Тақырыбы:«Сиқырлы математика» Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Түсінік хат



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі18,38 Kb.
#94969
  1   2   3
Байланысты:
сиқырлы математика


Тақырыбы:«Сиқырлы математика»  Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Түсінік хат
1-сыныптарға арналған қарапайым математикалық түсініктерді дамыту жөніндегі бағдарламаларда балалардың алдынғы топтарда алған білімдерін жалпылау, жүйелеу, кеңейту және тереңдету қаралған.
Балалар сан, пішін туралы өзара байланысы бар түсініктерді меңгеруі, кеңістік пен уақытты бағдарлай алуы тиіс.
Математикалық байланыстар мен байланыстылық туралы түсінік қалыптастыру, тиісті амалдарды меңгеру ортаңғы тобындағы балалардың көрнекті – бейнелі ойлауын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Балалар көзбен көріп, іштей есептеуге үйренеді, олардың көз мөлшер, пішінді шамалау жылдамдығы арта түседі.
Бұл жас мөлшерінде ойлау қабілетін, ойлау дербестігін дамыту, талдау, салыстыру, қорыту секілді ойлау әрекеттерін дамытудың да маңызы зор.
Бұл бағдарлама балабақшадағы ортаңғы топтарындағы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға қосымша балалардың математикалық білімін кеңейтіп, математикаға деген қызығушылығын арттыру үшін қажет.
Бағдарламада кеңістік, уақыт арқылы бағдарлау, заттарды санау, сызықтар, қазақ халқында жиі қолданылатын сандар, сандар қатары, математикалық ертегі логикалық тапсырмалар, қызықты жаттығулар, дидактикалық ойындар, есептер, геометриялық пішіндер туралы танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Сандар мен оларға қолданылатын амалдар, есептер және геометрия элементтері де қамтылған. Сондықтан тереңдете үйрету арқылы баланың математикалық сауаттылығы артады.«Сиқырлы математика» курс бағдарламасы аптасына 1 сағат, барлығы 33сағатқа арналған. Бағдарлама балалардың жас ерекшеліктеріне бейімделіп жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет