Тақырыбындағы шығармашылық жұмыс. (тәрбиешілерге көмекші құрал) Атырау облысы. Атырау қаласы


Балалармен, ата-аналармен жүргізілетін



бет8/10
Дата01.06.2017
өлшемі5,95 Mb.
#17487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Балалармен, ата-аналармен жүргізілетін

іс-әрекет үлгілері.

«Халық ауыз әдебиеті-асыл мұра» атты шара.

Мақсаты: Ұлттық тәрбие мен сахналау іс әрекетін біріктіре отырып бағыт бойынша жұмыс нәтижесін көрсету. Балаларды халық ауыз әдебиетімен таныстыруды жалғастырып, мақал мәтел айту, жұмбақ шешу арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру. Ертегілерді танып оны сахналауда қызығушылықтарын арттыру. Ата- анамен балабақшаның байланысын нығайтып, ата-аналарды шараға белсене қатыстыру. Балаларды бір бірін сыйлауға, үлкенді құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: Балаларға «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін оқу.

Барысы: Қош келдіңіздер құрметі ата-аналар, қонақтар, балалар!

Бүгінгі біздің «Халық ауыз әдебиетті- асыл мұра» атты ойынымызға екі команда қатысады. «Кәусар» және «Қайнар» командалары.

Ойынымызды әділ қазылар алқасы бағалап отырады.

Командаларға сәттілік тілеп ойынымызды бастайық.

1 айналым: «Сөзжұмбақ» деп аталады. Бұл турда ата-аналар сөзжұмбақты шешіп, жауабын жазады. (ата-аналар жұмысы).

Балаларға арналған тапсырма: Екі команда кезекпен бір біріне жұмбақтар жасырады:

Ұшады, қонады

Гүлдердің қонағы

Түр түсі сары ала

Ол не? (бал ара)

Ұшып жүрген гүл көрдім

Қонғанда ұстап үлгердім. (Көбелек)

Ұқсайтын шеңберге

Қабырғасы жиылып керіледі

Жиһазы мол кең бөлме

Төбесінен жұлдыздар көрінеді. (киіз үй)

Кіруге адам батпайды

Суға салса жатпайды

Ішіне кірген заттарды

Аман есен сақтайды. (Сандық)

Тастан тасқа секіреді

Қалқиып қос құлағы

Ойын болып көкірегі

Аула оның тұрағы. (Лақ)

Үстінде қос қорабы

Мінсең көлік болады

Жақындаса қасына

Қорқытады баланы.(Түйе)

Қос қанатын иіп ап

Жарға келіп қонады

Қара киім киіп ап

Балшықтан үй соғады. (Қарлығаш)

Тұмсығымен ояды

Ұя салып қояды

Табыңдаршы балалар

Ол қандай құс болады? (Тоқылдақ)

2 айналым: «Мақал мәтел құпиясы» деп аталады. Ата-аналарға тапсырма: мультимедия арқылы командаларға суреттер көрсетіледі. Сол суреттерге кезекпен мақал мәтелдер ойлайды.( бала, ағаш, гүл, қыз, кітап, тіл, қол, ту)

(«Балалы үй базар», «Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек», «Гүл өсірсең терлеп, оның аты еңбек», « Көз қорқақ, қол батыр» «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады», «Кітап білім бұлағы, Білім өмір шырағы», «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас» т.б

Балаларға тапсырма «Мақал ойла, тез ойла» деп аталады. Қоржыннан әр түрлі түсті асық суыру арқылы сол түске мақал айту:

Қызыл асық: Отан туралы.

Жасыл асық: Еңбек туралы.

Сары асық: Әдептілік, жақсылық, адамның қасиеттері туралы.

Көк асық: Білім туралы.

3 айналым: « Дыбыстар сыры» деп аталады: Командалар карточка суыру арқылы сол суретің бірінші дыбысына сөз ойлайды.

Балаларға тапсырма «Сыр сандық» деп аталады. Алдарыңыздағы сандықтың ішіндегі затты табу. (құрт, білезік, камзол, домбыра)

1 Сандықтың ішінде ұлттық тағам түрі. Оны мал сүтінен жасайды және кептіреді. Қалада оны дүкеннен сатып алуға болады. Балалар оны жегенді ұнатады. (құрт)

2 Оны күміс немесе алтыннан соғып жасайды, оны әдемі ою өрнектермен әшекейлейді. Ол қазақтың зергерлік бұйымдарына жатады, әдемі әшекей. Оны көбінесе әжелер тағады. (білезік)

3 Ол қазақтың ұлттық киімдеріне жатады. Оны әдемі ою өрнектермен әшекейлейді. Оны мерекелерде, тойларда киеді. Ол әйел адамның киетін киімі.(камзол)

4 Ол ағаштан жасалады. Оның көмегімен әдемі әуендер шығаруға болады. Оны үйреніп тартқан адамды күйші дейді. (домбыра)



«Өнерлі бала сүйкімді» дегендей балаларды ертегіні сахналауға дайындалуларын сұраймыз.

4 айналым: «Ойлы болсаң озып көр» деп аталады. Бұл айналымда командалар бір біріне қимыл әрекеті арқылы мақал мәтелді жасырады, екінші команда сол мақалды табу керек.

«Оқу инемен құдық қазғандай».

«Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын».

«Ағаш көркі жапырақ

Адам көркі шүберек»

Өткен күн таң тамаша зулап өткен

Шертеді ертегі сыр, ертегі ой

Тыңдаған балаларды еліктіріп

Қияға қызықтырып ертеді ғой.

Қазақтың халық ертегісі «Жыл басына таласқан хайуанаттар» атты ертегіні тамашалаңыздар. (сахналау)

Жүргізуші: Болашақ үшін қиындыққа қол созған соң

Үміт күткен ел арманын қолдасын

Бүлдіршіннің жүрегіне жол тартқан

Ізгі ниет, жақсы өнеге тозбасын.-



деп бүгінгі ойынымызды аяқтаймыз. Ойынымызды бағалауға сөз әділ қазылар алқасына береміз. Мадақтау.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет