Тақырып №3 Аралас, радиациялық және химиялық зақымданулар. Оқу және тәрбиелік мақсаттары



бет9/9
Дата13.01.2022
өлшемі124,67 Kb.
#111600
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ВПХ №3 KZ

Білікті медициналық көмек. Тұрақты ОВ жұқтырғандардыЖмедБ мен ОМО-да толық санитариялық өңдеу (душта жуу) жүргізу үшін АӨБ (арнайы өңдеу бөлімшесіне) жіберіледі. Профузды қан кету, асфиксия кезінде дереу операциялық немесе таңу бөлмесіне жіберіледі, онда ішінара санитарлық өңдеу және шұғыл операция жүргізіледі. Санитарлық тазарту кезінде жараның сулануына жол бермеу үшін жара полимерлі пленкамен жабылады.

Барлық аралас жаралар мүмкіндігінше ертерек,сонымен қатар жараға түскендерді,өлі тіндер алынып қана қоймай хирургиялық өңдеуден өтеді. Хирургиялық бригада 6-8 қабаттан тұратын маскаларда, қолғаптарда, жеңі бар алжапқыштарда жұмыс істейді. Пайдаланылған тампондар мен таңғыштар бөлек контейнерге жиналады, ал құралдар дереу хлораминнің 10% ерітіндісіне малынып алынады. Жараның қоршаған тіндерін антибиотиктердің ерітіндісімен өңдейді. Жиналған таңу материалы өртеледі.



Мамандандырылған көмек көп бейінді госпитальда немесе жаралану немесе зақымдану бейіні бойынша госпитальдарда көрсетіледі.

Ядролық және химиялық қаруды қолдану жағдайында жауынгерлік патологияның жаңа түрі пайда болады – жараланған және күйген адамдардың жағдайын едәуір ауырлататын, жарақат процесін нашарлататын, емдеу уақытын едәуір ұзартатын және өлімді арттыратын аралас радиациялық және аралас химиялық зақымданулар. Барлық маман дәрігерлері мұндай жауынгерлік патологиямен сөзсіз айналысады және атап айтқанда, зақымдану факторларының өзара үйлесімінде денеге теріс әсер ететін механикалық жарақаттың да, радиациялық және химиялық зақымданудың да диагностикасы мен оны емдеуге дайын болуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет