241
кезінде алған білімдерін өмірде қолдана білуі қажет. Жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін
меңгеріп қана қоймай мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді, оқушы рөл атқарушы ғана емес, жетекші
бағытты ұстайды. Белгісізді анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр түрлі болады. Мұғалім мен
оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, бірлік одақта қызмет істейді. Оқушыларды қажеттілікте
оқу күшін жұмылдырып,танымдық материалдарды түрлі мазмұнда сапалы игеруі және теориялық-
танымдылық пен практикалық
оқудың маңыздылығына, тереңдігіне, тұрақтылығына байланысты
қиындықтарды жеңу мақсатындағы оқыту әдістерінің мазмұны спецификалық интеллектуалды құрал
болып табылады. Мұғалім оқушыларды оқытып қана қоймай, оларды тәрбиелеумен айналысатыны
белгілі. Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін ұлттық сабақтастыра тәрбиелеу
–
қазіргі күннің ең өзекті мәселесі. Сондықтан да біздің бүгінгі мақсатымыз-әрбір оқушыға түбегейлі
білім мен мәдениетінің негіздерін беру және сондай-ақ олардың жан-жақты талабына сай тәрбие мен
білім беруде оқыту мазмұнын жаңа тұрғыда ұйымдастыра білу.Өскелең ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеу
халықтың салт-дәстүрімен, сана-сезімімен тығыз байланыста жүргізілетін болса, оның нәтижесі соғұрлым
жемісті болатынына тәжірибемізде көзіміз жетіп отыр
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру
ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау,
АҚТ-ны
қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан-жақты, терең
білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өз бетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастыру мектептің және
мұғалімнің бірден-бір міндеті. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді.
Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында, әрбір жағдаят үстінде
ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны
қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-
жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. Білім ордасының
алтын бесігі, қайнар бұлағы ол – мектеп. Мектептің жүрегінің дүрсілі, тынысы ол – мұғалім. Мұғалімнің
қазынасы – шәкірттері. Сондықтан да көреген педагог тек қана шәкірттеріне моральдық құндылықтарды
үйретіп қана қоймай, сонымен қатар қазіргі технологиялардың көмегімен шәкірттеріне заман талабына
сай білім беруі керек.
Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне
байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде
қолдануы керек», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол
қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді
жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр
түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-
амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып
дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал
оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді
әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда
елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады. Сондықтан білім беру
жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой –
өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.
Бағалау жүйесі де түбегейлі
өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесі енді. Критериалды
бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен
өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және
жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады.
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін
ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де,
үйренеріміз де көп. Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті
байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы
қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап, бала бойындағы өзгерісті
уақытында анықтау қажет.
Жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Функционалдық
сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез
242
бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауат-
тылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік
қарым-қатынас жасауын
қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең
мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке
адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан
қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады, сондықтан
теория мен тәжірибені байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің
мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни
ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге
көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай тәжірибелік маңызы ескерілуі тиіс, сондай-ақ
оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз
ету міндетті болып саналады.
Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл
бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.Ұстаздарға үлкен жауапкершілік
міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін,
қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.
Қазіргі қоғам алдындағы қойылып отырған міндеттердің ең өзектісі-бүкіл білім жүйесін түбегейлі
жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін оқыту мазмұнын жаңарту болып отырғанының куәсі
болып отырмыз. Жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке
бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру
- педагог- ғалымдар мен
тәжірибелі мұғалімдердің бірлескен жұмысының нәтижесінде қол жеткізуге болатын ізденіс қорытын-
дысы дегім келеді . Бастауыш класс оқушыларына лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау,
бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе
емес екендігіне, оқу-тәрбие үрдісінің небір қиын проблемаларына тап болып,оны шешу жолындағы
басқару әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана жұмысымыз нәтижелі болмақ.
Қорыта келе, мынаны атап өткім келеді: мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-
тәрбиелік үрдісті ұйымдастыруға жаңа көзқарас мәселесі қазіргі күн талабына сәйкес білім беру жүйесін
жаңарту мен жетілдірудің аса маңызды кезеңінде үлкен мән беріліп отырған, көкейтесті тақырып деп
есептеймін. Педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім
амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу ретін әр мұғалім өзінің
алдында отырған оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отыра, өзінің кәсіптік
шеберлігіне сай таңдауы
тиіс деп санаймын. Әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін шығармашылық
тұрғыдағы ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасалуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: