уездік қазақ комитеттері үлкен әсер
етті.
Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа
комитеттермен де, Уақытша үкіметтің органдарымен де ынтымақтастық жасады. Мысалы,
Ә.Бөкейханов-Торғай облысы бойынша, М.Тынышбаев Жетісу облысы бойынша (эсер
А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары болды. Ал, А.Байтұрсынов,
М.Шоқаев, М.Дулатов, Ж.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, А.Бірімжанов,
Ә.Кенесарин, Р.Мәрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің
жергілікті органдарында жұмыс істеді. Осындай байырғы қазақ халқының, әсіресе, ұлт
зиялыларының саяси белсенділігі өскен жағдайда 1917 жылдың көктемінде: Торғай
(Орынбор қаласы, 2-8 сәуір, 300-ден астам делегат, төрағасы – А.Байтұрсынов), Жетісу
(Верный қаласы, 12-13 сәуір, 81 делегат, төрағасы –И.Жайнақов), Орал (Орал қаласы, 19-
22 сәуір, 800-ден астам делегат, төрағасы –Ж.Досмұхамедов), Ақмола (Омбы қаласы, 25
сәуір – 5 мамыр, 150-ге жуық делегат, төрағасы-А.Тұрлыбаев)
Достарыңызбен бөлісу: |