Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет434/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   565
Байланысты:
2

бақпен 
асқан патшадан, мимен асқан қара артық»
деп, халық ертегісінде ондайды хан да қойған.
Әңгіме былай басталады: Уа, мырзалар, жолболсын! – деді. 
Уәзірлер ханның сондай бір жұмысқа жұмсағанын, шөптің, құстың жаманын тауып, ал адамның 
жаманын таба алмай жүргендерін айтады. Жаман тұрып: 
– 
Түсінікті! Адамныңжаманыкерекболса, мен боламын, – дейді.
 
– 
Олайболса, жарайды,–деп, Жаманды атына мінгестіріп алып ханға жөнеледі. 
Ханға келе жатып, Жаман: 
– 
Адамның жаманын тауып алдыңыздар, бірақ шөптің жаманы мен құстың жаманын таба алмаған 
екенсіндер. Шөптің жаманы–қарақоға, құстың жаманы–сауысқан еді, – деп, уәзірлерге қырғауыл мен 
шеңгелді тастатып, олардың орнына қарақоға мен сауысқанды алдырған.
Мен құстың жаманы

қырғауыл, 
шөптің жаманы

шеңгел деп ойлаушы едім, сен оларды уәзірлерге тастатыпсың. Сен шөптің жаманы

қарақоға, құстың жаманы

сауысқан екенін кайдан білдің? 
– 
дейді. 
– 
Тақсыр хан! Елу жасқа келіп жаман болған жоқпын, жасымнан-ақ жаман едім. Өмірім отын, су тасу 
мен кісі есігінде құлшылықта өтті. Сол уақытта шеңгелді әкеліп отқа жақсам, кешке жаққан отым 
ертеңіне дейін, сексеуілдің шоғындай жайнап жататын еді. Сол уақытта: «Киім жыртып, мал жемейтін 
шеңгел отын болып, пайдаға асады екен-ау», –деп ойлаған едім. 
Ал енді қарақоғаны алып, отқа жақсам, 
жанбайтын еді, үрсем, жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап үйдің ішін алып кететін еді. Отқа 
жанбаған соң апарып малға салсам, барлық мал мұрнын жиырып, жемейтін. Сонан соң: «Қарақоға 
тіпті пайдаға аспайтын шөп қой», 
– 
деп ойлаушы едім. Қарақоғаның жамандығын содан білдім, 
– 
дейді 
Жаман.
– 
Сауысқанның жаман екенін қайдан білдің? – дейді хан. 
– 
Қырғауылдың қанаты бар да, жүні жоқ болса да, адамның пайдасына жарайтын құс еді. Біреудің 
сиықсыз болуы оның жаратылысынан. Қырғауылдың айыбы

тек сиықсыздығы. Ал сауысқанның жүні 
ала болғаны сияқты, өзі де ала, бірлігі жоқ. Екеуі бірігіп ұшпаған, екеуі бірігіп қонбаған, адам пайдасына 
аспайтын құс еді. Сондықтан құс жаманы
-
сауысқан деймін.
Осы тұста, «қазақ қой бақпаған, ой баққан» деген даналық сөз еске түседі. Табиғатқа етене жақын 
өскен қазақ баласының өмірлік тәжірибесі, көңілге түйгені мен көңілмен тұшынғаны анық байқалады. 
Жаманмын деген кісінің өзінің қарақоғаның не отынға жарамайтынын, не малға азыққа татымайтынын
білуі, ал сауысқанның екеуі бірігіп ұшпайтын алалығын байқап, оның жаман қасиет екенін көрсетуі 
халықтың таным-түсінігінен хабар береді. Сонымен қатар ханның тұлпарын сынап беруі, гауһар тасына 
баға беруі, ханның неше атадан бері хан екенін білуі де өмірлік тәжірибені байқатады. 
Осындай ақылды кісінің өзін жаманмын деп көрсетуі де көп жайдыаңғартады. «Жақсылар жақсымын 
деп айта алмайды, жамандар жақсымын деп айқайлайды» деп халық тегін айтпаса керек.Оны мына 
эпизодтан байқаймыз: 
– 
Сауысқан мен қарақоғаның жамандығын білдің. Енді өзіңнің жамандығыңды кайдан білдің? – дейді 
хан. 
– 
Уа, тақсыр! Менің жасым елуге келді. 
Мен қатарлылар әйел алып, бала көрді; келін жұмсап, қызық 
көріп отыр. Мен қайда болса сонда, әлі күнге дейін әркімнің артына мінгесіп, басқа біреудің құлшы-
лығында жүрмін. Енді мен жаман емей, жақсымын ба? 
– 
деп, Жаман ханға қарайды.
Жаманның жауабы қазақ танымындағы отбасы құндылығынан хабар беріп тұр. Қазақ үшін дер 
кезінде үйлі-жайлы болып, бала сүю бақытының маңыздылығы жаманның басындағы жағдай арқылы 
берілген. Сонымен қатар сол кезеңдегі әлеуметтік жағдайдың қандай екені көрініс тапқан. 
Өзін жаманмын дегенмен, басты кейіпкердің ақылдылығы мен уәдеге беріктігі іспен дәлелденеді: 
– 
Тақсыр! Мана айтпаған себебім мынауеді. Мен барып, Уәлібайдың қызына сырттан хабарласқанда, 
ол маған бір тәрелке, бірқайрақ, бірпышақ, бір гауһартас беріп жіберді. Ол оның «Қайрақтай болып 
езілгенше, тәрелкедей болып уатылғанша, пышақтай болып, басы кесілгенше сыр айтпайтын кісі, мына 
гауһар тастай жарып мені алады» дегені еді. 
Солсырды: «Пышақтай болып басым кесілгенше айтпас-
пын!» деп, пышақты жетесінен сындырып, «қайрақтай езілгенше!» деп, қайрақты уатып, «тәрелкедей 
уатылғанша» деп, тәрелкені қиратып, «гауһар тастай жарып, сені алам!» деп, гауһар тасты қақ бөліп, 


305 
уәде беріп едім. 
Сол себептен мана шынымды айтпап едім. Қыздың өзі мені аяп, ақ боз атқа мініп, бетіне 
перде жауып келіп, дардың жібін қиып, көкірегіме көлденең қылыш тастап кеткені: 
«Мен үшін кінәсіз 
өлме, ерлігіңді көрдім. Қылыш үстінде серт жүрмейді деуші еді, антыңды қайтып ал», 

 
дегені еді. Өзі 
рұқсат берген соң, шынымды айтып отырмын, 

 
деп, Жаман сөзін аяқтады.
[5, 9-16] 
Жаманның «Пышақтай болып басым кесілгенше айтпаспын!» деп, уәдеде тұрып, серттен таймауы 
ұлттық мінездің тереңдігін көрсетеді. Бұнда тарихи тағылым бар, сонымен қатар, сол ұлттың мінезінен, 
болмысынан, өмір сүру салтынан мол ақпарат бар. «Қылыш үстінде серт жүрмейді, антыңды қайтып 
ал»деген жолдарданхалық болмысын, яғни сертке беріктік, сөзде тұру секілді асыл қасиеттерді танимыз.
Қылыш үстінде серт жүрмейтін себебі неде? 
Осы тектес 
«Ант қылыштан да өткір»
деген сөз бар. 
Демек, серт пен анттың кесіп түсер қылышпен теңестірілуінен барып, қылышын шығарып тұрып ант, 
серт беруге болмайтындығын көрсетсе керек. Екіншіден, өлім қаупі төніп тұрған соғыс, шапқыншылық 
жағдайында серт беріп едім деп, қылышын қыннан шығармай қарап тұра алмайтынын білдірсе керек. 
Мұның тағы бір қыры бар. Бұл туралы зерттеуші Ақеділ Тойшанұлы былай деген: 
«Қазіргі біздің түсінігімізде зат өлі деп саналғанымен, ежелгі анимистік таным бойынша қасиетті 
бұйымдар, керісінше, тірі нысан болып саналған. Сол себептен батырлар бес қаруымен кәдімгі 
«досындай» сырласып, беріксертбереді: 
…Толғамалы ақ сүңгім, 
Шанша алмасам маған серт. 
Қанға тойсаң саған серт. 
Бұлғары садақ, бұқар жай, 
Тарта алмасам маған серт. 
Бел күшіме шыдамай, 
Беліңнен сынсаң саған серт. 
Алтын құн да қақ берен, 
Ата алмасам маған серт, 
От алмасаң саған серт! 
Мұнда батыр өзінің және қару-жарағының намысын қайрап, қытығына тигені, бес қаруының
беріктігін, өткірлігін өз күш-қуатына қарама-қарсы қойып, шендестіріп, жекпе-жекке әзірлегені көрініс 
тапқан. Бұл рәсім кең мағынада ант берудің бір түрі болғанымен, оны мәтіннің өзінде айтылғандай, серт 
деп атасақ, рәсімнің дәлме-дәл мәні ашылады деп ойлаймыз. Осыған ұқсас халықтың күнделікті тұрмыс-
тіршілігімен үйлесіп жатқан ант берудің (дәлірек айтқанда, серттің) қарапайым түрлерін де көруге 
болады. Мәселен, аңшы құрал-сайманына, қол өнер шебері бұйымына серт айтқан. Ғашық жандар, дос-
жарандар, рулас ағайындар өзара серт айтысып, соны мүлтіксіз орындаған. Бір сөзбен айтқанда, ежелгі 
анттың мұндай қарабайыр шағын түрлері көне салттағыдай қанмен бекітілмесе де, адамның 
ар-ождан 
тазалығына 
сенім артып, қоғамдық өмірде кең өріс алып, басқаша айтқанда, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет