Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет336/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   565
Байланысты:
2

Keywords:
Decree on the eradication of illiteracy, the tasks of eliminating illiteracy, issues of theory and 
practice of the Kazakh language. 
Өткен ғасырдың 20-30 жылдары ұлттық кадрдың, қазақ тілінде сабақ жүргізе алатын педагогтердің 
жетіспеушілігі, ана тілінде оқу құралдарының жоқтығы сияқты жағдайлар күн тәртібіндегі өткір 
мәселелер еді. 
Алаш азаматтарының мектеп ісін қолға алу, білікті маман даярлау сияқты қолға алған игі 
шараларының қасында сауатсыздықпен де күресулеріне тура келді. Бұл процесс мектеп ашу, арнаулы 
орта және жоғары оқу орындарын ашу сияқты мемлекеттік маңызды мәселелермен қатар жүргізіліп 
отырды. Бір-бірімен жігі айырылмай біте қайнасқан мұндай шаруалардың басында тағы да ұлттың зиялы 
қауымы тұрды. 
ХХ ғасырға сауатсыздық күйде жеткен елдердің бірі Ресей мен оның құрамындағы отар елдер болды. 
1897 жылы өткен бүкілресейлік халық санағы империядағы тұрғындардың 21,1 пайызы ғана сауатты 
екендігін көрсетсе, ал шет аймақтардағы, отар елдегі жағдай сорақы күйде болды. Еуропалық үлгідегі оқу 
орындарында білім алып, мектептер мен басқа да оқу орындарында оқығандар, сондай-ақ орысша тіл 
білетіндер сауаттылар қатарына жатқызылды да, мұсылманша білім алып, хат танығандар сауаттылар 
қатарына жатқызылмады. Сондықтан да 1919 жылы 26 желтоқсанда жалпы мемлекеттік масштабта 
сауатсыздықты жоюға байланысты «РСФСР халықтары арасындағы сауатсыздықты жою жөніндегі» 
декрет жарияланды. Осы декретке сәйкес оқи және жаза білмейтін 8 бен 50 жас аралығындағылар ана 
тілінде немесе қалауынша орыс тілінде оқып-үйренуге міндеттелді. 1921 жылы 26 шілдеде Қазақ ОАК 


215 
(ЦИК) 16 мен 51 жасқа дейінгі аралықтағы жеткілікті білімі бар барлық адамдарды сауатсыздықты жою 
жұмысына қатысуға тарту туралы қаулы қабылдады. 1924 жылдың ақпанында елімізде «Сауатсыздық 
жойылсын» қоғамы құрылды. Ал бір жарым жылдан кейін, яғни 1925 жылы мамырда Қазақстандағы 
сауатсыздық қозғалысына кең серпін берген «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының Бүкілқазақстандық 
бірінші съезі өтті.
Алайда, «саутсыздықты жою қиын жағдайда жүргізілді: қаржы, мұғалімдер мен оқулықтар, көмекші 
құралдар, жазу құрал-жабдықтары жетпеді. Ойластырылмай жасалған алфавиттік реформалардың 
жүргізілуі де істі қиындата түсті» [1, 4 б]. Ғалым Ж.Е. Өтебалиевтің мәлімдеуінше, сауатсыздарға арнал-
ған алғашқы мектептер Алматыда, Ақмолада, Семейде және Әулиеата қалаларында ашылды [2, 34 б]. 
Сауатсыздар мен шала сауаттыларды оқытудың мына түрлері қолданылды: а) оқу мерзімі 3 айлық сауат 
ашу пункттері; ә) аудан орталықтарында жыл бойы жұмыс істейтін тірек-базалық сауат ашу пункттері; б) 
6-
10 айлық сауат ашу мектептері; в) шала сауаттылардың бір-екі жылдық мектептері; г) тұрақты 
мектептер (әйелдер курстары мен жасөспірімдер мектептері). 1925 жылы көшпелі, жартылай көшпелі 
аудандарда өздігінен жұмыс істейтін сауат ашу пункттерінің саны 639-ға жетті, бұларда 16365 адам 
оқыды» [3, 46 б]. 
Сауатсыздықты жоюды жүзеге асыру шаралары қазақ мектептеріне керекті оқулықтар мен қажетті 
оқу құралдарының санының артуына септігін тигізді. «Мәселен, 1934 жылы тиражы 596 мың дана небары 
4 оқулық шығарылса, 1935 жылы тиражы бір миллион жарымға жететін 15 оқулық шығарылды. Ал 1935 
жылы бастауыш мектептер үшін көп тиражбен «Селолық жерлерге арналған әліппе», «Жұмысшыларға 
арналған әліппе», «Сауатсыздарды оқыту методикасы», «Шала сауаттыларды оқыту методикасы», «Шала 
сауаттылар мектебіне арналған қазақ тілі грамматикасы», «Сауатсыздар мектептеріне арналған 
программа» сияқты оқулықтар шығарылды» [3, 54 б]. Сондай-ақ ересек мектептердің мұғалімдеріне әдіс-
темелік көмек көрсету мақсатында «Ауыл мұғалімі», «Жаңа мектеп» сияқты журналдарда, республика-
лық, облыстық, аудандық газеттердің беттерінде халықтың сауатын көтеру жолында арнаулы материал-
дар басылып жатты. Бұл ретте Ш.Х. Сарыбаевтың «Сауатсыздықпен күресу жолдары» [4], Т.Шонанұлы-
ның «Ересектерді сауаттандыру әдісі» [5] атты мақалалары мен сауаттылыққа үйретудің бір кепілі 
сауатты жаза білуге үндеген Қажым Басымовтың «Емлемізді түзеу туралы» [6], «Жаңа емлеміздің 
ережелерін түсіндіру ретінде» [7], «Жаңа емлеміздің ережелері жөнінен» [8], «Емле сөздігіне негізді 
тиянақ керек» [9], «Түрлі түсті сөздердің жазылуы туралы» [10] атты бір топ мақалаларының жарияланып 
жатты. Осы тұста айта кету керек, жалпы қалың бұқараны сауаттылыққа жетелеген тілші-ғалымдардың 
ішінде сауатты жазу мәселесіне, емле мен орфографияға үлкен мән беріп, мақалаларымен (30-ға жуық) 
баспасөзде белсенді түрде танылғандардың бірі осы Қажым Басымов болды. Сондықтан да сауатсыз-
дықпен күрес шарасында ғалымның да қомақты үлесі бар екенін баса айта кеткеніміз жөн. 
Мектеп санының артуы, училищелер, техникумдар мен ағарту институттарының ашылуы, жаппай 
сауатсыздықты жою тәрізді жалпыхалықтық мәселелермен қатар 20-30 жылдар еншісінде тағы бір 
атқарылуға тиісті шаралардың қатарында қазақ тілінде оқулықтар, оқу құралдарын бастырып шығару, 
ұстаздарға әдістемелік көмекші құралдар, грамматикалық анықтағыштар, сөздіктер шығару, қазақ тілін 
ғылым тіліне айналдыру, халықтың мәдениетін баспасөз арқылы көтеру секілді сан-салалы істер кезек 
күттірместен орындалып жатты. Әрине, оқулық пен кітап жөнінде әңгіме қозғағанда, қазақ балаларына 
оқулық жазған ағартушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет