Тақырып Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай-тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары


 баптан тұратын «Алаш» партиясының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет28/28
Дата07.02.2022
өлшемі374,13 Kb.
#92630
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
10 баптан тұратын «Алаш» партиясының бағдарламасы 
құжат ретінде қабылданып, 1917 жылы партияның басылым органы болып съезде 
бекітілген «Қазақ» газетінің 251-санында жарияланды.
1917 жылдың аяғында Құрылтай жиналысына сайлаудың нәтижесінде 
Қазақстанның көпшілік уездерінде «Алаш» партиясының өкілдері жеңіске жетті. 
1917 жылдың көктемі мен жазында қазақ даласында барлық қоғамдық топтардың 
қозғалыстары арта түсті. Бұл кезеңде аймақта көппартиялық жүйе орын алды.
 1917 жылы 
наурызда түрікшілдік пен исламды жақтайтын «Шуро-и-ислам» партиясы 
құрылды. 1917 жылдың күзінде Қазақстанда өзін «Қырғыз» (Қазақ) социалистік 
партиясы» деп атаған және 1918 жылдан бастап Алашорда үкіметіне қарсы 
большевиктердің одақтасы болған ұлттық-саяси ұйым «Үш жүз» партиясы 
құрылды. Оның басшысы болып Қ.Тоғысов сайланды. 
Көптен күткен саяси тәуелсіз зайырлы ұлттық мемлекет құруға мүмкіндіктер 
туды.Сонымен, қорыта айтқанда, Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның идеологтары 
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі 
деп бағалап келді. Бірақ, біз жоғарыда атап көрсеткеніміздей, жалпы Алаш қозғалысы, 
соған байланысты XX ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси 
қызметінде «ұлтшылдықтың», «буржуазияшылдықтың» ешқандай да белгісі болған емес. 
«Алаш» қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды. Сондықтан, 
қазіргі де, болашақ ұрпақтың да санасында оның өмір сүрген уақыты қазақ халқының 
ғасырлар бойы армандаған өзінің толық тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы 
күресінің ең маңызды бір кезеңі деп бағалануы керек.
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).Бес томдық. 3-Том.-Алматы: 
«Атамұра», 2010. 
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).Бес томдық. 4-Том.-Алматы: 
«Атамұра», 2010. 
3. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы.Оқулық.редакциясын басқарған 
Қ.С.Қаражан.Алматы: «Қазақ университеті», 2005. 


4. Әминов Т.М. Қазіргі Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Бастау», 2017. 
5. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы.Алматы, 2010. 
6. Қазақстан тарихы: Оқу құралы (Ред басқ.проф.Б.С.Сайлан).Алматы, 2012. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет