уәде-аманат
деген
құндылықтарға айналған [6].
Оқырман кейіпкердің есімі арқылы жақсы деген не, жаман деген не деген философиялық сұраққа
жауап іздейді. Сөйтіп, адамның жақсы-жамандығы түрінен емес, ой-санасынан, танымынан, іс-
әрекетінен, ақыл-парасатынан білінеді.Жаман символдық роль атқарған. Сол арқылы қазақтың ұлттық
болмысы ертегіде өте сәтті көрсетілген. Академик Зәки Ахметов: «Ұлттық характер – шығармадағы
кейіпкердің ұлттық сипатымен ерекшеленген мінез-бітімі, оның белгілі бір халықтың өкілі екендігін
танытатын психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі», – дейді. [7,360]
Оны ертегіде ханның аузынан естиміз: «Жаман болса да, қысылғанда айла табатын ақылды,
Данышпан еді. Әркімнің пайдасына жарайтын еді. Сендер күндеп, ақырында екеумізді айырдыңдар.
Егерде ол сендерге ақыл таппаса, сендер өлетін едіңдер. «Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» деген мақал
бар», – дейді. Хан Жаманның ақыл-парасатына көзі жетіп, ел жинап, отыз күн ойын, қырық күн тойын
қылып, қызды Жаманға алып береді. Жаман тапқырлығымен ханға жағып, екеуі дос болыпты.
Қорыта айтқанда, Рухани жаңғыру кезеңі ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени-рухани құндылықтар-
ды қалпына келтіріп, халық жадында жаңғыртуды қажет етеді. Осы тұрғыда ертегі халық танымының
базалық негізі бола алады, ертегілерден кейіпкердің ұлттық сипатымен ерекшеленген мінез-бітімін,
ұлттық мінезін, дархан көңілін, қазақтың ұлттық болмысын, оның белгілі бір халықтың өкілі екендігін
танимыз. Ертегі тілі арқылы этностың құндылық жүйесін зерттеу қазақ халқының дүниетанымдық өзіндік
ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
306
Достарыңызбен бөлісу: |