2. Халықаралық ұйымдардың құрылымымен танысып кестені толтырыңыз.
Халықаралық ұйым атауы
|
Құрылған уақыты
|
Мүшелері (мемлекеттер саны)
|
Қызмет бағыты
|
БҰҰ
|
Екінші дүниежүзілік соғыстан құрылған халықаралық ұйым.
Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.
|
БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді.
|
Достық қарым-қатынасты қалыптастыруға, халықаралық ынтымақ пен бірлікті дамыту мақсатында бас қосқан елдер
|
ЕҚЫҰ/ОБСЕ
|
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға өз тәуелсіздігін алғаннан кейін көп уақыт өтпей-ақ, яғни 1992 жылдың қаңтар айында мүше болды.
|
Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды.
|
Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік.
|
Еуропалық Одақ
|
1993 ж
|
Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Аустрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған.
|
Халықаралық саяси және экономикалық бірлестік.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |