Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


-  жоспарлау жұмысының мақсатын түсіндіреді



Pdf көрінісі
бет245/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   565
Байланысты:
2

 - 
жоспарлау жұмысының мақсатын түсіндіреді;
 
әрекеттерін уәждейді;
 
бақылайды. 
 
ІІ кезең
 - 
талқылауға көмектеседі;
 
бақылайды.
 
ІІІ кезең
 - 
бақылайды;

кеңес береді (өтініш бойынша).


 
ІҮ кезең
 - 
бақылайды;
 
талдау процесіне бағыт беріп отырады (қажет болған жағдайда).
 
Ү кезең
 - 
жоспарладың қорытындысын ұжымдық талдаумен бағалауға қатысады.
 
Студенттердің алдында тұрған негізгі мақсат:
-
тілдегі жаңа құрылымдарды үйрену үшін, қатысымдық мақсатта қолдану; 
-
алға қойған мақсатқа жету үшін бірігіп жұмыс істеу; 
-
өзінің ойы мен тәжірибесін жеткізе білу.
Студенттердің кәсіби сөйлеу құзіретін қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жобалау жұмысын 
түсіну.
Тақырыбы:
«Бизнес-жоспар» дайындау. 
Бұл жұмысты жеке де, топпен де орындауға болады. Студенттің алдында тұрған міндет: 
І-кезең. Мақсат қою. 
Студент алдына төмендегідей мақсат қояды: 
а) өз кәсіби әрекетін анықтау; 
б) ол үшін пән оқытушылары мен кәсіпкерлерден кеңес алу; 


158 
в) жұмыстың жоспарын дайындау. 
г) презантация дайындау; 
ІІ-кезең. Жоспар жасау кезеңі. 
1.
Жұмыс жоспарын жасайды.
а) әдебиеттерден «Бизнес-жоспар» туралы материалдар жинайды; 
ә) кәсіпкерлермен кездеседі; 
б) кәсіпкерлерден сұхбат, кеңес алады
в) орындалатын жұмыстарды кезең-кезеңге бөледі; 
г) қандай кәсіппен айналасытынын ойластырады; 
д) оған орын іздейді; 
ж) шығыс пен кірісті есептейді 
з) пайдасын есептейді. 
ІІ-кезең. Жүзеге асыру кезеңі.
 
Бұл ең жауапты және қиын кезең. Осы кезеңде студент қиыншылық-
тарға кездесуі мүмкін. Себебі бұл кезең стуенттен көп ізденуді және шығармашылықпен жұмыс істеуді 
талап етеді. Көптеген кәсіпкерлерден кеңес алуға барғанда, олар уақыттарының тығыздығын алға тартып 
жауап беруден бас тартатын кездері жиі кездеседі. Ондай кезде өздерінің туыстарының немесе таныс-
тарының ішінен кеңес беретін кәсіпкерлерді іздеуге тура келеді.
ІІІ-кезең.
 
Жұмысын курстастарының, оқытушылардың, сарапшылардың алдында қорғайды.
ІV-кезең. Бағалау кезеңі.
Жобаның қорытындысы бойынша жобаны қорғау үшін басқа топтың студенттері, қазақ тілі пәнінің
оқытушылары, экономика пәнінің оқытушылары шақырылады. Әр студент мінбеге шығып өзінің 
материалды қалай іздегенін, қайдан жинағанына тоқталып, алдарына қойылған мәселенің шешілу 
жолдарын түсіндіріп, өзінің жобасын қорғайды. Әрине, жұмыс тобына сұрақ қоюға, ұсыныс айтуға және 
пікір таластыруға болады.
Қорыта келе айтарымыз, жобалау әдісі кәсіби сөйлеуге үйрену үшін және оны дамыта отырып, кәсіби 
сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін қоса жүргізілетін пайдалы әдістің бірі.
Өзге тілді дәрісханада оқитын студенттерді қазақша кәсіби сөйлеуге үйретуде жобалау әдісінің өте 
тиімді екеніне көз жеткізілді. Себебі, студент дайын материалды меңгеруге ғана дағдыланбайды, ол өз 
бетінше ізденіп, болашақ мамандығы рөліне ену арқылы әр түрлі шиеленісккен ситуациялардан шыға 
білуге, сөйлеу үлгілерін дұрыс пайдалануға қалыптасады, жобаны қорғау кезінде студент өз әрекетін 
ұйымдастырып бағалай алатын жеке тұлға ретінде ғана емес, тілді меңгеруге байланысты өз бойындағы 
кемшіліктерді жеңуге де үйренеді. Сол сияқты, жобалау әдісі студенттердің бойында мынадай қасиет-
терді қалыптастырады: іскерлік кәсіби жағдайда тез жол таба білу, ұжым мүшелерімен арадағы сыйлас-
тық, топпен жұмыс істей білу, жұмысқа шығармашылықпен қарау және т.б.
Түйіндеме:
Жобалау әдісі студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыруда тиімді әдіс ретінде 
ұсынылып отыр. Жобалау әдісінің шығу тарихына және маңызына тоқталдық. Жобалау жұмыстарының 
сабақта қолданылу тәсілдері берілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет