Тақырып. Ақша қаражаттарының есебі және оның баламалары. Дәріс жоспары: Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері



бет26/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#96730
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Байланысты:
6. Краткое содержание лекций по ФУ 1

Негізгі еңбек ақыға атқарылған (жұмысқа) уақытқа және орындалған жұмыстың саны мен сапасы үшін есептелген еңбек ақы: тарифтік ставка, оклад, кесімді бағалау бойынша төлеу, сыйақылар, мерзімнен тыс жұмысқа, түнгі уақытта жұмыс істегені үшін, жұмыскерлер кінәсінің болмаған тұрып қалған уақытқа ақы төлеулер жатады.
Қосымша еңбек ақыға еңбек туралы заңдарда қарастырылған атқарылған уақытқа төленетін төлемдер жатады. Оған: кезекті демалыс уақытына ақы төлеу, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындағаны үшін ақы төлеу, жұмыстан шығу кезіндегі төленетін жәрдем ақы және болып табылады.
Еңбек ақының негізгі формалары мерзімді және кесімді болып табылады. Мерзімді еңбек ақыны төлегенде жұмыс істеушінің ақысын жұмсаған еңбегінің іс жүзінде атқарған уақыты мен сапасына тікелей тәуелді түрде төлеу қарастырылады. Мерзімді еңбек ақыны төлеу екі жүйеге бөлінеді: жай мерзімді және мерзімді - сыйақылы.
Жай мерзімді еңбек ақы төлеуде жалақы сағаттық, күндік, айлық тарифтік ставкалар бойынша немесе нақты атқарған уақыты үшін оклад бойынша есептеледі. Еңбек ақының мөлшері тарифтік ставканы атқарылған уақыт мөлшеріне көбейту арқылы немесе окладты есептеу арқылы анықталады.
Еңбекті төлеудің мерзімді - сыйақылық жүйесі кезінде тариф бойынша есептелген еңбек ақы сомасына тарифтік ставкаға белгілі бір процент мөлшеріндегі сыйақыны қосады.
Еңбек ақының есептелуі есептік төлем ведомосында, жеке счеттарында, ал берілуі төлем ведомостары бойынша жүргізіледі .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет