Орындаған: Тіллабек Арайлым ТФП-320 Тексерген: Мукабылова Арайлым Тақырып: Альдегидтердің химиялық қасиеттері Альдегидтер, RСНО-құрамында көміртек радикалымен байланысқан альдегид тобы бар органикалық қосылыстар. Ол спирттер құрамындағы сутектің екі атомын алып тастағанда түзіледі. «Альдегид» деген атаудың өзі де аlсаһоl dеgіdrоgеnаtus деген латын сөздерінің (сутектен айырылған спирт) алғы буындарынан құралған. Альдегидтер өз құрамындағы қышқыл атымен аталады. Мысалы, құмырсқа қышқылынан құмырсқа альдегиді не формальдегид (НСНО), сірке қышқылынан сірке альдегиді не ацетальдегид (СН3СНО), т.б. түзіледі. Тиісті көмірсутекке «аль» жалғауы жалғанып, метаналь (НСНО), этаналь (СН3СНО), т.б. деп те аталады. Альдегидтерге спирттік және қышқылдық қасиет тән. Ол тотығу-тотықсыздану реакциясына бейім, мұның нәтижесінде күрделі эфир не спирт және қышқыл түзіледі. Сондай-ақ альдегидтер полимерлену және конденсаттану реакцияларына өте бейім келеді. Альдегидтер полимерлер, дәрі-дәрмектер, көмірсулар, синтетикалық бояу, т.б. заттар алу үшін қолданылады. Өндірісте альдегидтер спирттерді тотықтыру немесе дегидраттау арқылы алынады.