175
Қазіргі кезде үлкенді-кішілі, қазақша сауатты сөйлейді деген адамдардың өзі орыс тіліндегі
«творительный падеждің» мағынасын қазақ тілінде де сол түрінде қолдану жиі кездеседі. Бұл септіктің
атауын орысша жазуымыз оның қазақ тіліндегі көмектес септікпен бір емес екендігіне назар аударту. Бұл
қателік аударма үшін ғана емес жалпы сауатты сөйлеу мен сауатты жазудан алшақтап бара жатқанымыз-
ды көрсетеді. Өйткені орыс тіліндегі бұл септік кейде әрекет субъектісін берсе, қазақ тіліндегі көмектес
септігі әрекеттің амалын, құралын және біреумен немесе бірнәрсемен бірлесіп жасалғандығын білдіреді.
Мәселен, Доклад был подготовлен известным ученым//Баяндаманы дайындаған танымал ғалым.
Баяндама танымал ғалыммен дайындалған
–
дұрыс емес.
Водой размывает берега реки // Өзеннің
жағасын су шайып кетеді.(
Өзеннің жағасы сумен шайылды емес).
Ветром сломала березу// Ағашты жел
сындырып кетті. (
Ағаш желмен сынды емес
). Өкінішке орай, қазір солай айтылып та жазылып та жүр.
Тіпті маңызды құжаттарда, мысалы, төлқұжатта «Әділет министрлігімен берілген» деп жазылған. Егер
адам қазақша сауатты болса мұны минстрлікпен қоса бірге берілген деп түсінер еді. Ал орыс тіліне арқа
сүйеп қазақ тілінінің өзіндік заңдылықтарын ескермейтіндер мұны дұрыс теп қабылдайды. Ал «қауым-
дастырылған профессор» деген аударманы оқығанда, «кіммен қауымдасып профессор болды екен» деген
сұрақ туады. Бұл сөздің мағынасында қауымдасу яғни бірлесу бар екендігі ескерілмейді. Осы терминді
бекіткен қандай мекеме деген ойға қаласың. Айта берсек, мұндай кемшіліктер мол. Мұны келесі пікір
дәлелдей түседі: Сәйкестікті түпнұсқадағы бірліктің орнына аударма тілдегі бір бірлікпен механикалық
түрде орын ауыстыру ретінде түсінуге болмайды. Сәйкестік ұғымы аудармада
қандай да бір бірліктің
сәйкестігін таңдауды немесе белгілі сәйкестікті пайдаланудан бас тартып, аударманың басқа да тәсілдерін
іздестіруді айқындайтын лингвистикалық және жағдаяттық мәнмәтін ұғымымен тығыз байланысты.
Лингвистикалық мәнмәтін қандай да бір бірлік мәтінде қолданылатын тілдік «қоршау» болып табылады.
Ал оның ішіндегі сөз мәнмәтіні дегеніміз – осы сөз қолданылған сөздердің, грамматикалық тұлғалар мен
құрылымдардың жиынтығы [4, 125].
Жоғарыда атап кеткеніміздей, түпнұсқа мен тәржіменің тілдік құралдары сәйкеспесе, онда түрлі
деңгейдегі сәйкестіктерді пайдалануға болады. Яғни тілдік құралдардың атауы бір болғанмен тілдің
құрылымдық, мағыналық ерекшеліктеріне қарай сонда-ақ контекске байланысты сәйкестіктер тілдің бір
қабатында болуы міндетті емес екендігін айтқымыз келді. Формалық, пішіндік
сәйкестік әруақытта
мағыналық сәйкестіктің бар екендігін көрсетпейді.
Оқу аудармасында өмірден алынған аутентті мәтіндермен жұмыс істеудің маңызы зор. Солардың
бірі – жарнамалар. Бұған көше жарнамасы, теледидар жарнамалары кіреді.
Студенттерге сауатсыз жарнамаладың мысалдары түсіндірілген соң оларға жарнамалармен жұмыс тап-
сырмалары беріледі ол кейін жоба ретінде тапсырылады. Жалпы жарнаманың құрылымы күрделі емес бірақ
алуан мазмұнды, көпқырлы. Жарнама экономикалық, әлеуметтік, саяси, психологиялық және лингвис-
тикалық тұрғыдан өте маңызды рөл атқарады. Күнделікті өмірде ол тілдік қатысымның бір түрі. Жарнама
құлақта қалып қояды, көзге ұрып тұрады сондықтан сауаттылыққа тәрбиелейтін бір құрал десек болады.
