2. Бұұ (біріккен ұлттар ұйымы) Халықаралық ұйымдар . Жаһандық әлемдегі Қазақстан тұғырының үста нымының нығаюы . Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасымен және тағы басқа құрылымдарымен ынтымақтастық негіздегі қарым - қатынас өрісін кеңейтті . Қазақстанда БҰҰ жүйесінің 16 ұйымы қызмет жасайды : БҰҰ Даму бағдарламасы , БҰҰ Балалар қоры , БҰҰ Халық қоныстану қоры ( ЮНФПА ) , БҮҮ есірткі және қылмыс мәселелері жөніндегі басқарма сы , БҰҰ Жоғары комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы , БҰҰ Еріктілері , БҰҰ әйелдерді дамыту қоры , Халықаралық еңбек ұйымы , БҰҰ Білім , ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы ( ЮНЕСКО ) , Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы , БҰҰ өндірісті дамыту жөніндегі ұйымы , Дүниежүзілік банк , Халықаралық валюта болды.
БҰҰ - ның басты міндеттерінің бірі бейбітшілікті бүкіл әлемде колдау және ұжымдық қауіп сіздікті қамтамасыз ету . БҰҰ - ның ең басты әрі негізгі кұжаты оның Жарғысы . Тарихи деректерге қарағанда , Үйым Жарғысы ның жобасы КСРО , АҚШ , Қытай және Ұлыбритания мемлекет тері өкілдерінің қатысуымен жасалған . Құжат бес тілде – орыс , ағылшын , кытай , француз және испан тілдерінде әзірленіп , 1945 жылдың 26 маусымында оған Сан - Франциско конферен циясында 51 мемлекет қол қойды . Ал Жарғы сол жылдын 24 қазанында аталған конференцияға қатысушы елдердің Жар ғыны ратификациялауына байланысты күшіне енді . Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымы ның құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр . Қазіргі уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымына 193 мемлекет мүше . БҰҰ жұмысы Ұйымның Жарғысында көрсетілген мақсаттар мен ұс танымдар негізінде айқындалады . Жарғыға сәйкес БҰҰ кең ау қымды өкілеттікке ие . Ол бейбітшілік пен қауіпсіздік , климат Тың өзгеруі , тұрақти да адам құқы қарусыздану , лаңкес тік , гуманитарлық және төтенше жағдайлар , гендерлік теңдік , азық - түлікті басқару , өндіру және өзге де маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдайды . БҰҰ хатшылығының басты әкім шілік лауазымды қызметкері Бас хатшы болып саналады . БҰҰ көптеген жылдар бойы халықаралық дағдарысты болдырмауға ықпал етуде және ұласпалы жанжалдарды реттеуде басты рөл аткарып келеді . Қазақстанның 1992 жылы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйы мына енуі маңызына қарай тарихи акция болып табылды , ол біз дің еліміздің әлемдік қоғамдастыққа нақты тәуелсіз мемлекет ретінде енуінің белгісін білдірді . Қазақстан әлемдік қауымдас тыктын жана мүшесі ретінде ғана емес , жаңа заманның ең өзекті халықаралық мәселелері бойынша белсенді ұстанымдағы , ядро лык карусыздану үшін қозғалыстың авангардында тұрған мемлекет ретінде енді . 1991 жылы Семей полигонын жабу мен 1992 жылы Лиссабонда ядролық сынауды жалпы қамтылган тыйым салыну туралы келісім - шартқа ( ЯҚHK ) ядросыз мемлекет ретін де косылу жөнінде міндеттеме қабылдауы Қазақстанға биік бе дел және БҰҰ Бас Ассамблеясының биік мінбесінен халыкара лық қауіпсіздік саласында өзіндік бастамасын алға қоюына мон ральдык құқықты қамтамасыз етті . Қазақстандык делегация Б ¥¥ толық құқықты мүшесі ретінде қатысқан бірінші форум - БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 жылы күзде өткізілген 47 - сес сиясы болды . Осы сессияда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазак станның халықаралық саясаты туралы кеңінен сөз сөйледі . 1992 жылдан бергі өткен уақыт ішінде Қазақстан мемлекеттер дің халықаралық қауымдастығының белсенді мүшесі болып қана қоймай , онда өзінің лайықты орнын алды . Қазіргі кезде Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының 15 мекемесі қызмет жасайды . Олар : БҰҰДБ ( БҰҰ Даму бағдарламасы ) , ЮНИСЕФ ( БҰҰ Балалар қоры ) , ЮНПФА ( Халықты орналастыру жөнінде гі БҰҰ қоры ) , БҰҰE ( БҰҰ еріктілері ) , ЮНИФЕМ ( БҰҰ әйелде рінің даму қоры ) , ХЕҰ ( Халықаралық еңбек ұйымы ) , ЮНЕСКО ( БҰҰ Білім , ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы ) , БДУ ( Бүкіләлемдік денсаулық ұйымы ) , ЮНИДО ( БҰҰ өнеркәсіптік даму ұйымы ) және т.б. 2013-2015 жылдар аралығында Қазақстан БҰҰ - ның адам кү кығын қорғау Кеңесінің мүшесі болып табылады . 2010 жылы Қазақстан 2017-2018 жылдар аралығына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе сінің тұрақты емес өкілі және БҰҰ БА - ның 71 - сессиясының Төрағасы лауазымына ресми түрде өз кандидатурасын ұсынды . Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының дамуында Мемлекет басшысының Ұйымның Нью - Йорктегі штаб - пәтеріне және БҰҰ - ның Женевадағы Еуропалық бөлімшесіне сапары , сонымен бірге БҰҰ басшылығымен кездесулері маңызды рөл атқарды . 2002 жылдың қазанында Қазақстанға БҰҰ Бас хатшысы Кофн Аннан , 2010 жылы Бас хатшы Пан Ги Мун келді . 2016 жылдын 28 маусымында Нью - Йоркте БҰҰ Бас Ассамблиясында өткен мәжілісінде Қазақстан Республикасы Азия тобы мемлекеттері нін атынан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017 2018 жылдарға уакытша мүшесі болып сайланды . Қазақстан өзін әлемдік аренада бейбіт ұстанымдарды колдатын , келісімдік шарттарды орындайтын және өзінің дара жолы бар мемлекет ретінде танытты .