Тақырыбындағы шығармашылық жұмыс. (тәрбиешілерге көмекші құрал) Атырау облысы. Атырау қаласы



бет2/10
Дата01.06.2017
өлшемі5,95 Mb.
#17487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
мақсатым:

ата-бабадан қалған өшпес мұраны, мол қазынаны қабілеті жоғары ұрпақтың бойына дарыту. Өз тәжірибемде мынадай міндеттерді басшылыққа алдым: балалардың шығармашылық, танымдық-тілдік қабілеттерін дамыту, балаларды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерде, басқа да шараларда белсенділік көрсетуге, өзін-өзі басқара білуге үйретуді дамыту.




Жеке тұлғаның қалыптасуына бірден бір әсерін тигізетін қоршаған ортасы яғни қоғам. Әр сәби –болашақ басты тәрбиесін алатын отбасының маңызы зор. Жас жеткіншектер бойына адамгершілік, ізгі қасиеттерін сіңіретін орта бұл балабақша. Бұл мақсатта балабақшада сабақтар, ертеңгіліктер, ойын сауықтар, әр түрлі іс әрекеттер, ата-анамен жұмыс жүргізіледі.



Organization Chart 2

Бұл схемада ұлттық тәрбие тармақтары көрсетілген.(ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, салт дәстүрлер, халық ауыз әдебиеті, ұлттық ойындар, тұрмысқа қажетті жабдықтар, ұлттық аспаптар, ұлттық ыдыс аяқтар.



Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, болашақта мектепте оқытуға дайындығына, сөздік қорын молайтып, тілдерін жетілдіруге үлкен үлесін қосатын қазақ халқының мұрасы, сарқылмас асыл қазынасы - халық ауыз әдебиеті. Сол себепті халық ауыз әдебиетімен балаларды таныстырып тереңдете жұмыс жүргіздім. Халық ауыз әдебиетіне жұмбақтар, әңгімелер, өлеңдер, өтірік өлеңдер, жаңылтпаштар, ертегілер,аңыздар, мысалдар, санамақтар, айтыстар, мақал мәтелдер жатады.






Топта тәрбиеленушілерге ауыз әдебиеттінің үлгілерін үйретуге баса назар аудардым. Онда ертегілер оқу, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып әңгімелеуге, ертегі-әңгімеде кездескен кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен диалогтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білуге талпындырдым. Әсіресе балаларды ауыз әдебиетінің үлгілері – санамақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мазақтамалар, мақал-мәтелдер қызықтырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет