Диагностика:
СБЖ-нің диагностикасында басты орын алатын – лабораториялық зерттеулер. Бүйрек функциясының ең оңай анықталатын көрсеткіштері- қандағы зәрдің меншікті салмағы.
Емі:
Консервативтік ем: Су- электролит балансының бұзылыстарын, АҚҚ-н реттеу, анемияны, гиперфосфатэмияны түзету.
Диетатерапия, фуросемид-айына 9,5
Энтеросорбенттер: тотықталған крахмал, оксицеллюлоза,
активтендірілген көмір
Жүрек глюкозидтері
Кальций карбонаты 1,0 күніне 3 рет
Оксидевит 0,5-1 мг тәулігіне
Гемодиализ аптасына 2-3 рет 4-6 сағат
Жедел бүйрек жетіспеушілігі
Жедел бүйрек жетіспеушілігі– бүйректің негізгі қызметінің жылдам, фазалы бұзылуынан ишемиямен, токсикалық уланумен дамитын потенциалды қайтымды өзгеріс.
Жедел бүйрек жетіспеушілігі ағымына қарай төрт фазаға сәйкес клиникалық көріністермен байқалады: бастапқы, олигоуриялық, диурездің қалпына келуі және толығымен айығуы.
Бастапқы клиникалық көрінісі себепті ауруларға байланысты. Осы фазада негізгі симптом - артериялық қысымның төмендеуі (коллапс) жедел бүйрек жетіспеушілігіне күдіктендіреді.Оның ұзақтығы 1 тәулік шамасында немесе сәл көп.
Олигоуриялық фаза агенттің 1 әсер етуінің 3-4-ші күнінен бастап, 4 аптаға дейін және 5-11 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Бірінші белгісі зәр мөлшерінің тәулігіне 2 500-400 мл дейін төмендеуі. Олигоурия 1-3 күннен соң өз деңгейіне жетеді. Осы кезде науқас бірден нашарлайды. Айқын және көп белгілері көріне бастайды:
- гастроэнтерологиялық көріністері: анорексия, лоқсу, көп мөлшерде құсумен Na+ және Cl- иондарын жоғалтуы, метеоризм, диарея, асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінен қан кету;
- церебральді көрініс: ақыл-есінің бұзылуы, комаға дейін нашарлауы, психоз, құрысулар (ми ісінуі+гипокальцемия);
- жұқпалы асқынулар лейкоциттердің фагоцитарлы активтілігінің тежелуінен, клеткалық және гуморальді иммунитеттің төмендеуінен (стоматит, паротит, пневмония, ота жараларынан, артериовенозды шунттардан, үнемі қуықтық катетерден инфирцирлену, сепсис);
- метаболикалық өзгерістер: экстрасистолиямен бірге гиперкалиемияның дамуы, брадикардия, АВ-блокада, гипермагниемия, гипокальциемия, Куссмауль тынысымен бірге дамитын метаболикалық ацидоз, креатинин және несепнәр деңгейінің тәулігіне 10-20 ммоль/л жоғарылауымен бірге уремия;
- сулық гомеостаздық өзгерістер: гиперволемия ісінулермен бірге тоталды гипергидратация, артериялық гипертензия, шөлдеу және тілдің құрғақтығы;
- гематологиялық құбылыстар: қан жоғалту салдарынан гемолиз және эритропоэздің тежелуі, ЭТЖ жоғарылауы, лейкоцитоз солға ығысуымен, лейкемоидты реакция;
1 - Кеш жедел бүйрек жетіспеушілігі дамыған сайын, ауыр өтеді.
2 - Кейде жедел бүйрек жетіспеушілігі бірден ануриямен басталады.Сирек бұл синдром диурез бұзылысынсыз өтеді.
- зәр анализіндегі өзгерістер: зәр түсі қоңыр, протеинурия, цилиндрурия; басында салыстырмалы тығыздығы жоғары, соңынан 5-6-шы күні 1010-1012-ге дейін төмендейді. Қалпына келу фазасы диурездің қалпына келуімен және зертхана мәліметтерінің қалыптасуымен басталады. Зәр мөлшері 5-10 күн ішінде бірден жоғарылайды, бірақ түтікше эпителиі жайлап қалпына келеді. Осы кезеңде дегидратация, гипонатриемия, гипокалиемия дамиды. Бүйрек қызметі толығымен 6-12 ай ішінде қалпына келеді. Ауру кезінде науқастар орташа 1500 гр өзіндік белоктарды жоғалтады.
Дәріс
Тақырып 4: Пиелонефрит. Бүйрек тас ауруы. Цистит. Мейіргерлік үрдіс ұйымдастыру
Пиелонефрит – бүйректің қуысты жүйесінің және тубулоинтерстициялы аймағының басым зақымдануымен сипатталатын созылмалы инфекциялық қабыну ауруы.
Этиологиясы :
Ішектік аутонифекция (ішек таяқшалары, энтерококтар, алтын сары стафилакокк т.б);
Экзоинфекция – урология, гинекология бөлімшелерінде жатқан науқастарға инфекцияның құралдармен жұғуы (көбіне іріңді коктық инфекция);
Бактериялардың L-түрлері және микоплазмалар. Бактериялардың L-түрлері қолайлы жағдайда патогенді түріне айналып пиелонефритті өршітуі мүмкін.
Патогенезі . Қоздырғыштар бүйрекке уриногенді, гематогенді және лимфогенді жолдармен түседі. Негізгі жолы – уриногенді (үрпі, қуық, несепағар арқылы). Әртүрлі бүйректік рефлекстер арқылы қоздырғыштар жоғары қарай өрлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |