Тақырып. Ақша қаражаттарының есебі және оның баламалары. Дәріс жоспары: Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері


Дивиденттер бойынша есеп айырысулар және болашақ кезеңдердің табыстарының есебі



бет25/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#96730
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Байланысты:
6. Краткое содержание лекций по ФУ 1

5. Дивиденттер бойынша есеп айырысулар және болашақ кезеңдердің табыстарының есебі. Дивидендтер дегеніміз акционерлер иелігінде болатын акциялардың саны мен түрлеріне сәйкес оларға тиесілі акцияларына табыс түрінде жыл сайын акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам табысының бір бөлігі.
Дивидендтер бойынша есеп айырысулар 3030 «Дивидендтер бойынша және қатысушылардың табысы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар» шотында жүргізіледі.
Дивидендтерді есептеген кезде 3030 шоттар кредиттеледі және мына шоттар дебеттеледі: 5510, 5520 – есепті жылдың және бұрынғы жылдардың бөлінбеген табысы есебінен акция ұстаушыларға дивиденттер есептегенде; 5410, 5460 – артықшылығы бар акциялар бойынша есептелген дивидендтер сомасына, бөлінбеген табыстың болмауы немесе жетімсіздігі кезінде.
Акциялар бойынша дивидендтер төлемін көрсеткенде Дm шот 3030 Km шот 1010, 1030 – дивидендтің заттай төлемінде.
Төлемнің қайнар көзінен ұсталынған табыс салығының сомасына 3030 шот дебеттеледі және 3120 «Жеке табыс салығы» шоты кредиттеледі. Дивидендтер салық салуға 15 пайыз ставкасы бойынша жатады және одан кейін салық салуға жатпайды. Жеке табыс салығын бдюжетке аударуда 3120 шот дебеттеліп, 1010, 1030 шоттар кредиттеледі.
3030 «Дивидендтер бойынша және қатысушылардың табысы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар» шоты бойынша кредиттік айналымдар №9 журнал- ордерде бейнеленеді.
Кәсіпорынның есепті айда алған, бірақ кейінгі есепті кезеңдерге жататын табыстары болашақ кезеңдерінің табыстары болып есептеледі (жал төлемі немесе пәтерақы төлемі; коммуналдық қызметтер үшін төлемдер; жол билеттерін сатудан алынған табыстар; баспалық жазылымдарға жазылу құны; байланыс қызметтерін пайдаланғаны үшін абоненттік төлемдер). Алдағы кезең табыстарының есебі 3520 және 4420 шоттарда жүргізіледі. Бұл шотта айлық және тоқсандық билеттер бойынша кәсіпорынға алдын-ала төленген ақылары, автомобиль тасымалдары және басқалары үшін күні бұрын төленгені ескеріледі. Осындай төлемдер түскенде Дебет шот 1010, 1030 Kредит шот 3520, 4420
Алдағы кезеңнің кірістерін есептегенде 1210, 1220, 1230, 1230 шоттар дебеттеледі және 3520, 4420 шот кредиттеледі.
Есепті айға жататын ертеректе алынған табыстар тізімі Дебет шот 3520, 4430 Kредит шот 6010, 6210, 6280 бойынша көрсетіледі.
Өткен жылдарда анықталған жетіспейтін ақша қарыздарының алдағы кездегі түсім қаражаттары сомасына: Дm шот 1250 Km шот 3520, 4420
Өткен жылдар ішінде анықталған жетпейтін ақша бойынша қарыздар үшін төлемдер түскенде: Дm шот 1010, 1030 Km шот 1250
Сонымен бір мезгілде тиісті сома 3520, 4420 шот дебетіне және 6010 шот кредиті бойынша жазылады. 3520, 4420 шоттарының кредиттік айналымдары №9 журнал –ордерде көрсетіледі.
6. Еңбек ақы бойынша персоналдармен есеп айырысулар есебі. Өндірістік қызметке жұмысшылардың қатысуына байланысты персоналдар өнеркәсіптік өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді .
Жұмысшыларды тізімдік және тізімдік емес құрамға бөледі. Тізімдегі құрамға бір күннен артық негізгі қызметі бойынша, ал басқа қызмет түрлері бойынша бес күннен кем мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты, кезеңдік және уақытша жұмысшылар жатады .
Ұйымда атқаратын функцияларына байланысты жұмыс істеушілерді екі топқа бөледі: жұмысшылар және қызметкерлер. Қызметкерлер тобынан келесідей категорияларды бөлуге болады: жетекшілер, мамандар және қызметкерлерге жататын басқа да мамандар .
Жұмысшылар - математикалық игіліктерді жасау процесімен тікелей айналысатын тұлғалар.
Жетекшілер (басшылар) кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімдерінің басқарушылары , сонымен қатар бас мамандар мен оның орынбасарлары .
Мамандар - өндіріс процестерін ұйымдастыру және басқаруды жүзеге асыратын, инженерлі – техникалық және басқа жұмыстармен айналысатын қызметкерлер, мысалы: инженер, экономист, бухгалтер, механик т.б.
Қызметкерлерге жататын басқа да мамандар - құжаттарды дайындайтын және толтыратын, есептеу мен бақылауды, шаруашылық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жұмысшылар.
Кадрлар есебі үшін жеке карточкалар, ғылыми жұмысшылар үшін ғылыми жұмысшының есеп карточкалары алғашқы құжаттар болып табылады. Жұмыс уақытының есебі бойынша негізгі алғашқы құжаттар- жұмыс уақытын пайдаланудың есебі мен еңбек ақыны есептеу табелі және жұмыс уақытын пайдалануды есептеу табелі болып табылады. Табель жұмысшылардың барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалануын есептеу үшін, сондай- ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің бекітілген жұмыс күні режимін сақтауына бақылау жасау үшін, олармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу және атқарылған уақыт туралы деректер алу үшін қолданылады. Табельді табель толтырушы немесе мастер бір данада толтырады және еңбекақы есептеу үшін бухгалтерияның есеп айырысу бөліміне жіберіледі.
Жұмысқа келулер және жұмыс уақытын пайдаланудың есебін табельде жалпылау тіркеу әдісімен жүргізіледі, яғни барлық келгендерді , кешіккендерді белгілеу немесе тек қана ауытқуларды тіркеу арқылы. Күндер мен сағаттардың санын ондық белгімен көрсетіледі. Ай соңында табельдер әрбір жұмысшымен атқарылған уақыттың қорытындысы жазылады және жұмысқа келген, келмеген күндер есептеледі. Осы деректер жұмыс категориялары бойынша және жалпы табель бойынша қосылады. Жеке құрамның есебі категорияның кадрлар бөлімінде жүргізіледі.
Еңбек ақының екі түрі болады: негізгі және қосымша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет