Keywords:
fairy tales, national character, oath, knowledge, national consciousness, mind, intellect.
Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып
табылатын «Ұлы даланың жеті қыры» жаңа бағдарламалық мақаласында: «Төл тарихын білетін, бағалайтын
және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты
бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы», [1] –
деп көрсетілген.Төл тарихтың басты тірегі – тіл, ұлттық құндылықтар десек, қазіргі тіл білімі саласында
ұлттық мәдениеттегі құндылықтар ұғымын тіл арқылы тану үдерісі кеңінен дами отырып, зор жетістіктерге
жетіп келеді. Соның ішінде тіл арқылы мәдениетті, мәдениет арқылы тілдің мағыналық реңкін, соның
негізінде жаңа атаулардың этимологиясын тану мүмкіндігі лингвомәдениеттану ғылымы арқылы жүзеге
асып келеді. Қазақ тіл білімінде тілдің мағыналық қабаттарын халықтың танымы арқылы айқындау жүйе-
сінің негізін академик Әбдуәли Қайдар қалаған болатын. Оның «Халықтың дүниетанымы мен болмысы
оның тілінде сақталып, тіл арқылы көрініс тауып отыр. Әртүрлі заттың, құбылыстың аты-жөні, сыр-сипаты,
қозғалыстық қатарлар, әдет-ғұрып, салт-сана мен дәстүрлер жайлы мағлұматтар, бәрі де кейінгі буындарға
тек тіл фактілері арқылы ғана, яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестер, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер,
аңыз ертегілер арқылы ғана келіп жетуі мүмкін емес» [2,18] – деген тұжырымы тілдік деректерден тыс,
халық, этнос дүниетанымындағы білімдер жүйесі де тілдің бойында көрініс табатынын және оны зерттеудің
жаңаша тәсілдері қажет екенін байқағанын көрсетеді.
Ертегілердесонау есте жоқ ежелгі заманнан келе жатқан салт-сана, ой-пікір, көркем бейне, асыл сөз,
әр дәуірдің ұғым-түсінігі, пайымы мен оқиғасы, қиял-арманы, көне сарын бар, осының бәрі сюжетпен де,
сюжетсіз де баяндалып, алуан формада жеткен бізге.Ертегілер – бүгінгі күллі руханиятымыздың негізі,
әрі тұғыры, халқымыздың өткені мен бүгіні ғана емес, келешектің де кепілі, яғни ұлттық сипатымызды
сақтаудың өзегі. Ол – осы заманғы бүкіл мәдениетіміздің де ажырамас бөлігі, таусылмас қайнар көзі.
Ертегілер өз сюжетіне байланысты халық ертегілері қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, жануарлар туралы
болып бөлінеді [3,408].
Тіл мен таным, тіл мен ой, тіл мен сана, тіл мен мәдениет, тіл мен қоғам арақатынастары сабақтасты-
ғын зерделеу бүгінгі қазақ лингвистикасының негізгі бағыттарының бірі. Соңғы онжылдықтар кезеңіндегі
зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды ұстаным етеді. Осыған орай соңғы кезеңдерде
лингвистикада ұлы мұралардың тілдік табиғатын, ерекшелігін тану негізінде ұлттық болмыс-бітімді,
дүниеге көзқарасы мен рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес тілдің табиғатын нақты тілдік дәйек-
термен ашуға бағытталған. Осымен байланысты өмірлік ұстанымы бар, өз елінің мақсат-мүддесіне
қызмет ете алатын кәсіби білікті, озық ойлы ұрпақтың қалыптасуына халқылымыздың киелі салт-дәстүрі
және ұлттық идеалға негізделген рухани құндылықтары жатады. Академик Ғ.Есім: «Ұлттық сана, халық-
тық дүниетаным, ұлттық ойлау, мәдениеттің түп төркіні көне түркі заманынан басталады», – деп дәлел-
дейді [4, 49]. Қазақ этносының дүниетанымы оның тілінде, ауыз әдебиетінің шығармаларында көрініс
тауып, сақталып, сол құндылықтарды бүгінгі және келер ұрпаққа жеткізу негізгі мақсаттардың бірі. Осы
орайда ұлттық ойлаудың шығуын тану үшін құнды қазақ ертегілерінің тілдік сырына ұлттық таным
тұрғысынан қайта үңіліп, зерделеу, зерттеу негізгі мақсаттардың бірі болмақ.Қазақ ұлтының мәдениеті
мен тілінде ерекше орын алатын, мәні мен мазмұны өшпес құндылыққа жататын шығармалар – ертегі-
лер. Мұнда халықтың мәдени-тарихи өмірі, халықтың дәстүрлі өмір тәжірибесінің ұлттың рухани
құндылығы, парасаттылық өлшемі, ізгілігі жатыр. Ізгіліктің негізгі қағидаларына: әділдік, парасаттылық,
адалдық, ақылдылық, игілік, жақсылық жатады.
Жалпы әлемдік әдебиеттану ғылымында сөз өнеріндегі ерекше көркемдік құбылыстың бірі, керек
десеңіз, бірегейі –ұлттық характер мәселесі екені соңғы жылдары өткір айтыла бастады. Ұлттық характер
304
барлықтың(болмыстың) бастауы. Бүкіл дүние, ондағы тіршілік иесін жаратушы өзіндік ерекшелікпен
жаратқан. Ал, ұлттық характер дегеніңіз сол ерекшеліктен бастау алады.Ұлттық характердің баса ашып
көрсететін мәселесі сол халықтың рухани биік парасатын, төл қасиеттерін айқындауында десек, сол
шындыққа апарар жол болмақ. Осы тарапта, біз «Аяз би» ертегісіндегі ұлттық характер мәселесіне назар
аудармақпыз.
«Аяз би» ертегісінде жігіт елге жакқан, қиынның ебін, қиюсыздың бабын тапқап ақылды болған-
дықтан, хан сарайын да өз дегеніне мойындататын, үлкен күш иесі боп кетеді. Қарадан шығарып, «
Достарыңызбен бөлісу: |