Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет337/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   565
Байланысты:
2

 
Ыбырай Алтынсарин
мен ұлтының әліппесін әрлеген әліпбидің атасы 
Ахмет 
Байтұрсынұлын
айтпай кету мүмкін емес. Бұлар бұқара халықты білімге жетелеудің бір тетігі, кілті – 
оқулық, кітап деп түсінді. Мәселен, А.Байтұрсынұлының 1913 жылы жарияланған «Білім жаршысы» атты 
мақаласында: «... Білімнің бас құралы – кітап. Қазақ арасына білім жайылуына, әуелі, оқу үйренетін 
орындар сайлы болу керек, екінші, білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек һәм халық арасына көп 
жайыларға керек...» дегені сөзімізге дәлел [11, 257 б.]. 
Заман талабына орай ана тілінде педагогикалық әдебиеттерді, мектеп үшін грамматикалық оқу құрал-
дарын, оқу бағдарламаларын жазу, құру, оның ғылыми және әдеби түсінікті терминдерін қалыптастыру 
проблемалары 20-30 жылдарда шешілуге тиісті мәселелер болды. Қазақ АССР Халық Комиссарлары 
Кеңесі 1920 жылы 8 қарашада Халық ағарту комиссариатына қазақ тілінде оқулықтар жазу мәселесін 
міндеттейді. Ал Халық ағарту комиссариаты программалар жасау, әдістемелік құралдар жазуды 1922 
жылдың маусым айынан бастап қолға ала бастайды. Сөз жоқ, бұл іске мектептер мен оқу орындарында 
білім беруге белсене атсалысқан алаш қайраткерлері жұмыла кірісті. 
Бұдан әрі оқулық жазумен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен программа жазу ісі 1930 жыл-
дардан бастап қолға алына бастайды. 1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған мақалалар 
ғана болса, 1936 жылғы 26 тамызда Қазақ ССР Оқу комиссариаты профессор Қ.Жұбановтың V-VII 
сыныптарға арналған қазақ тілінің программасын бекітеді.
Бұдан әрі С.Жиенбаев, Т.Шонанұлды, 


216 
Ғ.Бегалиев, Ш.Х. Сарыбаев сияқты көптеген тілші-әдіскерлер қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіруде 
өз үлестерін қоса бастайды. Мысалы, 1936 жылы орта мекептің V-VI кластарына арналған С.Жиенбаев-
тың «Грамматика талдауышы», 1938 жылы «Үлкендерге хат танытудың методикасы», 1939 жылы 
«Бастауыш мектепте кітап оқытудың методикасы» атты еңбектері жарыққа шығып жатты. 
Аталған әдіскерлердің қатарында әдістеме іліміне өзінің әдістемелік көзқарасын мақалалары арқылы 
танытқан, көлемді еңбек жазған көрнекті әдіскерлердің бірі Қажым Басымов та болғанын айта кету керек. 
Ғалымның «Грамматиканы оқыту жөнінде» («Ауыл мұғалімі», 1938) атты мақаласы мен «Педучилище 
оқуын сырттан оқитын мұғалімдерге арналған оқу программасы және методикалық нұсқау. Бастауыш 
мектепте қазақ тілінің методикасы» (1938) атты еңбегінің әдістеме үшін маңызы зор болды (соңғы еңбегі 
еш жерден табылмай отыр). 
Сонымен, біз жоғарыда сөз еткен, сауатсыздықты жою, жаңа әліппелер, грамматикалық оқулықтар 
жазу секілді сан-салалы міндеттер қазақ тіл білімінің біртіндеп қалыптасуына, сонымен қатар, қазақ тілін 
жан-жақты оқыту мәселелері қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылым ретінде қарастыруына үлкен себепші 
болды. Осы міндеттердің барлығы бұғанасы әлі қатпаған қазақ тіл білімінің сол қоғам мұқтажы мен 
талабынан туындаған, үдесінен шыға білген міндеттері еді.
«Қазақ тіл білімін қазақтың ұлт мектебі, оның мұқтажы мен талабы өсірді... Өйткені тіл мамандары-
ның совет тұсындағы ең алғашқы зерттеулері мектепке керекті оқулықтар мен оқу құралдарын жасаудан 
басталды» деп профессор А.Ысқақов баяндағандай [12, 19 б.], шыныдығында, 20-30 жылдары қазақ тіл 
білімінің мәселелері мектеп тәжірибесімен байланысты практикалық мұқтаждықтарынан туындаған 
мәселелерді ерекше қолға алып, жан-жақты зерттеу себебінен қалыптасты, қалыптаса отырып, бірнеше 
әдіскер тұлғаларды дүниеге әкелді әрі олар тілді зерттеушілер болды.
Қазақ тіл білімі мен әдістеме ғылымының атасы А.Байтұрсынұлынан кейін 30 жылдары ғалымның 
рухани шәкірттері Қ.Жұбанов, Т.Шонанов, С.Аманжолов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев, Қ.Басымов, 
І.Кеңесбаев, Н.Т. Сауранбаев сияқты ұлттық мамандар грамматикалық категорияларды арнайы зерттей 
бастады. Бұлар – А.Байтұрсынұлы салып кеткен сара жолды жалғастырушылар болды. Сөзіміз дәлелді 
болу үшін ойымызды ғалым А.Ә. Орынбаев былай деп сабақтайды:
«...әдістеме ғылымының көш басында қазақтың біртуар ғалымдарының бірі Ахмет Байтұрсынов 
тұрса, осы саланың одан әрі дамып, негізгі заңдылықтарының белгіленуіне кейін басқа да тілшілер 
атсалысты. Аға ғалымның жолын жалғастырушылар ретінде бұл салада Т.Шонанов, Қ.Басымов, 
С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, Ғ.Бегалиев тәрізді әдіскер ғалымдар еңбек етті. Олар А.Байтұрсыновтан 
кейінгі әдіскер ғалымдардың алғашқы тобын құрайды. Аталған әдіскер ғалымдардың әрқайсысы осы 
әдістеме ғылымының одан әрі дамып жетілуіне өзінше үлес қосты және бұл орайда олардың 
әрқайсысының өз орны бар» [13, 10 б].
Әрине, өзінен кейін мұндай тамаша «әдіскер ғалымдардың тобын қалыптастырып кеткен 
А.Байтұрсынұлының есімі ешқашан өшпейді. Ол қазақ тіл білімінің дамуында өшпес орны бар, қазақ тіл 
білімі мен сөз өнерінің негізгі терминдерін түзіп, оларды халқымыздың ойлау мүмкіндігімен сабақтастыра, 
бұлардың әрқайсысына ғылыми анықтама бере отырып, граматикалық категориялардың жүйесін жасап, 
әсіресе, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (синтаксис) айқындаған 
біртуар азаматтың есімі мен еңбегі халқымыз үшін мәңгі сөнбес жарық жұлдыз іспеттес.
Сонымен қатар қазақ тіл білімі мен әдістемесі тарихында есімдері алтынмен жазылған алғашқы 
ғалымдар тобы тұлға болып қалыптасып қана қоймай, қазақ тілінің тұғырын көтеріп, ұлттың жаны, 
байлығы қазақ тілін қоғамдық қатынастың тілі етіп қалыптастырып кетті. Қазақ тілі төңкеріске дейін 
отбасы, ошақ қасының тілі болса, одан бері ұлт тілі дәрежесіне дейін көтерілген, түрлі заң-законның, 
қаулы-қарардың, ғылым мен техниканың, оқу-ағарту ісінің, үгіт-насихаттың, радио мен баспасөздің тіліне 
айналды, яғни әдеби тіл дәрежесіне дейін көтерілуіне себепші болды. Бұл жайында әдеби тіліміздің 
тарихына шолу жасаған ғалым Ш.Сарыбаев былай дейді:
«1920-
1930 жылдардағы әдеби тіліміз бұл бәз-баяғы Абай тұсындағы, немесе одан кейінгі дәуірдегі 
әдеби тіліміздің нәрестелік, балаң кезі емес. Қазақ тілі оқу, ғылым, мәдениет, баспасөз тілі болды. Әдеби 
тіліміз бұрын болып көрмеген қарқында дамып, бұрын болып көрмеген жоғары дәрежеге жетті. 1920 
жылдарда түрлі мәдени-ағарту, оқу орындарының ашылуы, халықты жаппай сауаттандыру бағытында 
жүргізілген жұмыстар, газет-журналдардың көптеп шығарылуы, аударма жұмысының дамуы, жер-
жерлерде ұлттық театрларының құрылуы, радиохабарларының ана тілінде берілуі, 
түрлі ғылым 
салаларына байланысты оқулықтардың жазылуы, 
баяндама, резолюция, протокол жұмыстарының өріс 
алуы, ғылым, мәдениет, техниканың қарыштап дамуы – осылардың бәрі де қазақтың әдеби тілін жаңа 
сатыға көтеріп, оның қолданылу аясын мейлінше кеңейте түсті» [14, 8 б.].
Әрине, бұл жетістіктер тарихи процестердің жемісі, ұлт зиялылары тілегінің нәтижесі деуге болады. 


217 
Сонымен, түйіндей келе, ұлттық өркендеуімізге, білім мен ілімнің, ұлттық метебіміз бен тіліміздің 
қалыптасуы мен дамуына куә болған ХХ ғасырдың 20-30 жылдары асыл азаматтар ерен еңбектерімен, 
қажымас қайраттарымен еліне, жеріне, ұлтына деген терең сүйіспеншілігінің арқасында халқымыздың 
ұлттық мектебін қалыптастырды, оқимын деп сусындаған қалың елді әліппемен, оқулықпен, оқу 
құралдарымен жарақтады, еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін ұлттық кадрлар даярлады, жаппай науқанға 
айналған сауатсыздықты жойды, түрлі ғылымның дамуына сара жол салып, тарихымыздың жарқын 
беттерінің айтулы тұлғаларына айналды, ұлт зиялылары ұлттық мектебімізді түзіп берді. Аталған кезеңде 
«ұлттың танымы мен талғамын, білімі мен білігін аңғартар тамаша тұлға» қалыптасты. Сондай заман 
перзенттерінің бірі – 
Қажым Аманғалиұлы Басымов
болды. 
Ел етегін жиып, ертеңін ойлауға көшкенде, мектебін бекем қылғанда жас ұстаз ретінде білім 
ошақтарында білім берген, елде сауаттандыру саясаты жүргізілгенде педагог ретінде ерінбей еңбектенген, 
азаматтық борышым деп қазақ тілінің қанат жаюына қатысқан, қалың бұқараға еңбегін паш етіп, еліне 
елеулі болған, тілім деп тебіреніп, тіл ғылымын көп болып көтеріскен 
Қажым Басымов
заман талабын 
орындауға үлес қосқан 
ұлтжанды азамат болды,
алаш азаматтарымен қоса заман, дәуір проблемасына 
елеулі еңбек сіңірді. Қазіргі айтылып жүрген ұлттық кодтың бір бөлшегі тілді сақтай отырып, өзгелерге 
үйретудің басы-қасында болды, халқына күштеп таңылған сол кездегі латын графикалы әліпбиден 
туындаған жазу мәселесін жан-жақты түсіндіру жұмыстарына баспасөз арқылы азаматтық үн қосты. 
Алғашқы қалыптасқан ұлттық интеллигенция өкілдерімен бірге азаматтық іс атқара жүріп өзі де дара 
тұлға болып қалыптасты. Өнегелі ұстаздық жолында тіл білімінің салалары бойынша қадау-қадау еңбек 
жазып, өзіндік қолтаңба қалдырды.
Бүгінде тұтас бір дәуір жүгін тең бөлісе білген азаматтың артында мол тарихи әрі тілдік мұра қалды. 
Егер де прагматизмнің мәні ұлттық байлығымызды нақты білудің бір мысалы десек, ұлт мәдениетінің 
өкілі әдіскер-ғалым Қажым Басымовтың әдістемелік мұрасы қазіргі рухани жаңғыруға бетбұрыс жасалған 
кезеңде заманауи көзқараспен бағаланып, ғылыми мұрасының жан-жақты танылуына жол ашылуы керек 
деп ойлаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет