Гипо және апластикалық анемия – сүйек миында қан түзілудің барлық өсінділерінің тежелуінен, шеттік панцитопенияның дамуымен сипатталады.
Екі түрі бар: туа пайда болған және жүре пайда болған.
Жүре пайда болған анемиялардың себептері: химиялық затар, физикалық ықпалдар, дәрмектер, инфекциялар, иммундық аурулар.
Клиникасы: анемиялық, геморрагиялық және септикалық-некроздық синдромдар дамиды.
Анемиялық синдром: ентікпе, жүрек қағуы, әлсіздік, бас айналу белгілері.
Геморрагиялық синдром тромбоцитопениялық салдарынан дамиды: мұрыннын, қызыл иектің қанағыштығы, жатырдан, асқазаннан қан кету, петехиялар, қанталау дақтары.
Септикалық-некроздық синдром: нейтропениядан дамиды:жаралы стоматит, пневмония,отит, пиелит ж.т.б. инфекциялық процесс.
Диагностикасы: ЖҚА: нормохромдық анемия, тромбоцитопения, гранулоцитопения.
ҚБА: гемосидероз; сүйек миының пункциясы: панцитопения.
Емі:эритроциттік массасының трансфузиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |