Тақырып 1: Гепатиттер,бауыр циррозы,созылмалы бауыр жетіспеушілігі. Мейіргерлік үрдіс ұйымдастыру Созылмалы гепатит дегеніміз



бет31/81
Дата25.04.2020
өлшемі0,9 Mb.
#64683
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81
Байланысты:
Дәрістер 24 сагат, 2-сем
Дәрістер 24 сагат, 2-сем
Постгеморрагиялық анемия- қан жоғалтудан туындаған анемия.

Этиологиясы

- жарақат және жарақаттану кезіндегі

-геморрагиялық диатездер

- ішкі мүшелерден (асқазан-ішек, бүйрек, өкпе, қуықтан) қан ағулар,

- жатырдан қан кетулер,

Жедел постгеморрагиялық анемияның пайда болу себептері: жарақаттар, ішкі ағзалардан қан кету(өкпеден, жатырдан, тік- ішектен)

Жедел қан жоғалтудың негізгі клиникалық белгілері: қатты бас айналу мен талмалар (әсіресе бірден тұрған кезде), құлақтардың шулауы, көздің қарауытуы, ауыздың құрғауы, мұздай тер, тері мен көзге көрінетін сілемей қабықтардың айқын боздығы, тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы, жүрек ұшында әлсіз систолалық шу, төмендеген артериялық, науқас енжар, тежелген (естен танып қалуы мүмкін), боз, мұздай тер басады, тыныс жиіленіп, беткейлі жіп тәрізді пульс анықталады, систолалық пен диастолалық артериялық қысым төмендейді, кейбір науқастарда құсу, құрысу, олигоануриямен басталуы мүмкін.

Клиникасы:әлсіздік, шаршағыштық, қан қысымы төмен, жүрек тұсындағы ауырсынулар.

Емі: қан тоқтату, қанды толтыру. Қан немесе қан алмастырушы заттарды құю.Егер шок дамыса полиглюкин, плазма құяды.

Созылмалы постгеморрагиялық анемияішек-қарын, жатыр, тік-ішектен қайталамалы қан кеткенде дамиды.

Клиникасы: әлсіздік, бас ауру, айналу, ентігу, құлағында шуылдың пайда болуы. Зертханалық және құрал-саймандық зерттеулер. Жалпы қан талдауы қан кетудің басталуынан өткен уақытқа тәуелді. Қалыпты жағдайда айналымдағы эритроциттер көлемі ерлерде 29-30 мл/кг, ал әйелдерде – 22-23 мл/кг құрайды. Алайда кейбір науқастарда өте көп қан кетуде қан көлем бірлігінде гемоглобин деңгейі мен эритроциттер саны азаюы мүмкін.

Емі:қан кетуді тоқтату. Қан алмастырушы сұйықтықтарды құю, темір препараттарын беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет