топтарының өкілдері: Әлихан Бөкейханов,
Бақытжан Қаратаев, Жақып Ақбаев және
басқалары болды. Олар 1905 жылдың желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы
депутатарының
съезін өткізіп, өз партиясын – Ресей конституциялық-демократиялық
партиясының бөлімшесін құруға әрекет жасады. Ол 17 қазандағы патша манифесімен
берілген бостандықтар шеңберінде қазақтардың ұлттық мүдделерін қорғауға тиіс болатын.
1906 жылдың ақпанында Семейде қазақтардың
екінші съезі болды, ол кадеттерге жақын
бағдарламаны мақұлдады, бірақ оған өлкеге шаруалардың
қоныс аударылуын тоқтату,
Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану, ұлттық мектептер ашу,
тағы да басқа талаптар енгізді. Бұл саяси ағымды Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,
М.Тынышбаев, М.Шоқай, М.Дулатов, Б.Қаратаев және қазақ зиялыларының басқа да
көрнекті қайраткерлері басқарды. Олар
дін ұстану бостандығын жақтап, әсіресе үкімет
пен жергілікті органдардың мұсылман дініне қарсы актілеріне қарсылық білдірді. Ұлттық
мәдениетті дамытуды, сондай-ақ Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен тең қолдануды
жақтады.
Бұл жылдары қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы діни күрес
нысанына да ие
болды, оның барысында Қазақстанда арнайы мұсылман діни басқармасын ұйымдастыру,
мешіттер салу, діни мектептер ашу, қазақ тіліндегі мектептерде
ислам дінін уағыздау,
Меккеге қажылыққа баруға арналған шетелдік төлқұжаттар беру туралы талаптар
қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: