; 
тұлғааралық конфликт орнаған жағдайда дұрыс шешім қабылдап, әңгімелесушімен шебер тіл табыса білу 
икемділігін жетілдіруі қажет. 
Адамдардың қатысымдық құзіреттілігі бәрінде бірдей болмайды. Ол әр адамның қабілетіне, қорша-
ған ортасына байланысты өзгеріп отырады. Адам жас кезінде қарапайым құзіреттіліктен бастап, өзінің 
даму барысында аралық құзіреттіліктен өтеді. Ересек болғанда оның бірқалыпты тілдік қатысымдық 
құзіреттілігі қалыптасады, алайда ол әр адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болады. Біздің 
мамандығымызға сәйкес, болашақ шәкіртті оқытатын ұстаз дайындайтындықтан қатысымдық құзыретті-
ліктің рөлі ерекше.
Морфологиялық бірліктерді «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен оқытуда қатысымдық құзірет-


121 
тілігі деңгейлік ұстанымының он деңгейінде де басшылыққа алынады. Тіл – сөз өнері. Қарым-қатынас 
болмаған жерде, сөз өнері де болмайды. Сондықтан ғалым Ф.Оразбаеваның ғылыми тұжырымы басты 
назарда ұсталады. Ғалым тілдік қатынастың сөйлесу арқылы жүзеге асатынын айта келе, сол сөйлесім 
әрекетінің бес түрін (оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым, тілдесім) көрсеткен болатын. Қазір қазақ 
тілін оқыту әдістемесінде толық орныққан бұл ұғымдардың ара жігі мен өзіндік ерекшеліктері нақтыланған. 
Бұл құзыреттілік жайында ғалым Ж.Дәулетбекова былайша тұжырымдайды: «Сөйлесімнің барлық 
компоненттеріне тән дағдыларды меңгереді; ауызша және жазбаша тілде сөзді құрай білу ережелерін, сөзді 
таңдау тәсілдерін және грамматикалық нормаларды ұстанады; оқу материалдары бойынша дискурсқа 
қажетті дағдыларды меңгереді; ауызша және жазбаша сөйлеуге қажетті коммуникативтік сапаларды қолда-
нады; пікірталас түрлеріне сай тілдік құралдарды пайдаланып, өз ойын дәлелдей алады; ұсынылған 
тақырып пен тілдік жағдаяттарға сай сөздерді орынды жұмсай алады» [2]. Морфологиялық бірліктерді 
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен оқытудың нәтижесінде қатысымдық құзіреттілікті қалып-
тастыру үшін сөйлесім әрекеті арқылы жүргізілген жұмыстарға мынадай талаптар қойылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет