Балаларды Наурыз мерекесімен таныстырғанда, жер көгеріп, малдар төлдеп, адамдар талдар егіп жалпы табиғаттың жаңаруына көңіл аудару. Наурыз күндері адамдар бір-біріне қонаққа барып, бірін-бірі қуантып жатады.
Наурыз келді,
Көктем келді
Ел көгерді, жер көгерді
Дастарханын шашып дархан
Жақсылық пен бақыт шашқан
Ақ түс адалдықтың, тазалықтың, пәктіктің айғағы.
Балаларды ұлттық тағамдармен таныстырғанда, ақ түстің ерекшелігіне көңіл
аудару( шұбат,сүт, қаймақ, құрт, айран,сүзбе, ірімшік)
Балалардың құрт жасау тәжірибесі.
Сары түс уайым, сарғаю, сағыныштың бейнесі.
Күзде жауын. Бұлт. Тұман.
Сары жапырақ жауады.
Сары құйын ұйтқыған,
Сапырады ауаны.
Тапталады табанға,
Судыр, судыр жапырақ
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.
Бидай тоқшылық, жомартылықты, алтын байлықты, күн бізге жылулық сыйлайды, шуағын төгеді, деп сары түстің жақсы жағын түсіндіреміз.
Қызыл түс жастықтың, сұлулықтың, әдемілік пен нәзіктіктің, сыпайылық нышанын білдіретін ұғым.
Қара түс жағымсыз бейне көрінісі.
Қара түс-жағымсыз бйне көрінісі. Ертегілерде жағымсыз кейіпкер – мыстан кемпір. Мыстан кемпір арам ойлы, қара ниетті кейіпкер.
Ол адамдарға жақсылық ойламайтын, тек қара жол, арамдық, залымдық иесі.
Қара түстің жақсы жақтарына тоқталып еліміздің байлықтарына назар аударамыз, мысалы қара түсті көмір, және мұнай.
Атырауым мұнайлы,
Маған сондай ұнайды
Фонтан-мұнай атқылап
Көктен жерге құлайды.
Қ. Жұмағалиев.
Достарыңызбен бөлісу: |