Тақырып №2. Өтпелі экономика және Қазақстан экономикасының үлгісін қалыптастыру
Дәріс жоспары:
Өтпелі экономиканың орны.
Өтпелі экономиканың түрлері.
Өтпелі экономиканы қалыптастыру қажеттілігі.
Қазақстан экономикасының үлгісін қалыптастыру негізгі міндеттері.
Қазақстан экономикасындағы мемлекеттің рөлі мен орнын анықтау үшін елдің негізгі ұлттық ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор. Қазақстанға тән мемлекеттің немесе «мемлекеттендірудің» елеулі рөлінің феномені - бүл мемлекеттің экономикадағы, әлеуметтік саладағы және дәстүрлі әлеуметтік-мәдени қүндылықтардың қүрылымы. Саяси сала мен елдің қауіпсіздін қамтамасыз етудегі түракты әрі күшті рөлінің айғағы. Осы құбылыс Қазақстанды бірқатар басқа, оның ішінде батыс елдерінен айтарлықтай ерекшелейді.
Мемлекеттің қазақстандық ұлттық экономикадағы бұдан да қомақты рөлі ұлттық экономикалық дамудың объективтік факторларымен және мақсаттарымен, сонымен бірге одан туындайтын салдарларға байланысты. Туындайтын салдардың қатарына:
елдің үлкен болуына байланысты барынша үйлестіруді қажет ететін ірі ауқымды экономиканың ерекшелігі;
Қазақстанда мемлекет құрайтын сипаттағы табиғи монополиялардың қызметін бақылау қажеттілігі;
республиканың халық шаруашылығының күрделі кұрылымы жағдайында жеке меншік бизнестің ірі ауқымды экономиканьвд құрылымын қайта құрып, технологиялық серпіліс жасауды қамта-масыз ету мүмкіндігінің шектеулі болуы;
ұлттық басымдықтарды белгілеп, олардың іске асырылуы үшін жауапты мықты мемлекеттік биліктің болуын қарастыратын үлттық рухтың ерекшеліктері жатады.
Осының барлығы бірігіп «стандартты» елдермен салыстырғанда Қазақстан экономикасында мемлекеттің рөлінің жоғары болуы-на себеп болып отыр. Мүның өзінде мемлекеттің рөлі макроэкономикалық саясаттың белгілі әдістерінде ғана емес, сонымен бірге тікелей, атап айтқанда; ірі меншік иесі, қүрылымды қайта қүрудың бастамашысы, экономиканы реформалауды үйымдастырушы және т.б. ретінде білінуі тиіс.
Қазақстанда мемлекеттің бүдан да жоғары рөлі экономиканың әлеуметтік қырына жатқызылуы тиіс. Еліміздің еңірлерінің жағдайының әр түрлі болуына, табиғаттың қатал болуына байланысты мемлекеттің ойдағыдай әрі ауқымды әлеуметтік саясат жүргізуді, үлттық табыстың бүдан да көп бөлігін әлеуметтік мақсатқа, оның ішінде еліміздің әр түрлі өңірлерінің әлеуметтік даму деңгейлерін тегістеу мақсатында жүмсауын қажет етеді. Солтүстік елдер-дің (Скандинавияның барлық елдерінің) экономикалары әлеуметтік-бағдарланған, атап айтқанда, әлеуметтік жағынан төмен дәре-жеде сараланғаны кездейсоқ емес.
Қазақстанда мемлекеттік белсенді әлеуметтік рөлі еліміздің халқының көп ұлттык қүрамына да байланысты. Үлттар арасында этно-экономикалық үйлесімді қамтамасыз ету үшін мемлекет тара-пынан ерекше әлеуметтік назар аударылуы тиіс.
Еңбек нарығы экономиканың аса маңызды қыры болып табылады. Орасан зор кеңістік шеңберінде еңбек нарығы толыққанды жүмыс істеуі үшін мемлекет еңбек нарығы инфрақүрылымының тиімді институттарын қалыптастьфуға, бірыңғай әлеуметтік стан-дарттарды қамтамасыз етуге, көлік-экономикалық және этно-эко-номикалық бөгеулерді төмендетуте, әлеуметтік әріптестік инсти-тутгарын нығайтуға. бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшей-туге ерекше-жігер жүмсауға тиіс.
«Мемлекеттілік» - қазақстандық дәстүрлі әлеуметтік-мәдени күндылықтардың маңызды қүрамдас бөлігі. Қазақстанда мемле-кет әр кезде басқару органы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, әлеуметтік және экономикалық сиякты кең ауқымдағы түсінікті білдірді. Елімізде үтымды батыс адамының мінез-қүлқынан ай-тарлықтай айырмашылығы бар халықтың мемлекет тарапынан қорғауды, оның ішінде әлеуметтік қорғауды күтеді.
Әлеуметтік патернализмнің (қамқоршылықтың) өзі әлеумет-тік-асырауды қажет ететін мінез-қүлықты туындатып, экономи-калық белсенділікті тежейді. Алайда қоғамның әлеуметтік түрақ-сыздығы бүдан да жеңіл емес әрі жағымсыз экономикалық салдарға әкеп соқтырады. Егер мемлекет пәрменді басқару, реформалауды ұйымдастыратын, халықтың әлеуметтік жағдайының белгіленген деңгейіне кепілдік беретін орган ретінде жүмыс істесе, қоғамның көпшілігі экономикалық реформаларды жаппай қолдайтыны мәлім.
Мемлекеттің экономикалық рөлі мен оны іске асыру бағыттары оның функциялары арқылы нақты ашылады. Аталмыш функцияларды былайша жіктеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |