Аннотация:
Статья посвящена выяснению необходимых инструкций при переводе военных
терминов на казахский язык, овладении трехгранностью курсантов в современной системе образования.
Кроме того, рассмотрены проблемы обучения будущих офицеров не только в военном напрвлении, но и
изучение военных терминологий на трех языках, работа с текстами, ведение переговоров.
Ключевые слова:
трехязычие, терминология, военные термины, информационные технологии
Annotation:
The article is devoted to finding out the necessary instructions when translating military terms
into Kazakh, mastering the trinity of cadets in the modern educational system. In addition, the problems of
training future officers are considered not only in military instruction, but also in the study of military terminology
in three languages, work with texts, negotiating.
Keywords:
trilingual language, terminology, military terms, information technology
Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашыл-
дықтар еліміздің экономика саласында да, білім беру жүйесінде де тың өзгерістерді еңгізіп отыр. «Жаһан-
дық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз
оларға дайынбыз. Біздің ендігі мі ндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай
отырып, XXI ғасырда орнықты дамуды жалғастыру», - деп Елбасымыздың Жолдауында айтылғандай,
еліміз қай салада болмасын қарқынды дамып, әлемдік кеңістікке қарыштай қадам басып, еркін қанат
сермеуде [1].
Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгеруге аса назар аударылып,
жан-жақты жол ашылған. Үштілді оқыту-заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына
апарар басты баспалдақтардың бірі.
222
«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан
халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
атты халыққа жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен жүзеге
асыруды ұсынды.
Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халқына Жолдауында: «Тілдердің үштұғыр-
лығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әдемге халқы
үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар – қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі
–
ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экнономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген
үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілдің маңызы зор.
Ағылшын тілі – әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын
тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық
технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне
жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде» [2, 49].
«Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет
болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы», Б.Хасанұлы анықтама бергендей бүгінде
оны қолдануға жан-жақты күш салынуда[3, 4].
Үштілдіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол. Біз
үштілдікті тәуелсіз еліміз үшін стратегиялық мәні ерекше құбылыс деп бағалаймыз, сондықтан да бұл
құбылысты төрттілділік пен бестілділіктен бөліп қараймыз, үштілділіктің сыңары ретінде кез-келген шет
тілін алуға болар еді, бірақ біз бұл жерде де қоғамның нақты сұранысы басым түскен қазақ, орыс,
ағылшын тілдеріне ерекше мән берген жөн деп түсінеміз.
Бүгінгі таңда мемлекетімізде үштілділік мәселесін нақты іс түрінде жүзеге асыру керек пе? Әрине,
керек. Еліміз бен жерімізге ие болатын жастар үш тілді де қатар меңгеруі тиіс. Бірақ бұл үш тілдің тұғыры
бірдей деген сөз емес. Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар, ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тұғыр сөзі
діңгек, қазық деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір
діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің
алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық
секілді қадалады. Бірақ кейбіріміз үштілділік үдерісі жөнінде басқаша көзқарас танытып жатамыз. Мұның
себебі осы бір сөздің мағынасын түсінбеуден келіп шығады. Бірқатары осы бағытты ұстануға оң көзбен
қарап, құптаса, енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде.
Атап айтсақ, саясаттанушы Т.Әбдуәлидің: «Мемлекет басшысы жаһандану жөнінде мәселе көтерген-
де де өре түрегелдік. Жаһандану дегеніміз қарапайым сөзбен айтқанда жоғары деңгейге жеткен елдермен
қарым-қатынасымызды нығайту. Соның бірі – тілдік коммуникация. Бұл үшін халықаралық қатынас тілі
болып жүрген ағылшын тілін үйренуге жастарымызды жатпай-тұрмай баулуымыз керек. Оның қажет-
тілігін уақыт өткен сайын өткір сезініп келеміз» деген ойын оқытушы Т.Тәңірбергенқызы ары қарай
жалғастырады: «Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге
ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білуіміз керек. Себебі, ағылшын тілі мемлекеттік тілмен
бәсекелес емес» [4, 7].
Ия, расында да, ағылшын тілі қазақ жерінде өз үстемдігін жүргізе алмайды. Қазақстанда тек қазақ тілі
ғана билік құра алады. Ағылшын тілі – қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі. Мәселен, М.Әуезовтың
«Абай жолы» романы ағылшын тіліне аударылмаса Абайдай ғажап ақынымызбен қалай мақтанар едік?
Ағылшын тілінің қоғам өміріндегі алатын орны мен сұранысы жылдан жылға өсіп келеді. Күнделікті
өмірде біз шет тілінің сөздік қорына кіретін барлық сөздерді қолдана бермейтініміз бәрімізге таныс
жағдай. Сондықтан біз көп жағдайда бір адамға белгілі ойды жеткізу үшін, не болмаса өзімізге қажетті
ақпаратты алу үшін көп кедергілерге тап боламыз. Сол себепті біздің ойымызша, курсанттардың сөздік
қорының тез көбеюіне бірден бір шартты жағдай, олардың айналасындағылармен ағылшын тілінде
жиірек сөйлесуі болып табылады. Оқудың бастапқы кезеңінде курсанттарға ағылшын тілін оқып білуге
деген үлкен құлшыныс байқалуы мүмкін. Осы орайда біздің ойымызша, оқытушылардың басты міндеті –
курсанттардың пәнге деген қызығушылығын кемітпей, оларға үсынылатын материалдардың әсерлі де,
тартымды болуын қадағалап отыруы қажет. Бұл мәселерді шешуге тілдік ойындар үлкен көмек болмақ.
Оны пайдалану жақсы, әсіресе курсанттардың сабаққа деген қызуғышылығын арттырып қана қоймай,
олардың зейінің ең басты қажетті объектіге, яғни ойын кезінде сөйлесудің жағдайы барсында тілдесу
дағдыларын меңгеруге мүмкіндік жасайды. Ағылшын тілін үйрету барысында оқытушы курсанттармен
бірлесе отырып, тілдік материалды түсіндіргенде, түпнұсқалық көркем әдебиеттерден алынған үзінді
мәтіндер, мәдениет, этика, өнер, тілін үйреніп отырған ел мәдениеті жайлы толық мағлұмат алуына
мүмкіндік береді.
223
Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу -
ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып ала бастаған
Қазақстан үшін қажеттілік. Қиындық туғызатыны – аталған үш тілді меңгерген мамандардың кездесе бер-
мейтіні. Ендеше, аталған компоненттерден тұратын, яғни қазақ, ағылшын, орыс тілі қатысқан үштіл-ділік
сөйлермендерін дайындау кезек күттірмейтін мәселе. Мәселені түбегейлі шешу үшін Қазақстанның жоғары
оқу орындарында ағылшын, қазақ тілінен маман болып шыққан қазақ тілді қазақ және басқа ұлт өкілдерін
үштілділікке ыңғайлап қайта дайындаудан өткізіп, оларға үштілділік маманы деген құжат табыс еткен жөн.
Ұлттың өркендеп, тіліміз өз еліміздегі және халықаралық дәрежедегі орнын нығайтқан кезде біздің сөз-
деріміз де өзге тілдерге енетіндігіне, тіліміздің әлемдік ақпарат кеңістігінен өз орнын иеленетіндігіне күмән
келтірмеуге болады. Бүгінде қазақ тілінің әлем тілдерінің ешқасысынан да кем түспейтін, бірнеше ғасырлық
даму тарихы бар, ұлттық әдеби тіл деңгейіне дейін дамып жетілген ұлы тіл екендігіне еш күмән жоқ.
Өркениет өріне қанат сермеп, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып отырған қазақ халқының «ұлттық
тіл», «әдеби тіл», «ғылым тілі», «мемлекеттік тіл», деген салалардан тұратын мәртебелі тілінің заман
талабына сай жаңарып, өркениет өрісі мен ұдерісіне сәйкес өзгеріп, толығып, дамып отыратын сезімтал
да сергек, өміршең де өзекті арнасы – осы терминология. Ұлттық терминологияны дамытуда негізгі
жолдарын айта кетсек:
1.
Қазақ терминологиясын реттеу. Бұл міндет – мемлекеттік іс болып табылады. Терминология туралы
мемлекет тікелей қамқорлық жасағанда, өз тарабынан қажетті шаралар қабылданғанда, қаржы-ландыру
және идеологиялық қолдау болған жағдайда оның орындалуы сөзсіз. Сондықтан Мемлекеттік
терминология комитетінің мәртебесі өзгертіліп, оның ережелері, міндеттері (термин жасау, өзгерту, реттеу,
жүйелеу, қалыптастыру, жариялау, қолданыс аясын кеңейту, тұрақты қолдану, салалық, темино-логиялық
бюллетендер шығару және т.б.), құрылымы қайтадан қаралып, жаңа бағыттары белгіленген ресми орган
ретінде бекітілуі қажет. Бұдан басқа бүкіл ғылыми – шығармашылық мүмкіндікті, ғылым мен техника,
өндіріс пен мәдениет салаларында нәтижелі жұмыс істеп жүрген қостілді әрі көптілді мамандарды осы
мәселе төңірегіне топтастырып, олардан әрбір сала бойынша авторлық және шығарма-шылық ұжымдар
құрылып, олардың қызметіне Мемтермнком басшылық етіп, салалық терминологиялық сөздіктер
серияларын жасау мәселелерін шешуі, пәндер бойынша оқулықтар, анықтамалар дайындау жөнінде қажетті
шаралар қабылдауы, оларға қаржы бөлу және авторларды ынталандыру мәселелері шешуі тиіс:
2.
салалық терминдер мен атауларды жаңадан жасауда, оларды өзгерту мен ауыстыруда қазақ
тілінің қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану;
3.
күн санап толассыз туындап жатқан терминологиялық ұғымдарға тілімізден дәл балама табуды
да, сондай-ақ жаңа термин атауларды жасауда да терминге тән нақтылқты пайдалану;
4.
терминдер мен атауларды қазақ тілінің негізгі ережелеріне, жазу дәстүріне сәйкес реттеу;
5.
туыстас түркі тілдерінің тәжірибесін назарға алу;
6.
сөз құрау моделінің барлық түрінің термин құрайтын мүмкіндіктерін ашу;
7.
баламасыз шетел терминдерін ұлттық тілдің дыбыс жүйесіне бейімдеу;
8.
ғылымның нақты салаларына орныққан шығу тегі латын, грек, араб және т.с.с. халықаралық
терминдердің белгілі бір көлемін қамтитын жеке сөздік шығару;
9.
зерттеу процесіне қолданылатын әлемдік тәжірибені, туыстас тілдердің, интернационалдық
терминдердің модельдері мен терминдік атауларын пайдалану, оларды қазақ тілінің фономорфологиялық
ерекшеліктері мен ережелеріне сәйкес бейімдеу;
10.
орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген терминологиялық атауларды мүмкіндігінше қазақ
тіліне аударып пайдалану, аударуға келмейтіндерін мағына жағынан сақтай отырып, грамматикалық
тұлға жағынан қазақ тілінің фономорфологиялық ерекшеліктеріне бейімдеп пайдалану;
11.
терминография бойынша жұмыстарды дамыту;
12.
терминоголия бойынша жүргізілетін кешенді іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында
жария ету [5].
Бүгінде терминологияның әскери терминдер саласы бар екендігі белгілі. Бұл ретте 4000 терминнен
тұратын қазақ тіліндегі әскери терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігін, әскери іс туралы
қосымшаларды, бұйрықтар мен жарлықтар терминдерін қамтитын қосымшаларды атауға болады.
Алайда, қазақ тіліндегі әскери терминжасам – жалпы теориядық тұррғыда арнайы жеке зерттелмей
келе жатқан тақырыптардың бірі.
