Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет275/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   565
Байланысты:
2

 
Ключевые слова:
языковая коммуникация, речевая деятельность, языковые навыки, обновленные 
образовательные программы, казахский язык.
 
Annotation: 
The article is devoted to the purpose and significance of developing the language skills of 
pupils. The article examines an example of a lesson that illustrates the methods of development of speech skills of 
primary school pupils. 
Keywords: 
language communication, speech activities, language skills, updated educational programs, 
Kazakh language. 
 


177 
Жаңартылған білім беру бағдарламасында қазақ тілін оқыту тіл заңдылықтарының теориясын 
үйретуге емес, тілдің адамдар арасындағы қатынастық қызметін меңгертуге, оның белсенді әдістеріне 
бағытталады. Бастауыш сынып оқушыларының қоршаған ортада адамдармен, топпен қарым-қатынас 
орнату, жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіру, түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысуы 
оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, 
оқылым, жазылым) арқылы жүзеге асады. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында жасалған «Қазақ 
тілі» пәнінің оқу бағдарламасында: қазақ тілі пәнінің бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің 
бастапқы өзегі болып табылатынын айта келе, «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың 
тілдік құзыреттіліктерін дамыту, сөздің құдіреті мен әсемдігін түсініп, тілдік құралдар арқылы қарым-
қатынас жасау әрекеттерін меңгерту, жазбаша сауаттылығы мен ауызша сөйлеу дағдыларын сабақтастыра 
қалыптастыру», - делінген. Өйткені бастауыш сыныпта тілді жақсы меңгеру барлық пәндер бойынша 
жетістікке жетудің алғышарты [1]. 
Ал оқытудың басты міндеттерінде: тілдік дағдыларды (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) 
дамыту, қарым-қатынас жасаудың әр алуан түрлерін мақсатты түрде қолдануға, өз ойын зерделеуге, 
ауызша және жазбаша мәтіндерге сүйене отырып, өзіндік пайымдау жасауға үйрету бағыттары қарасты-
рылады. Сондай ақ, оқу бағдарламасының мазмұны оқушының сөйлеу және ойлау әрекетін, түрлі сала 
мен қарым-қатынас жағдайында тілді еркін игеруге қамтамасыз ететін коммуникативтік іскерліктер мен 
дағдыларға бағытталған [1,7].
Демек, оқушының алған білім, біліктерін өмір жағдайларында қолдана алуға мүмкіндік беретін 
түйінді дағдыларды
 – 
тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылымды 
дамыту – қазіргі бастауыш білім 
берудегі негізгі мәселелердің бірі деуге болады. Ендігі жерде қарым-қатынас дағдыларын дамытатын 
әдістемелік зерттеу жұмыстары мен тиімді құралдар дайындау қажеттілігі туындайды. 
Тіл – адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін, сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-
қатынасты іс жүзіне асырады. Соңғы жылдары ғалымдар қарым-қатынас кезіндегі сөйлеу құралы болып 
табылатын тілді әр түрлі ерекшеліктеріне қарай жан-жақты зерттеп келеді. Бүгінде халықаралық байла-
нысы күшті барлық елдерде тілдік қатынас мәселесіне ерекше мән беріліп отыр. Жалпы тіл мәселесі, тілдік 
қатынас, сөйлеу әрекеті, олардың түрлері, оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың теориялық және 
әдістемелік мәселелері шетелдік және қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Тіл 
үйретудегі қатысымдық бағытты шетелдік ғалымдар Е.И. Пассов, А.А. Леонтьев, В.Г. Костомаров,
А.Н. Щукин, М.Н. Вятютнев, Г.А. Китайгородская, Г.В. Рогова, Т.А. Ладыженская, И. Зимняя,
В.А. Скалкин, Б.А. Лапидус, Э.П. Шубин, И.Л. Бим т.б. зерттесе, елімізде бастауыш сынып оқушыларының 
сөйлеу дағдыларын дамытудың дидактикалық және әдістемелік аспектілерін А. Байтұрсынов, Ғ. Бегалиев, 
Р. Әміров, С.Р. Рахметова, Ф. Оразбаева, Ә.Е. Жұмабаева, Г.И. Уәйісова, Н. Оразахынова, Т. Әбдікәрімова, 
Б.Қабатай және т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылған. Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің 
көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге (сөйлеу, оқу, жазу, түсіну) бөліп қарастырады. Ал ғалым
Ф.Ш. Оразбаева оларды бес түрге бөліп, ғылыми ұғымдарға талдау жасайды. Олар: оқылым, жазылым, 
тыңдалым, айтылым, тілдесім [2]. 
Жалпы
 
«коммуникация»
термині (латын тілінен аударғанда Communicatio - байланыс, қатынас) – 
араласу, ойлармен, идеялармен, деректермен бөлісу т.б. деген мағынаны береді. Коммуникативтік – 
танымдық қызмет, тілдің көмегімен жүзеге асырылады, еңбек ету мен танымдық үдеріс барысында 
адамдар арасында болатын қатынастардың ерекше түрі. «Дағды» ұғымына психологиялық тұрғыдан 
түсінік беретін болсақ, дағды – автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау 
жолымен қалыптасады [3].
Ал тілдік дағдының қалыптасуы сөйлеу әрекетінде қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. 
«Қатысымдық тұлғалар – тіл арқылы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, белгілі бір орта мен араласу 
жағдайында жүзеге асатын, тиянақты ойды хабарлау және қабылдау қасиеті бар, ерекше деңгейге көтеріл-
ген тілдік тұлғалардың қатысынан тұратын, қарым-қатынастық мәні бар бірліктер». Оқушылар тілдік 
дағдылар бойынша берілген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады, 
білімін кеңейтеді, өз пікірін еркін білдіре алады. Тілдік дағдыларды меңгертуде әрбір оқыту әдісі белгілі 
бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады [4]. Бастауыш сынып оқушыларының тілдік дағдыларын 
дамытуда бір сабақта қолданылған белсенді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану арқылы жоғары оқу 
жетістігіне жетіп отырғанымызды айтқымыз келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет