Тақырып. Ақша қаражаттарының есебі және оның баламалары. Дәріс жоспары: Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері



бет27/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#96730
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Байланысты:
6. Краткое содержание лекций по ФУ 1

Еңбекті төлеудің кесімді формасы - өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстың және көрсетілген қызметтің сапасын ескере отырып, бірлік санына төлеуді білдіреді. Кесімді еңбек ақының келесідей жүиелері бар: тікелей кесімді, кесімді-сыйақылы, кесімді – прогрессивті, аккордты.
Тікелей кесімді еңбек ақы төлеу қажетті біліктілікті ескере отырып, тағайындалған тұрақты кесімді баға негізінде өндірілген өнім бірлігінің саны үшін жүргізіледі. Еңбекақы мөлшері тұрақты кесімді бағаны өндірілген өнім санына көбеиту арқылы анықталады.
Еңбекті төлеудің кесімді-сыйақылық жүйесі кезінде өндірілген өнім санына есептелген еңбек ақы сомасына белгілі бір сапалы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін төленетін сыиақы қосылады .
Кесімді – прогрессивті жүйе кезінде төлеу норма шегіндегісі тұрақты баға б-ша, ал нормадан артығы прогрессивті өспелі баға бойынша жүргізіледі.
Аккордты жүйе кезінде еңбекақы төлеуді алдын-ала нормаланған тапсырма және бағасы анықталған жұмыс көлемінің орындалуы бойынша анықтайды. Аккордты еңбек ақы төлеудің мөлшерін іс жүзіндегі нормативті тапсырмалар бағалар негізінде бекітеді, ал олар болмаған жағдайда - ұқсас жұмыстар үшін қолданылатын нормаланған тапсырмалар мен бағалардан шыға отырып бекітеді.
Еңбекақы төлеудің кесімді формасы кезінде есеп айырысу еңбек өнімділігі туралы құжаттар бойынша жүзеге асырылады.
Әрбір жұмысшының бригада еңбегінің нәтижесіне қосқан еңбектік үлесінің мейілінше толық есебі үшін оның мүшелерінің келісімімен еңбекке қатысу коэффициенті қолданылады .
Қосымша еңбек ақының есептелуі орташа еңбек ақы бойынша жүргізіледі. Орташа еңбекақы дегеніміз өткен уақыт үшін нақты алынған еңбек ақының негізінде есептелген жұмысшының еңбек ақы мөлшері .
Кезекті демалыс уақыты үшін ақы төлеу. Еңбек демалысы жұмысшылармен қызметкерлерге жұмыс жылында бір рет беріледі. Еңбек демалысы жұмысқа қабылданған күннен бастап есептелінеді . Жұмысшы берілген кәсіпорында 11 ай үзіліссіз жұмыс істеген мерзімнен кейін еңбек демалысын алу құқығына ие болады. Еңбек демалысының ұзақтығы жұмыс істеушілердің әртүрлі категориялары мен ұжымдық шарттар және қолданыстағы ережелер б-ша белгіленеді. Еңбек демалысы уақытына төлеуді демалысқа кететін айдың алдындағы 12 күнтізбелік айдағы орташа жалақыдан, осы кезеңге бекітілген үстемелер, қосымшалар және сыйақының орта мөлшерін есепке ала отырып есептейді. Сыйақының орта мөлшері 12 күнтізбелік ай үшін сыйақының орташа айлық процентін 12 күнтізбелік айдағы орташа жалақыға көбейту арқылы анықтайды.
Демалыс ақыны есептеу үшін қабылданған еңбекті төлеу сомасы 12-ге және осы уақыт аралығында жұмыс істелген күндер санына бөлінеді, орташа жалақыны есептеуге уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы да қосылады. Алынған орта күндік еңбек ақыны демалыс күнінің санына көбейтеді .
Жұмысшы айдың аяқталуына дейін жұмыстан босағанда немесе еңбек демалысына кеткенде жалақы бойынша есептеу жасалады, оның мәліметтері айдың аяқталуы бойынша есеп айырысу төлемдік ведомостында немесе еңбек ақы төлеу бойынша есептеу кітабына жазылады.
Еңбек ақы төлеу бойынша қызметкерлер мен есеп айырысудың синтетикалық есебі 3350 “Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыздар’’ шоты бойынша жүзеге асырылады.
3350 шоттың кредиті бойынша айдың басы мен айдың аяғына жұмыс істеушілердің алдындағы қарыздардың қалдығы және оларға еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы түрінде есептелген сомалар, яғни қарыздардың көбеюі, ал дебеті бойынша барлық ұстаулар түрлері мен берілген еңбекақы сомалары көрсетіледі.
Жұмысшылардың кезекті демалыс уақытына ақы төлеу үшін кәсіпорындарда резерв құрылады, өйткені жұмысшыларға демалыс жыл бойы біркелкі берілмейді және демалысты төлеу бойынша шығындарды сол айда өндірілген өнімнің өзіндік құнына жатқызу өзіндік құн туралы мәліметтерді өзгертеді. Демалыстарды төлеуге резерв демалысақы сомаларын және еңбек ақы қорынан аударуларды есептеу кезінде ескерілетін, олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары сомасынан анықталады. Резерв қарастырылған процент бойынша ай сайын анықталады. Демалыс үшін нақты есептелінген сомаларды осы резерв есебінен есептеп шығарады.
3350 “Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыздар’’ шотының кредиттік айналымдары №10 журнал – ордерде бейнеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет