157
өздері үшін маңызды болып саналатын мәселені анықтау үшін өз беттерінше немесе оқытушының
жетекшілігімен ізденуге кіріседі. Бұл студенттердің өз бетінше білімдерін, дағдыларын және біліктерін
жаңа контексте пайдалануға көмектеседі. Бұлай іздену олардың қазақша кәсіби сөйлеуін табиғи және
еркін түрде үйренуіне ықпал етеді. Әрине, мұндай жағдайда жобаға қатысушылардың өздерінің ынтасын
тілдік сауаттылығына емес, айтылатын ойдың мазмұнына аударған дұрыс. Жобалау кезінде студент өте
белсенді болады, ол өзінің шығармашылықпен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Жобамен жұмыс істеу
барысында қазақша сөйлеу жағынан нашарлау және психологиялық жағынан белсенділігі төмендеу
студенттің де өзінің қиялдауына, белсенділігін және өз бетінше жұмыс істей алатынын көрсетуіне
мүмкіндіктері өте мол.
Жобалау жұмысы тіл үйренудің формалдық сипатын жоюға, тілді үйренудің тәжірибелік нәтиже
беруіне ықпал етеді. Жоба оқытушы мен студенттің функционалдық міндеттерін өзгертеді. Студент қазақ
тілін оқытудың нақты бір сабағының мазмұнын таңдауда, ұйымдастыруда, құрастыруда белсенді қатысса,
оқытушы кеңесші, көмектесуші немесе ойынға қатысушы ретінде ғана көрінеді.
Сонымен, жобалау жұмысы қазіргі оқытудың талабына сай жеке тұлғаға бағытталғанымен сипатта-
лады. Қазақша кәсіби сөйлеуге үйрену процесінің негізгі сипаты тілді аутентті тілдік контексте табиғи
түрде меңгеруге жақындайды.
Жобалау жұмыстарын бір сабаққа немесе бір аптаға арналған шағын жобалау жұмыстары және бір-
екі айға немесе бір семестрге арналған үлкен көлемді жобалау жұмыстары деп бөлуге болады. Бұлай бөлу
студенттердің жоспарлаған жұмыстарына байланысты.
Жобалау жұмыстарын жүзеге асыру мынадай кезеңдерден өтеді:
І. Мақсат қою.
ІІ. Жоспарлау.
ІІІ. Бағдарламаны жүзеге асырудың әдісін таңдау
ІҮ. Орындау.
Ү. Бағдарламаны қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: