Тақырып №1 Қазақстан экономикасы үлгісінің ерекшеліктері


Макроэкономикалық функциялар



бет6/31
Дата07.02.2022
өлшемі227,12 Kb.
#94249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Лекция

3. Макроэкономикалық функциялар
Инфляция мен жүмыссыздықты тежеу. Терең дағдарыстық қүбылыстар белең алатын өтпелі экономикада (әсіресе Қазақстан-да 90-жылдардың өтпелі кезеңінің алғашқы сатысында), сондай-ақ шикізат экспортында қолайлы жағдаят қалыптасқан кезде елге жаппай валюта түсімі түскен жағдайда (2000 жылдардағы қазақ-стандық экономикада) ерекше маңызға ие болады. Бүдан да кең түрғыда қарастырған жағдайда оған экономикалық дамуға жәрдем көрсету (қүрылымды қайта қүру мен сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз ету) кіреді.
Құрылымдық функция: халық шаруашылышығың тиімді жүмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында экономиканың институцио-налдық-үйымдық және салалық қүрьшымын жетілдіруді қамтиды.
Әлеуметтік функция: нарықтық экономиканың қарама-қай-шылықтарын тегістеуді (әсіресе табысты бөлу мен жүмыспен қамту салаларында), әлеуметтік саланы қолдауды, бүдан да кең түрғыда қарастырғанда - азаматтардың әл-ауқатының деңгейін арттыруды, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруды, «адами капиталдың» қалыпты үдайы өндірісі үшін қажетті жағдай жасауды білдіреді. Әлеуметтік проблемалар күрт өршитін өтпелі кезең жағдайында оның маңызы артады.
Көрсетілген функциялардың бүкіл жиынтығы дамыған нарық-тық экономикаларда да, сонымен бірге нарығы қалыптасып жатқ-ан экономикаларда да болады. Алайда оларды іске асыру дәрежесі мен нысандары, олардың көлемдері мен шиеленісуінің деңгейінде айырмашылықтар болады. Жалпы мемлекеттің өтпелі жағдай-дағы функцияларының ерекшелігі мемлекетгің жалпы әлсіздігімен, экономикадағы оның орнының реттелмеуімен, әлеуметтік-эконо-микалық проблемалардың ушығуымен, институттардың, азаматтық қоғам мен қүқықтық мемлекеттің дамымауымен, үлттық эко-номиканың ерекшеліктерінің жеткіліксіз ескерілуімен байланысты.
Экономикалық саясатты жүзеге асыру — мемлекеттің экономи-калық саясатының аса маңызды бағыты. Экономикалық саясат ерікті нәрсе емес. Ол үлттық экономикалық жүйенің мәнімен және мазмүнымен байланысты. Қоғам экономикалық саясатты белгіленген шектерде еркін таңдай алмайды, оның негізгі нысандары мен өзара бағыныштылығы экономикалық жүйенің түрпаты мен оның даму кезеңімен анықталады.
Экономикалық саясатты экономиканың деңгейі мен экономикалық саясатқа ықпал ету тәсілі бойынша келесідей бөлуге болады:

  • институционалдық саясатқа (экономиканы әкімшілік-қүқықтық реттеу, меншік қүқығын қорғауды күшейту және т.б.);

  • микроэкономикалық саясат (монополияға қарсы саясат, тауарлық нарықтар мен өндіріс факторлары нарығының инфрақүрылымын қамтамасыз ету және т.б.);

  • макроэкономикалық саясат, оның ішінде: құрылымдық саясат; бюджет-салық саясаты; кредит-ақша саясаты

Мемлекет өзінің экономикалық рөлін іске асыра отырып, қабыл-данған экономикалық бағыттың негізінде саясаттың басымды ны-сандарын ғана емес, сонымен бірге оның нақты бағыттарын не-месе функционалдық нысандарын да белгілейді.
Экономикалық саясаттың атап өтілген бағыттары бір-бірінен дербес емес. Көп жағдайда ол бір-бірімен тығыз ықпалдасып, бір-бірін қайталап, басқа да бағыттардың қүрамына кіреді. Мәселен, тұрақтандыру саясаты бюджет-салық, ақша-кредит, валюта саясаты және бірқатар басқа бағыттар арқылы іске асырылады.

Тақырып бойынша сұрақтар:


1. Өтпелі экономиканың маңызы.
2. Нарықтық алғышарттардың ролі мен проблемалары.
3. Макроэкономикалық тепе-теңдікті қалыптастырудың мәселері.
4. Қазақстан Республикасы дамуының негізгі ерекшеліктері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет