Тақырып 1: Гепатиттер,бауыр циррозы,созылмалы бауыр жетіспеушілігі. Мейіргерлік үрдіс ұйымдастыру Созылмалы гепатит дегеніміз



бет66/81
Дата25.04.2020
өлшемі0,9 Mb.
#64683
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   81
Байланысты:
Дәрістер 24 сагат, 2-сем
Дәрістер 24 сагат, 2-сем
Клиникалық көрінісі:

Күш түсетін буындар басым зақымданады. Ең жиі қол саусақтарының фалангааралық буындары, бас бақайдың табан – фалангалық буыны, тізе, ұршық, мойын, беломыртқа буындары зақымданады. Аурудың басты белгісі – буындардың ауыруы, яғни салмақ түскенде, мысалы жүргенде, баспалдақпен көтеріліп түскенде, буындардың ауыруы күн ұзақ жүріп-тұрудан, әртүрлі қимылдардан кешке қарай күшейе түседі, ал түнде, тыныш жағдайда басылады.

Тағы бір ерекшелік - старттық ауырсыну, яғни буындардың алғаш қадамдар жасағанда қатты ауыруы.

Буындар салқын тисе, ауа райы нашарласа және салмақ түссе сыздап, кейде кеміріп ауырады.

Жергілікті қанайналымның бұзылысынан және гипоксиядан, ұзақ бір қалыпта болғанда, буындар шамалы уақыт сіресуі мүмкін. Бірақ сіресу 30 минуттан артыққа созылмайды. Сүйек бетінің бұдырлануынан қозғалтқанда буындар сыртылдайды (буындардың крепитациясы).

Тексергенде – буындардың крепитациясы, ауырсынуы, ісінуі және қимыл көлемінің шектелуі байқалады.

Кеселдің кештеу сатысында буын маңы тінінде фиброздық процестер дамиды, шел қабаты қалыңдайды, бұлшықеті атрофияланады, осыдан буынның пішіні біршама бұзылады. Саусақ буындарының зақымдануы – басым зақымданатын - саусақтың дистальді және ортаңғы фалангааралық буындары.

Остеофиттер буынның сыртында түйін тәрізді көрінеді. Түйіндер шығар алдында буындар біраз уақыт ашып, шаншып, ұйып ауырады. Бірақ түйіндер шыққан соң, бұл белгілер басылады.

Түйінді остеоартроз тұқым қуалауға бейім, әсіресе әйел жағының бірнеше ұрпағында таралады. Қол ұшымен әсіресе суық суда, көп қызмет жасағанда буындар ісініп қызарады. Аурудың кештеу сатысында саусақтың ұштары қисаяды, кейде остеофиттер тек түйін сияқты болып қоймай, буынды жағалай өсіп, сақина тәрізденеді. Үй шаруасымен немесе кейбір кәсіптермен айналысатын адамдарда бас бармақтың білезік – алақан буыны жиі зақымданады. Мұндай науқас бармағын алақанына қарай бүгіп жүруге мәжбүр болады. Рентгенограммада :

шеміршектің бұзылуынан буын жігінің тарылуы;

эпифиздердің жиекшелік остеоартрозы (субхондралық остеосклероз);

эпифиздер шетін жағалаған остеофиттер;

сүйектердің басында кисталардың түзілуі;

сүйектердің ұясынан таюы;

остеопороз;

Емі:

Емнің негізгі мақсаты - ауырсынуды басу, шеміршектің бұзылысына жол бермеу және зақымданған буынға күш түсуін жеңілдету.

Зақымданған буындарға күш түсуді азайту. Ұзақ жүруге, тұруға (жүргеннен гөрі тұрған қиындау), баспалдақпен жиі көтеріліп, түсуге тыйым салынады. Жүріс арасында 5 - 10- минут тынығу және таяққа немесе балдаққа сүйеніп, жүру қажет. Буынға түсетін салмақты азайтудың келесі бір жолы – дене массасын қалыпқа келтіру. Арықтау үшін гипокаллориялық диета ( № 8 ), жалпы массаж, ашығу күндерін қолданады.

Шеміршек метаболизмнің және сүйек типінің микроциркуляциясын арттыру.



Подагра — пуриндік алмасу бұзылыстары салдарынан адам ағзасында зәр қышқылдарының жиналып, жедел артрит ұстамалары, тіндерге ураттардың толып қалуымен сипатталатын ауру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет