Тақырып 11 Электр қауіпсіздігі



Дата19.06.2023
өлшемі29,5 Kb.
#178948
Байланысты:
Енбек коргау - 11 лекция (1)


Дәріс 11 Электр қауіпсіздігі. Электр тогының адамға әсер етуі. Электр қондырғыларындағы қорғау шарасы. Электр тогымен зақымданған кезде көмек көрсету.

Электрқауіпсіздігі – зиянды және қауіпті электр тоғы, электр доғаы, электр магниттік өріс және статистіу электр әсерінен адамды сақтауды қамтамасыз етету шаралары мен техникалық құралдардың жиынтыңы.


Өндірітсік бөлмелер электр тогына қауіптілік дәрежесі бойынша үш категорияға бөлінеді : қауіптілігі жоғары емес(без повышенной); қауіптілігі жоғары; аса қауіпті.
Қауіптілігі жоғары емес электр тоғымен зақымданатын бөлмелерге тұрғын бөлмелер, басқару бөлмелері, конструкторлық бюро т.б. құрғақ , шаңы жоқ бөлмелер қалыпты температуралы және ылғалдылығы 60% дейін болатын, едендері ток өткізбейтін (ағаш) жерге қосылған заттар өте аз немесе мүлдем жоқ бөлмелер жатады
Қауіптілігі жоғары бөлмелерге ылғалды бөлмелер (салыстырмалы ылғалдылық 60...70% )температурасы тұрақты түрде немесе мезгіл-мезгіл 350С артып отыратын , ток өткізетін шаңы және едені (жер, металл, бетон) бар, адамның бір мезгілде электр қондырғыларына және жерге қосылған заттарға жанаса алатын мүмкіндігі бар бөлмелер жатады.
Аса қауіпті бөлмелерге ылғалдылығы 100% жуық , қабырғалары және едендері ылғалды; химиялық активті ортасы бар, элетризоляциясын бүлдіретін булары және газдары бар бөлмелер; аса қауіптіліктің екі немесе одан да көп белгілері бар бөлмелер жатады.
Адамдардың қауіпсіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін өнеркәсіп басқармасы электр қондырғыларын орнату ережелерін, электрқондырғыларын тұтынуға беру кезіндегі техникалық ережелерін, электрқондырғыларын тұтынуға беру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет. Сол ережелердің негізінде жергілікті нұсқаулар мен ережелер құралады.
Электрқондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жұмысшылардың ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары арқылы қамтамасыз етіледі. Оларға: қоршау және оқшаулағыш қондырғылар мен жабындар; қате операциялар болған жағдайда, оларды болдырмау үшін аппараттар мен қоршауларды блокадалау; электр қондырғылар мен желі учаскелерінің қосылып- өшуін автоматтандыру; автоматты бақылау мен сақтандырушы дабыл қондырғыларының; сақтандыру үшін жерге қосу және нөлге келтіру; кернеуді реттеуге және қуатты төмендетуге арналған қондырғылар; аппараттарды дистанционды басқару; сақтандырушы қондырғылар; сақтандыру белгілері (жазулар, плакаттар) және де электрден сақтандырушы құралдар жатады. Статикалық электрден сақтандыру құралдары мыналар болып табылады: жерге қосу қондырғылары, ауаны ылғалдандыру, антиэлектрлік жабындар.
Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық тәсілдер
А) Ток өткізетін бөліктерді элекризоляциясы
б ) нөлдеу
в )жерге қосу
г )электр тоғынан ажырату (защитное отключение)
д) Изоляцияланбаған ток өткізетін бөлшктерін қоршау және оларды қол жетпейтін биіктікке ( жерге )орналастыру
Электр тогының адамға әсерінің көп сипаты бар. Адам организіміне тоқ өткенде термиялық, электрлік, биологияның әсер етеді. Тоқтың термиялық әсері дененің кейбір жердегі күйік қан тамырларының, нервтердің, қанның қызып кетуінен білінеді. Тоқтың электрлік әсері қанның және организмнің басқа да сұйықтықтардың ыдырауына байланысты. Олардың физикалық-химиялық құрамының біраз бұзылуын туғызады. Тоқтың биологиялық әсері -органикалық тірі жасушалардың қызуы нәтижесінде буындар тартылып қалады,сонымен қатар жүрек пен өкпе қысылады, нәтижесінде қан айналу мен тыныс алу органдарының жұмысы нашарлайды, тіпті олар жұмысын тоқтату да мүмкін.
Адам денесі электр тогының өткізгіші болып табылады. Электр тогына кедергі қасиетін көрсететін тері, сондықтан адам денесінің кедергін ең басты тері кедергісімен анықталады. Адам терісі құрғақ және жарақаттанбаған болса, қарсыласуы 3-100 дейін кОм шамасын береді. Ал терінің ішкі қабырғалары 300-500 Ом қарсылықты құрайды. Ол қоршаған орта күйіне және электр тізбегіне байланысты. Тоқ ұзақ соқса ауыр жарақатқа, кейде өлімге алып келеді.
Адам денесі жиілігі 50Гц-тнгі 0,6-1,5мА ток өтенін сезе бастайды.
10...15мА ток өткенде қолдың бұлшық еттері жирылып (судороги), адам өз бетімен тоқтан босана алмайды. Токтың бұл мөлшерін порогты жібермейтін(пороговым неотпускающим) деп атау қабылданған
25...50мА токта кеуде клеткаларының бұлшық еттерінің спазмасы пайда болып, тыныс алу процесі тоқтайды. Мұндай ток ұзақ әсер еркенде (5...7мин)өкпе жұмысының тоқтауынан өлімге ұшырайды.
50мА Жүректің жұмысы және қан айналымы тоқтап, адамды өлімге әкеледі (өлтіретін ток)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет