Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет270/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   565
Байланысты:
2

 
Аннотация: 
В статье рассматривается соответствие// несоответствие языкыковых единиц. Методы 
перевода и задания для закрепления переводческих навыков студентов. 
Ключевые слова: 
учебный перевод, соответствие // несоответствие языковых единиц, добавление, 
замена значение аффиксов, задания. 
 
Annotation:
The article analyses the conformity and non-conformity of linguistic units. Translation methods 
and assignments to consolidate students' translation skills. 
Keywords: 
translation, conformity// non-conformity of language units, adding and replacing the meaning of 
affixes, tasks. 
 
Аударма шығармашылықты қажет ететін жұмыс. Сондай-ақ кез келген аударма ұқыптылықты,
мейлінше дәлдікті қажет етеді. Оқу аудармасында аударманың әдіс тәсілдерін меңгерту екі тілдің (қазақ-
орыс) ерекшеліктерін басты назарда ұстау қажеттігін көрсетеді. Әрине қай-қайсысымыз да қай аударма-
ның сәтті я сәтсіз жасалғанын ажырата аламыз. Ал кемшілікті болдырмау үшін айтатын нақты ережелер 
жоқтың қасы. Өйткені бір мәтінге қатысты қолданылған жақсы әдіс келесі мәтінге немесе тіпті контекске 
жарамсыз болуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда аударманың шығармашылық жұмыс екені және дайын 


174 
ережелердің жоқтығы дәлелдене түседі. Дей тұрғанмен екі тілдің заңдылықтарын ескеру барысында 
кейбір олқылықтарды жібермеудің мүмкіндіктері бар. 
Осы мақалада оқу аудармасы барысында студенттерге екі тілдің құрылымына қатысты ескерілетін
ерекшеліктер және оларды жаттығулар арқылы меңгертудің мысалдары және ол қателер қай кезде 
кететіні мысалдар арқылы көрсетіледі. Жиі жасалған қателіктің заңдылыққа айналатындығы бұл 
мәселенің маңыздылығын көрсетеді және оны болдырмаудың жолын қарастырады.
Сәйкестік дегеніміз – түпнұсқа тілдің мағынасына аударылатын тілдегі бірліктердің мағына жағынан
жақын болуы. Жақын баламаны табу екі тілдегі мағынасын да толық түсінуді қажет етеді. Тіл бірлік-
терінің бірнеше мағынасының болатынын ескерсек осы контексте немесе осы сөйлемде қандай мағынада 
тұрғанын толық түсініп, аударылатын тілдегі баламаны таба білуді қажет етеді. [1; 142] 
И.С. Алексеева «Түпнұсқа және аударма мәтін сәйкестігін тілдік және сөйлеу кезіндегі деп бөледі. 
Тілдік сәйкестіктер тілдің жүйе ретіндегі заңдылықтарына байланысты болса, сөйлеу кезіндегі сәйкестік 
осы тілдік жүйенің нақты қызметінен туындайды. Сәйкестіктерді пайдалану үш әдіспен жүзеге асады: 
1)
Бір ғана нұсқа болғандықтан аудармашы дайын сәйкестікті алады (бір мағыналы, баламалы 
сәйкестік); мысалы, сандар,цифрлы тіркестер 20-ғасыр, сәрсенбі; 
2)
Бірнеше нұсқаның ішінен біреуі таңдалады (нұсқалық әдіс). Нұсқалық сәйкестіктер деп бір сөздің 
бірнеше сәйкестіктері болса айтамыз. Мысалы, «жүрдек» сөзінің орыс тіліндегі нұсқалары скорый, 
резвый, быстроходный. Нұсқа таңдауда сөз тіркесіміне қараймыз. Егер ол пойыз болса- бірінші нұсқа, ат 
немесе жылқы болса-екінші, көлік болса-үшінші. Бұл ретте студентке сөздің балама таңдауда тіркесімдік 
мағынасына назар аудару керек екендігі түсіндіріледі. 
3)
Аудармашы тілдік заңдылықтарды ескере отырып өз нұсқасын тудырады (трансформациялық 
әдіс немесе әр деңейдегі сәйкестік) [2]. 
Аударма теоретиктерінің бірі Л.С. Бархударовтың пікірі де осыған саяды. Мағыналық сәйкестіктер
1) толық сәйкестік; 2) жартылай сәйкестік; 3)сәйкестіктің болмауы [3; 74-80].
Түпнұсқа тіл мен аударма тілдің грамматикалық жүйелерінің сәйкессіздігінің салдарынан кейбір 
грамматикалық формаларды дәл бере алмау сияқты қиындықтар тудыратыны аударма оқулықтарында 
айтылаған [1; 75]. Бұл мәселені оқу аудармасында ескеріп, сәйкессіздіктерді болдырмау үшін жаттығулар 
жасалады. Шағын ережелер, мысалмен түсіндіріледі. 
Біріншіден, қазақ және орыс тіліндегі септік жалғауларының сәйкеспейтіндігіне байланысты қате 
аудармалар ғана емес, қате сөйлемдер де қалыптасып қалды. Сөйлеу не жазу барысында «балаға 10 жас 
болғанда ата-анасы оны оқуға береді» деген сөйлемдер, орыс тіліндегі сөйлемдерді сөзбе-сөз аударудың 
нәтижесі.
Екіншіден орыс тілінде бастауышы жоқ (жақсыз) сөйлемдер де кездеседі. Аударма теориясында 
ауыстыру әдісі деп аталады. Мұндай бастауышы жоқ сөйлемдер қазақ тіліне субъект–предикат болып 
аударылады.
Ребенку весело-(«балаға көңілді» емес), бала көңілді. 
Ему грустно – Ол көңілсіз. (Оған көңілсіз-дұрыс емес). 
Дочери год–қызыма бір жыл- дұрыс емес. Қызым бір жаста. 
Орыс тіліндегі сөйлем құрылымының ерекшелігі кейбір сөздер сөйлемде жоқ болса да контекс 
арқылы білініп тұрады. Қазақ тілі нақтылықты қажет ететіндіктен сол сөзді қосып аударуға тура келеді. 
Мысалы: Из окна дует // Терезеден 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет