1912 жылы қазақтарда демократиялық қозғалыстың жаңа кезеңі басталды.
1911-1915 жылдарда шығып тұрған «Айқап» журналы шығарушысы және
редакторы Мұхаметжан Сералин
Қазақстандағы идеялық-саясм ой-пікірдің аграрлық-
демократиялық бағыттарын білдірді.Оған Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, С.Торайғыров,
С.Сейфуллин,Б.Майлин және басқалар қатысып тұрды. Журнал беттерінде аграрлық
қатынастардың, оқу-ағарту мен білімнің, қазақ ауылындағы тауар-ақша қатынастары
дамуының проблемалары көрсетілді, патша өкіметінің отаршылдық саясаты әшкереленді.
1912 жылдан 1918 жылға дейін шығып тұрған «Қазақ» газеті либерал-
демократиялық бағыт идеяларын білдірді.
Достарыңызбен бөлісу: |