Өкінішке орай, қазақ тілінде жасалған жарнамалар аз, көпшілігі сәтсіз аударманың жемісі. Орыс
тіліндегі жарнамалардың мәтіні алдымен эстетикалық, дизайндық, тілдік, эмоциялық тұрғыдан сарап-
талып барып жасалады. Ал қазақша нұсқасы тек аудармашының өресімен ғана өлшенетінін күнделікті
көріп, естіп жүрміз [5]. Бұл жұмыстың нәтижесінде студент сауатсыз аудармаларды жинап,
олардағы
кемшіліктерді талдап көрсетеді, дұрыс аударма жасау жолдарын яғни өз нұсқасын ұсынады.
Оқыту аудармасында тәржіме негіздерін қалыптастыруға пайдалы жұмыстардың бірі қазақ тіліндегі
мультфильмдер аудармасы бойынша талдау жұмыстарын жасау. Назарбаев университетіндегі студент-
тердің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі нұсқасын талдау мүмкіншіліктері бар. Студент зерттеулері
қазақ аудармасының түрлі салаларының даму ерекшеліктеріне сыни көзқарастарын бере отырып, реалия-
ларды аударуда өз нұсқаларын ұсыну арқылы аудармашылық дағдыларын жетілдіреді.
Аударманы тіл білу деңгейі төмен адамдардың жасамайтыны белгілі. Алайда күнделікті өмірден
байқап жүргендей теледидар болсын,
көше жарнамасы болсын, мекеме атаулары, түрлі теледидар
хабарларындағы «жасанды сөздер мен сөйлемдер», әріпқой, сөзбе-сөз немесе калька аудармалардың
болуы және оның тілдік қолданыстағы заңдылыққа айналып бара жатқандығы қынжылтады. Бұлардың
барлығы аударма әліппесін танытудағы таптырмас материалдар болып табылады.
Мәселен, орыс тілдегі анықтауыштық қатынастағы // -ский жұрнағымен келген сөздерді формасын
сақтап аударудан күрделі номинацияларды анықтауыш етіп аудару үрдісі байқалады.
Орыс тіліндегі
диагностический центр диагностикалық орталық болып, центр крови немесе центр матери и ребенка// ана
мен бала орталығы және қан орталығы болып әр түрлі аударылады. Бұған себеп –ский жұрнағы. Мұны
дұрыс делік, сонда торговый центр//сауда(лық) орталық, канцелярские товары// кеңсе(лік) тауарлар болып
аударылу керек пе? Меніңше атау мағынасындағы күрделі сөздерді түпнұсқаға байланбай бірізді етіп
аударған дұрыс. Бұлай айтуымыздың себебі барлық мекеме атаулары, заңдар, құжаттар ең алдымен орыс
тілінде жасалып барып қазақшаға аударылатындығына байланысты. Егер қазақ тілінде жасалса, мұндай
176
әркелкілік болмас еді. Бұдан да өрескел аудармалардың болуы жазылған мақалалар мен сын –пікірлерді
«естір құлақтың» жоқтығын көрсетеді. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласындағы «жүрісі бар автомобиль»
(автомобили с пробегом), теледидардағы «қызыққа тоймастар үшін», «жеңіл балғындық» деген аударма
жарнамалар қате ғана емес, көрер көзге, естір құлаққа жағымсыз болып тұр. Тілде ұсақ-түйек нәрсенің
жоқтығын ескерсек, жұрнақ пен жалғаудың сөз мағынасын өзгертетінін түсіну қиын емес. «Компьютер-
лік класы», «Қызыл залы», «Жасыл залы», «мицелярлық суы», «табиғи суы», № 51 мектебі тәрізді
қателер кетпес еді, әрі заңдылыққа да айналмас еді.
Сондықтан студенттерге берілетін жобалардың тақырыптары да сан алуан. Кейбіреуін атап кететін
болсақ: Тәуелсіз Қазақстандағы тәржіма мәселесі: Астана қаласындағы мекеме атаулары негізінде;
Эргонимдердің қазақ тіліне аударылу заңдылықтары, Тәуелсіздік кезеңіндегі мультфильмдер аудармасы,
Лондон олимпиядасында қолданылған спорт терминдері және олардың аудармасы т.б.
тақырыптар
студенттердің қызығушылығын тудырады.
Қорыта келгенде, оқыту аудармасында студенттерге тек көркем шығармаларды аудару немесе талдау
жұмыстарымен шектелмей қолданыстағы күнделікті өмірде жиі кездесетін аударма туындылармен
жұмыс жасату, талдату іс жүзінде олардың аудармашылық дағдысын, сыни көзқарасын және «осыны мен
қалай аударар едім» деген сұрақ бойынша ізденісте болуын қамтамасыз ететін жұмыс түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: