Этиологиясы және патогенезі: Инсулинге тәуелді қант диабетінің негізгі себебі:
-Ұйқы безінің резекциясынан кейін
- Ұйқы безінің тамырларының склерозынан
- Ұйқы безінің вируспен зақымдануынан
- Панкреатитте
-Психикалық жарақаттан кейін
-Токсикалық заттар қолданудан кейін
- Сезімдік .
Мүмкіндік жасау факторлар:
Негізгі фактор тұқым қуалаушылық
Мөлшерден көп тамақтануы, көп тәтті жеу, ішімдікке салыну.
Клиникалық белгілері:
Қант диабетінің клиникасын ағымы бойынша 3 түрге бөлінеді:жеңіл, орташа, ауыр.
Қатты шөлдеу(полидипсия)
Тәбеттің көтерілуі (полифагия)
Көп мол зәр бөлу (полиурия)
Несептен глюкоза бөлінуі (глюкозурия)
Глюкозаның қанда көп болуы (гипергликемия)
Бұдан басқа науқасты мазалайтын:әлсіздік, жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі, арықтау,терісінің қышуы жатады. Бұл шағымда ерте дамыған асқынулардың белгілері болуы мүмкін:көрінің нашарлауы,бүйрек қызметінің бұзылуы,жүректе,аяқтарда ауырсынудың пайда болуы.
Қарау: Науқасты қарағанда көреміз -терісінің өзгеруі: терісі құрғақ,қатты қабыршықтанады, тырнағының іздері, шиқандар, экзематозды, ойықты, ошақты зақымдары. Инсулин инъекциясын салған жерде тері шелінің себуі, тері асты шелінің жұқа болуы. Қант диабетінде тамыр жүйесі толық зақымданады(идиопатикалық ангиопатия), кейде гангрена дамиды. Ауыр түрде кетоацидоз және диабетикалық кома дамуы мүмкін.
Қант диабетінің диагностикасы: негізгі лабораториялық белгілері: аш қарында 7ммоль/л ал тәуліктің әр уақытында 11ммоль/л ; несепте қанттын болуы, несептің шартты тығыздығының жоғары болуы ауыр түрде несепте кетон денелері қанда -ацитоз (қышқыл орта).
Асқынулары: Қант диабетінде жедел дамитын асқынуларға кома жағдайлары жатады:
Гипогликемиялық кома.
Гипергликемиялық кома.
Достарыңызбен бөлісу: |