Әлемдік стандарттарға сай әскери, әскери – техникалық терминдер жүйесін қалыптастыру, соған
сүйене отырып, лексикалық бірлік ретінде лексико – грамматикалық қасиеттеріне зертеу жүргізіп,
жүйелеу қажет. Бұл мәселені шешуде біраз қиындықтардың болуы қалыпты ағдай.
224
Ендеше әскери терминдерге қойылатын талаптардың ең жоғарғысы түсінуге қолайлы, қарапайым, анық
тілде болу. Мәселен, командир, бұйрықтар қатары, тарату әрекеті кезіндегі терминдердің мазмұны қысқа,
жинақы болуы шарт. Мысалы, Attention! – Тік тұр!- Смирно!; At ease – Еркін тұр – Вольно; Get up –Тұр –
Встать; Quick march – Адым бас – Шагом марш; Halt or I fire –Тоқта, атамын – Стой, стрелять буду; Get in
line. Fall in stand ready –
Саптал – Становись; Halt. Who goes there?- Тоқта, келе жатқан кім? – Стой.Кто
идет?; Go back – Кері шегін – Назад; Come to me – Маған кел – Ко мне; On the spot – Орнында – На месте;
About turn –
Артқа бұрыл – Кругом; Wait for it – Назар аудар – Внимание; Stop (doing something) – Доғар –
Отставить; Rearrange uniform – Жөндел – Заправиться; Remove hats- Бас киімді шеш – Головной убор снять;
Right incline (half-turn) –
Жартылай оңға – Пол оборота направо; At the double – Жүгір – Бегом; Step out.
Lengthen stride –
Кең адым – Шире шаг; Increase the pace – Жиі адым – Чаще шаг; Two paces forward – Екі
адым алға – Два шага перед; Line up – Сапқа тұр – Cтать в строй; Lie down – Жат – Ложись; Dismiss –
Тарал – Разойдись; Keep in step – Аяқты дұрыс бас – Идти в ногу; Number off – Санал – Рассчитайтесь; To
your places –
Орындарыңа – По местам; Do as I do – Менің қимылымды орында – Делай, что я; Assume battle
formation –
Ұрысқа –К бою. Follow me – Менімен – За мной; Eyes right – Оңға – Направо; Eyes left – Солға.
Налево. Әскери терминдер жүйесінің болуы барлық тілге тән. Дәл осы жағдай терминдерді басқа тілдерге,
керісінше олардан төл тілге аудару барысында керекті нұсқаларын тез табуға көмектеседі.
Әскери терминдерді аудару кезінде әскери лексиканың өзіндік жүйелігі ескерілуі тиіс. Бұл жүйелілік
терминдердің қолданылу аясын нақты көрсетіп, әскери іс пен әскери теминологияға сүйену арқылы
терминнің сәйкес нұсқасын табуға жол салады.
Мемлекетіміздің әскери жоғары оқу орнының мақсаты – Отанына адал, жоғары білімді және білікті,
әскери іс – қимылдар жүргізе алатын болашақ офицерлер дайындау. Ендеше, болашақ офицер тек әскери
бағытта білім алмай, сонымен қатар қазіргі әлем картинасында түсіне білуі керек. Қазіргі таңда академия
қабырғасындағы курсанттар ағылшын тілінің тәжірибелік сабақтарында арнайы термин сөздерді үш тілде
меңгеріп, мәтіндермен жұмыс жасап, келіссөз жүргізуді және іс-қағаздармен жұмыс істеуді үйренуде.
Академия оқытушылары әрдайым курсанттарға пайдалы әрі қызықты түрлі оқу- әдістемелік құралдар
шығарып тұрады, ашық, тәжірибе сабақтары жиі қарқынмен өткізіліп, нәтижесінде, семинарлар мен
ғылыми-практикалық конференцияларда талқыға алынып, курсанттармен бірлесе жасалынып жүрген
жоба жұмыстары кеңінен орын алуда.
Достарыңызбен бөлісу: |