252
Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту
процесінде өздерінің аддында тұрған міңдеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әртүрлі
қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.
Оқушьшардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен тәжірибесінде
белгілі бір әдістерді колдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар: ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара,
топтық, фронтальдық сүрақ).
-
жазбаша бақылау (диктант, шығарма, кесте, сызба, суреттер кұрастыру).
-
тәжірибелік бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе
жүргізу).
-
машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды,
диафильмдерді қолдану).
-
өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау,
соған сәйкес балл қою).
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары
қалыптасқан. Оның
тиімділігі мұғалімнің оларды дұрыс үйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық білім алушыларға сұрақтар немесе мазмұны
бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында білім алушылар арасында ынтымақтастық,
жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған
жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметгік құнды мотивтер
қалыптасады.
Топтық бақылауда белгілі білім алушылар тобы сабақ барысында мүғалімнен тапсырмалар алып
орындайды. Кейде, кейбір білім алушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру,
ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысына ерекше көңіл бөлген
жөн [3,100].
Сонымен, бағалау – қозғаушы күш. Білім алушы дұрыс бағаланса алдыға жылжиды. Білім алушы
үшін ең жаманы бағаланбай қалу. Бағалау – бұл білім алушылардың үлгерімі жөніндегі мәліметтерді
жинақтау және сараптау. Бұл – ғылыми ұғым, ал білім алушы көзқарасымен бағалау сабаққа білім
алушының ынтасын оятатын немесе қызығушылығын жоятын құрал.
Достарыңызбен бөлісу: