Тақырып 3-4 Қоғам біртұтас жүйе ретінде I. Зерттелетін проблемалар



Дата06.11.2022
өлшемі16,06 Kb.
#156717
Байланысты:
3-4 апта


Тақырып 3-4
Қоғам біртұтас жүйе ретінде
I .Зерттелетін проблемалар
1. Әлеуметтік жүйелер, олардың типтері, формалары, әлеуметтік ұйымдасу деңгейлері. Адам әлеуметтік жүйенің компоненті ретінде.
2. Әлеуметтік жүйелердің динамикасы, тұрақтылық проблемалары. Әлеуметтік жүйелерді тану әдістері.
3. Қоғамның жүйе ретіндегі мәні, құрылымы және функциялары. «Қоғамның» социологиялық ұғымы, оның сапалық сипаты: біртұтастық, әлеуметтілік, автономдылық және өзінділік, өзін-өзі реттеу қабілеттілігі.


II.Глоссарии
Қоғам, өздігінен дамушы жүйе, өркениет, қоғамдық- экономикалық формация, индустриалдық қоғам, постиндустриалдық қоғам, ақпараттық қоғам, әлеуметтік жүйе, әлеуметтік байланыс, әлеуметтік өзара әрекет, әлеуметтік өмір, әлеуметтік прогресс, регресс.
III. Өзін-өзі тексеруге, қайталауға арналған сұрақтар
1. Әлеуметтік жүйе дегеніміз не?
2. Сіздің көзқарасыңыз бойынша әлеуметтік жүйенің құрылымдық бірлігі болып не табылады?
3. «Қоғам» дегеніміз не? Адам неге қоғамнан тыс өмір сүре алмайды?
4. Адамзат қоғамының дамуының спецификасы мен тенденциясын қандай факторлар анықтайды? Қоғамды табиғаттан не бөліп тұр?
5. Қоғамның қандай тарихи типтерін білесіз?
6. Қоғамның жүйелік талдауы терминдерімен Қазақстанның қазіргі жағдайын сипаттап беріңіз. Қазіргі Қазақстан қоғамының негізгі жүйелік белгісі не?
7. Әлеуметік пргрестің критерилері қандай ?
8. Ақпарттық қоғамның мәні неде? Ол қашан айқындалады?
IV. Тапсырма
1. О.Конт қоғам бұл- еңбек бөлінісіне негізделген қызмет етуші жүйе деп санаған.
Г.Спенсер бойынша, қоғам – «индивидумдар арқылы жүзеге асатын идеялардың, сенімдердің, сезімдердің композициясы» деген.
К.Маркс : «Қоғам индивидтерден тұрмайды, ал бұл индивидтердің байланыстары мен қатынастарының жүйесін айқындайды» деп жазған.
Сұрақ: Қоғамның бұл анықтамалары бір-біріне қайшы ма, әлде бір-бірін толықтырыды ма?
2. Сөздіктен «жүйе», «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік байланыс», «әлеуметтік өзара әрекет», «әлеуметтік өмір ұғымдарының» анықтамаларын табыңыз. Оларды не біріктіреді және не айырады?
3. Қоғам дегеніміз не ? Оның тұрмыстық және ғылыми мағынасы қандай? Өсімдіктердегі, жануарлардағы, адамдардағы еңбек бөлінісіне мысал келтіріңіз.
4. Г. Тард және оның мектебі қоғамдық өмір мен қоғамдық дамудың негізгі құбылысы - деп өнертапқыштықты көрсетеді. Өзіңіздің көзқарасыңызды білдіріңіз.


V. Рефераттар мен баяндамалар тақырыптары



  • О.Конт қоғам эволюциясының үш кезеңі туралы

  • Н.Бердяев тариз пен прогрестің мәні туралы

  • Т.Парсонс қазіргі қоғамдар жүйесі туралы

  • Қоғам әлеуметтік өмірдің субъектісі ретінде

  • Қоғам социомәдени жүйе ретінде


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет