Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет373/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   565
Байланысты:
2

Бағалау – 
білім беру үдерісіне қатысушыларды хабардар ету, кері байланысты жүзеге асыру, оқу 
мәселелерін диагностикалау мен жетістіктерді өлшеудің негізгі құралы.
 
Бүгінгі таңда бағалаудың бірнеше 
түрі және техникалары жүзеге асырылуда. Соның ішінде қазіргі таңда ең жиі қолданыстағысы – 
критериалды бағалау. 

Критериалды бағалау
– 
білім алушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары 
мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын ала таныс, ұжым 
талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы білім алушының оқу жетістіктерін салыстыруға 
негізделген үдеріс. 
Білім алушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалау, мектепте оқыту сапасын 
жоғарылату, бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру – қазіргі білім берудің басты 
мақсаты. Соған байланысты білім алушыларды бағалаудың өлшемдік технологиясымен таныстыру – 
уақыт талабы.
Бағалау 
– 
бұл білім беру мәселелерінің жетістіктері мен диагностикасын өлшеудің, кері байланысты 
жүзеге асырудың, білім беру үдерісіне қатысушыларды (білім алушылар, оқытушылар ата-аналар және 
мемлекет) білім берудің жай-күйі, мәселелері мен жетістіктері туралы хабардар етудің негізгі құралы. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі 
– 
бұл білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын 
бағалау жүйесі (білім алушылардың жоспарланған білім беру нәтижелеріне қол жеткізуі), білім беру 
процесінің маңызды элементі. 
Бағалау 
– 
бұл білім алушылардың оқу және танымдық қызметін бақылау үдерісі, сондай-ақ білім 
беру сапасын жақсарту мақсатында субъект туралы ақпаратты сипаттау, жинау, тіркеу және түсіндіру. 
Баға 
– 
бағалау үдерісінің нәтижесі, бағалау қызметі немесе әрекеті, кері байланыстың сапалы 
ақпараты. 
Баға белгісі
– 
бұл білім алушылардың оқу жетістіктерін цифрмен, әріптермен немесе басқа түрде 
бағалаудың шартты-формальды, сандық көрінісі [1,15]. 
Сапалы нәтижелерге қол жеткізуі үшін заманауи бағалау: 

білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына түсінікті; 

икемді; 

көп құралды; 

психологиялық тұрғыдан қолайлы; 

көп құрамды. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін тиімді бағалау мақсатында мұғалім немесе оқытушы әр түрлі: 
диагностикалық, формативті және жиынтық бағалауларды қолданады. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың негізгі мақсаты алынған білім беру нәтижелерінің 
алдын ала жоспарланған деңгейіне сәйкестігін анықтау болып табылады. 
Бағалау: 

білім алушы назарын оқу мақсатына және табысқа жету критерийлеріне аудару; 

оқытушының іс-әрекетін әрбір білім алушының жеке даму технологияларын жетілдіруге бағыттау, 
атап айтқанда: 

білім алушыға шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты ұсыну (өз күш-жігерін неге бағыттау, нені 
жақсартатын, нені түзететіне, назар аудару): 

білім алушылардың өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру; 

білім алушылармен үнемі кері байланыс орнату; 

білім алушыларды әрі қарай мақсатты оқуға ынталандыру; 

ақпарат беру 

білім алушыларды олардың жұмысының сапасы туралы хабар ету; 

білім алушылардың прогресі туралы ата-аналарды хабардар етіп отыру. 


251 
Дегенменде, бүгінгі таңда оқыгу теориясында бақылау немесе бағаның мәні, тәсілдері жайлы әлі де 
болса ортақ пікір қалыптаспай отыр. 
Бақылау 
– 
кең келемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту үдерісінде білім 
алушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен 
қабілетінің дамуына ықпал етеді. 
Бағалау
– 
оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау – бір нәрсенің деңгейін, 
сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны білім алушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің 
міндеттерін білім алушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің 
сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал. 
Педагогака ғылымы саласыңда білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. 
Мысалы, ғалым-педагогтер Ю.К. Бабанский, Н.А. Сорокин бақылаудың күнделікті, анда-санда, 
корытынды түрлері бар деген пікірлер айтады. Ал Г.И. Щукина: күнделікті, тақырыптық, анда-санда, 
қорытынды және емтихан кезіндегі бағалау түрлері бар деген көзқарасын білдіреді. Е.А. Дмтриев: 
күнделікті, тақырыптық және қорытынды сияқты түрлері бар деген қорытындыға келеді. 
Профессорлар Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаевтың "Педагогика" оқулығында ол: тақырыптык, 
тараулар бойынша, дүркін-дүркін және қорытынды бақылау деп бөлінген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет