V кезең - мейіргерлік күтімді қорытынды бағалау, нәтижелерін бағалау.
Дәріс
Тақырып: Жедел және Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде мейіргерлік үрдіс ұйымдастыру
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі – бұл бүйректің созылмалы ауруларының нәтижесінде бүйрек тіндерінің біртіндеп өлуінен, қалған нефрондардың функциялық кемістігінен дамитын, соңында гомеостаздың бұзылысына әкелетін бүйректің экскрециялық және инкрециялық қызметтерінің жетіспеушілігімен жүретін ауру.
Бүйректің негізгі функциясы – ішкі ортаның тұрақтылығын ( гомеостазды) сақтау. Сау бүйректегі нефрондардың саны 2.000.000 шамасында. Бүйрек – компенсациялық мүмкіндігі өте жоғары ағзалардың бірі.
Этиологиясы:
СБЖ-нің негізгі себептері бұл:
-жедел және созылмалы гломерулонефрит.
-Зат алмасу бұзылысының аурулары: қан диабеті, подагра,амилоидоз.
-бүйректің туа біткен аурулары:
-ревматикалық аурулар: жүйелі қызыл жиегі,жүйелі склеродермия, геморрагиялық васкулиттер,ревматоидты артрит, түйінді периартерит,
-қан тамыр аурулары: артериалдық гипертензия, атеросклероз
-обструкциялық нефропатиялар: бүйректе тастың пайда болуы, гидронефроз,
-созылмалы инфекциялар: вирусты гепатит, туберкулез, өкпенің, бронхтардың және сүйектердің іріңді аурулары
-бүйректің токсикалық зақымдалуы: алкоголь, қорғасын, сынап дезинфекциялық заттар, героин, ительдің органикалық ерітінділері
-бүйректің дәрі – дәрмектермен зақымдалуы: стрептомицин, тетрациклин, рифамницин, диклофенак, индометацин.
Клиникасы:
Сүйектердегі ауру сезімі,жүрек айну және құсу, анорексия,артериялық гипертензия,
іш өту,шөлдеу,ауыз қуысындағы жағымсыз әсерлер: құрғау, ашу, металл демі,стоматит, ауыздағы аммиак иісі,терісі бозғылт,құрғақ,бұлшық ет атрофиясы, қолдың дірілі, “ тынымсыз аяқ” синдромы,мұрыннан,асқазаннан және ішектен қан кету,жалпы әлсіздік, тез шаршау, ұйқышылдық,ентігу,бас ауруы,есте сақтау қабілетінің бұзылуы,микрогематурия,ұстамалар, энцефалопатия,өкпенің ісінуі,жүрек ұстамасы,пневмония
Уремиялық кома
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің 4 сатысы бар:
Латент сатысы- бұл сатыда аурудың айқын шағымдары жоқ. Физикалық жүктеме түсіргенде кешкі уақытта шаршау, әлсіздік, ауыздың құрғауы байқалады. Қанның биохимиялық анализінде әлсіз электролит алмасуының бұзылуы байқалады, кейде зәрде ақуыз байқалуы мүмкін. Креатинин мөлшері қалыпты ( 0,18 дейін), фильтрациясы 50%, зәрдің меншікті салмағы 1018.
Компенсация сатысы – бұл сатыда науқастың шағымдары жиірек кездеседі. Бір тәуліктегі зәрдің көлемі 2,5 литрге дейін көтеріледі. Шағымдары: шөлдеу, полиурия, әлсіздік, шаршағыштық. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1010-1012, креатинин 0,19-0,44 фильтрация 20-50%
Азотемиялық саты- жалпы әлсіздік, тез шаршау, терінің құрғауы, сарғылттануы. Респираторлық аурулар: баспа, фарингит ауыр түрде өтеді. Креатинин 0,45-0,71, зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1008-1007, фильтрация 5-10%
Терминальды сатысы- бүйректің фильтрациялық қызметі толық тоқтайды. Қанда зәр, креатинин, зәр қышқылының көлемі жоғарлайды, қанның электролит балансы бұзылады. Бұның барлығы уремиялық интоксикацияны немесе уремияны шақырады. Зәрдің бөлінуі толық тоқтайды.Басқа мүшелер зақымдалады. Жүрек бұлшық етінің дистрофиясы, перекардит, қан айналым жетіспеушілігі, өкпенің ісінуі дамиды. Энцефалопатия, ұйқының, есте сақтау қабілетінің, көңіл-күйдің төмендеуі,депрессия болады. Гормондардың түзілуі бұзылады, қанның ұюы өзгереді, иммунитет төмендейді, азот қалдықтары термен бөлініп, науқастан әрдайым зәрдің иісі шығып тұрады. Бұл өзгерістердің бәрі қайтымсыз. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1005-1003, фильтрация 3%-дан төмен,креатинин 1,25-тен жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |