Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет192/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   565
Байланысты:
2

Ключевые слова:
морфологическая единица, профессиональная компетентность, технология, 
квалификация. 
Annotation: 
The article deals with the issues of professional competencies formed in the process of teaching 
morphological units through the technology of "step-by-step complex training", affecting the student's 
environment, relationships with people, acquired knowledge, skills, abilities and skills.
Keywords:
morphological unit, professional competence, technology, qualification. 
Әлемдік білім беру жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған «құзіреттілік», «құзірет» терминдері жаңа 
білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне яғни жаңартылған 
білім мазмұнында кеңінен қолданылады. Жоғары оқу орындары алдында болашақ маманды мұндай аса 
жауапты білім деңгейіне жеткізу үшін оқу үдерісін соған сай ұйымдастыра білетін, білім алушыларға 
білімді өз бетінше еңбек ете алатындай күйге жеткізе алатын, өзі де осы аталған құзіреттіліктерді 
меңгерген, кәсіби-дидактикалық құзіреттілігі қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр.
Құзірет, құзіреттілік, біліктілік терминдері жан-жақты қолданыла бастады. Аталған терминдер 
әртүрлі мағынада қолданылады. «Құзірет» және «құзіреттілік» термині көбінесе бір-біріне синоним 
ретінде қолданылып жүр. Құзіреттілік теориясы Г.В. Вайлер, Ю.В. Койнов, Я.И. Лефстед және т.б. 
еңбектерінде айтылған. Білім беруді ұйымдастыруға құзіреттілік тұрғыдан келу және оны жүзеге 
асырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру туралы мәселелер М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер, В.В. Давыдов, т.б. 
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстан ғалымдары да құзіреттілік мәселесін соңғы жылдары жан-жақты зерделеп, қарастыра баста-
ды. Білім беру нәтижесін құзіреттілік тұрғысанан бағамдауға айрықша ден қойылуда. Атап айтқанда,
Ш.Х. Құрманалина технологиялық құзіреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспекті-
лерін (колледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау) айқындаса, Б.Т.Кенжебеков 
жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру-дың жолдарын 
ұсынды. Ж.Меңлібекова болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзіреттілігін жетілдірудің амалдарын анықтаса, 
Б.Қасқатаева (болашақ қазақ тілі мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын қалыптас-тыру) туралы сөз қозға-
ды. М.В. Семёнова жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың технология-лық құзіреттілігін қалып-
тастыру мәселесін зерделесе, С.И. Ферхо мұғалімдердің оқу үдерісінде электронды оқу құралдарын пайда-
лана білу құзіреттілігін қалыптастыру жөнінде өз әдістемесін ұсынды.
Ғылыми-әдістемелік еңбектерде болашақ маманның кәсіби шеберлігін қалыптастыру туралы мәселе 


120 
құзіреттілік және құзірет ұғымдары арқылы айқындалып жүр. Соңғы жылдары жоғары оқу орын-
дарының педагогикалық бағыттағы мамандықтарының магистратура деңгейінде осыған байланысты 
«Кәсіби құзыреттілік негіздері» атты пән оқытылуда.
Педагогикалық және психологиялық еңбектерді саралай келгенде, «құзірет» және «құзіреттілік» 
терминдерімен байланыста «кәсіби құзірет», «басты (негізгі) біліктілік», «кәсіби тұлғалық сапа», т.б. 
ұғымдардың қолданылатыны анықталды.
«Құзірет» термині көбінесе «нәтижелік», «жетістікке жету», «түсіну», «меңгеру», «сапа», «мөлшерлі-
лік» сөздерімен бірлікте қолданылатынын, ал «құзіреттілік» термині кәсіби қызметтегі білім мен 
тәжірибенің бірлігі мағынасында түсінілетіні байқалды.
Бұл құзіреттіліктердің барлығы да білім алушыны түпкі нәтижеге жеткізуге көмектесетіні мәлім. 
Жоғары оқу орындарында негізгі құжаттардың бірі болып саналатын жұмыс оқу жоспарында әрбір пәнді 
оқу барысында студент қандай құзыреттіліктерді меңгереді деген сұрақ басты назарда ұсталады. 
Өзгермелі дүние жағдайына бейім мамандарды дайындау, олардың сан түрлі ақпараттан өзіне 
қажеттісін екшеп ала білу және өзгелермен қарым-қатынас жасай алу дағдысын дамыту, қоғамда өз 
таңдауын жасай алу, кәсіби білігін арттыра алуға икемдеу, оқыту нәтижесі қоғамда тұлға ретінде қызмет 
жасай алу мүмкіндігін шыңдау мәселесі құзыреттіліктерді негізге ала отырып басты бағыт етіп белгіленді. 
Ғылыми әдебиеттердегі теориялық тұжырымдар мен қазақ тілін оқыту үрдісінің, соның ішінде нақты 
морфологиялық бірліктерді «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен оқытуда студенттердің білім алу 
нәтижесінде қалыптасатын құзыреттіліктер анықталды. Олар қазіргі отандық ғалымдар анықтаған жүйеге 
сәйкес және тілдің қызметі мен қоғамдық-әлеуметтік сұранысты ұштастыра отырып, төмендегідей 
жүйеленді: 
1.
Кәсіби құзіреттілік 
2.
Қатысымдық құзіреттілік 
3.
Лингвомәдени-танымдық құзіреттілік 
4.
Әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілік 
Бұл құзыреттіліктерге жеке-жеке тоқталар болсақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет