Тақырып 1: Гепатиттер,бауыр циррозы,созылмалы бауыр жетіспеушілігі. Мейіргерлік үрдіс ұйымдастыру Созылмалы гепатит дегеніміз


Анафилактикалық шокта жедел жәрдем көрсету



бет78/81
Дата25.04.2020
өлшемі0,9 Mb.
#64683
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
Дәрістер 24 сагат, 2-сем

Анафилактикалық шокта жедел жәрдем көрсету..

Іс –әрекет алгоритмы:

  1. Дәрігерді шақыру .

  2. Аллерген дәрінің енгізуін тоқтату, инъекция салған жерден жоғары жгут салу;

  3. Науқасты жатқызу, тілін шығарып бекіту, басын бұру, тіс протезін алып тастау;

  4. Төсектің аяқ жағын көтеру;

  5. Таза ауамен қамтамасыз ету, ылғалданған оттегін беру;

  6. Егер аллерген дәріні ауыз арқылы қабылдаса, онда асқазанды жуу кажет (жағдайына қарап).

Дәрігердің нұсқауы бойынша дайындау және енгізу:

  1. Көк тамырға адреналин 0,1% - 0,5 мл. 5 мл. физ.ерітіндімен не тері астына 0,5 – 1 мл. аллерген енгізген жерге салу.

  2. Көк тамырға 30-60мг преднизолонды 10-15 мл. 5% глюкозамен жайлап енгізу.

  3. 1% 2-4 мл супрастин не 1% 2-5мл димедрол енгізу.

  4. Тыныс алу қиындағанда көк тамырға 2,4% - 10мл. эуфиллинды 10 мл физ. ерітіндімен енгізу.

  5. Жағдайға карай қажет болса 0,05% - 0,5млстрофантинды 10 мл физ.ерітіндімен енгізу

  6. Науқастың жағдайын бақылау: АҚҚ және пульсын.


Есекжем-аллергия ауруына жатады.

Адам терісіне күлдіреп, бөрітіп денеге тез тарайды. Теріде ісік пайда болады.

Негізгі себептеріне жататындар: дәрі-дәрмектер, тағамдық көкөністерді қабылдағаннан және басқа аллергендерден кейін пайда болады.

Клиникалық белгілері: науқаста белгілер аяқ астынан пайда болады. Теріге қышыма пайда болып, дереу күлдіреп ісіп шығады. Бұл өзгеріс адам денесінің кез келген жерінен шыға береді, кейін тарап бүкіл денені алып кетуі мүмкін. күлдіреген ісік теріден көтеріліп, қызарып шығып тұрады. Көлемі әртүрлі болады. Негізгі ерекшелігі ол пайда болып тарауы да жоғалуы да тез арада болады (бір, бірнеше тәулік ішінде). Пайда болған кезде науқастың басы ауырып, әлсіздік пайда болып ыстығы көтерілуі (38°-39°С) мүмкін. Бұл жедел түрі орта есеппен 5-6 тәулікке созылады. Кейін ол созылмалы түріне өтуі мүмкін (20-30 жылға).

Емдеуі: Науқасты ауруханаға жатқызу керек. Себебін тоқтату. Ісікті клизма арқылы тазалайды. Гистаминдерге қарсы дәрі-дәрмектер: димедрол, супрастин, тавегил, фенкарол, диазолин,преднизолон, дексаметазон т.б.)
Квинке ісігі

Аллергияның ауыр түрі, тері және тері асты май мен қоса ісінүі.

Себебі: аллергенді заттар, көбінесе солардың қосарлана әсер етуінен болады. Оларға жататындар: тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер, бактериялар, кір жуатын ұлпалар, әртүрлі бояулар т.с.с.

Клиникалық белгілері: науқас аяқ астынан тері, тері асты маймен қоса қатайып, қалыңдап ісігенін байқайды. Бұл өзгеріс көбінесе науқастың ернінде, қабағында, бетінде, тіпті жыныс мүшелерінде пайда болады. Ісік егері тамақта, жұтқыншақта, кеңірдекке жақын жерде пайда болса, наұқаста ауа жетпей жөтел пайда болады,кейін бетінің бозарып көгеруі байқалады. Бұл жағдайда науқастың өліп кетуі мүмкін,кейде ішкі ағзаларға да таралуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет